Туынды нормативтік құқықтық актілердіңтүрлеріне мыналар жатады:
1.
Регламент – қандайда бір мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелері
қызметінің ішкі тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық акт;
2.
Ереже – қандайда бір мемлекеттік органның немесе оның құрылымдық бөлімшесінің
мәртебесі мен өкілеттігін белгілейтін нормативтік құқықтық акт;
3.
Қағида – қандайда бір қызмет түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін
белгілейтін нормативтік құқықтық акт;
4.
Нұсқаулық – заңдардың қоғамдық қатынастардың қандайда бір саласында
қолдануын егжей-тегжейлі көрсететін нормативтік құқықтық акт.
Туынды түрлердегі нормативтік құқықтық актілер негізгі түрлердегі нормативтік
құқықтық актілер арқылы қабылданады немесе бекітіледі және олармен біртұтастық
құрайды.
Экологиялық құқық көздерін жіктеу олардың басқа да белгілері арқылы жүргізіледі.
Реттеу бағыты бойынша жалпы және арнайы болып екіге бөлінеді. Жалпы актілер
реттеу бағытының жан-жақты екендігін, экологиялық қана емес басқа да қоғамдық
қатынастарды қамтитындығымен сипатталады. Мұндай актілерге ҚР Конститутциясын
жатқызуға болады.
Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заң қашан шықты? Арнайы актілер тұтастай қоршаған ортаны және оның элементтерін қорғауға байланысты
сұрақтарға арналған.(«Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заң, ҚР Жер туралы кодексі, ҚР
Су туралы кодексі, ҚР Орман кодексі, «Жануарлар дүниесін қорғау, қалпына келтіру және
пайдалану туралы» Заң және т.б.)
Заңнаманың тармақтары бойынша жер, су, орман нормалары, жерқойнауы туралы
заңдар, азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және басқа да бағыттағы заңдар болып бөлінеді.
Құқықтық реттеу белгісі бойынша -материалдық және процессуальді. Материалдық
мінездегі нормативтік құқықтық актілер бұл – материалдық құқықтық нормалары бар
актілер. Материалдық экологиялық-құқықтық нормалар сәйкес қатынастардың
қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін, «Экологиялық экспертиза туралы»
заңдарды, «Ерекше қорғауға алынған табиғи территориялар туралы» заңды бекітеді.
Процессуальді түрдегі актілер табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау
саласын реттеуде қолданылады. Оларға мыналар жатады: ҚР Азаматтық процессуальді
кодексі, ҚР Қылмыстық-процессуальді кодексі, ҚР Үкіметінің қаулыларымен бекітілген
нормалар.