Басылым: жетінші



Pdf көрінісі
бет6/174
Дата20.12.2022
өлшемі1,98 Mb.
#58397
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   174
Негізгі түсініктер: экология құқығының көздері, нормативтік құқықтық актілер, негізгі 
және көмекші нормативтік – құқықтық актілер, регламент, ереже, қағида, нұсқаулық, 
материалдық экологиялық-құқықтық нормалар, процессуальді түрдегі актілер, 
комплекстік, табиғатты қорғау, табиғи- ресурстық, айналадағы ортаны қорғау актілері, 
кешенді, ресурстық, әлеуметтік – экологиялық. 
Жоспары:
1. Табиғат қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану туралы заңдар және 
олардың даму кезеңдері.
2. Экологиялық құқық қайнар көздерінің түсінігі. 
3. Экологиялық құқық пен табиғат қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану 
туралы заңдардың ара-қатынасы. 
Экологиялық құқықты қалай түсінесіздер? 
Қазақстанның экологиялық заңнамасы дамуының бірінші кезеңі 1922-1957 жылдарының 
аралығында (1922-1957ж.ж.) басталды. Осы кезеңде Қазақ КСР аумағында табиғат 
ресурстары қатынастарын реттейтін жекелеген нормативтік актілер қабылданды. Бұл 
актілердің күші жер құқығы шегінде жүзеге асырылды, бірақ бұл кезеңнің айрықша 
ерекшелігі жер заңнамасының жүйелігінің және оның қисындауының болмауы дер едік. 
Осы уақытта іс жүзінде тіпті қоршаған ортаны қорғау мәселелері реттелмеді, күн тәртібіне 
қойылмады. Су, орман, тау-кен заңнамалары заңның дербес салалары ретінде бөліп 
көрсетілмеді. 
Екінші кезең 1958-1981 жылдары аралығында (1958-1981) басталды. Бұл кезең 
экологиялық заңнаманың мейлінше серпінді дамуымен, заңның ресурстық салаларын 
жүйелеу және оларды қисындау процестерімен сипатталады. Қазақ КСР-да осы кезеңде: 
1971 жылы − Жер Кодексі, 1972 жылы − Су Кодексі, 1976 жылы − Жер қойнауы туралы 
Кодексі, 1978 жылы− Орман Кодексі, 1981 жылы «Жануарлар дүниесін қорғау мен 
пайдалану туралы», «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» заңдары қабылданды. 
Экология саласында заңнаманың алты дербес саласының болғаны танылды: олар – жер, 
су, тау – кен, орман, фауналық, атосфералық − ауа заң салалары. Алайда, осы қоғамдық 
қатынастарды реттейтін нормалар бір – бірінен бөлек қарастырылды, құқықтық реттеудің 
кешенді әдісі болмады.
Бұл 1962 жылы қабылданған «Табиғатты қорғау туралы» Заңнан ерекше көрінді. Ол 20 
баптан тұрды, олардың мазмұны мейлінше ресми сипатқа ие болды, мемлекеттік басқару 
тетігі, жауапкершілік тетігі, табиғи ресурстарды пайдалануға ақы төленетіндігі 
көзделмеген. Табиғат ресурстары кодекстерінің құқықтық мазмұны шаруашылық 
жүргізудің социалистік әдістеріне негізделді, мұның өзі басқарудың әкімшілік әдістерінің 
экономикалық әдістерден артықшылығын білдіретін еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет