Басылым: жетінші



Pdf көрінісі
бет4/174
Дата20.12.2022
өлшемі1,98 Mb.
#58397
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   174
Байланысты:
Басылым жетінші

Л.Н. Гумилева атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
экологиялық проблемаларды шешуде белгілі бір қызметті орындайтын ұйымдарды (БҰҰ, 
Сорос қоры және т.б.) жатқызуға болады; 
Заңды тұлғалар - бұл топта тұлғалардың кең ауқымын атауға болады. Бұл кез келген 
меншік нысанының заңды тұлғалары - мемлекеттік кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер
шетелдік кәсіпорындар және т.б. 
Жеке тұлғалар - бұл арада Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетел азаматтары, 
азаматтығы жоқ адамдарды атауға болады. Олар табиғат пайдаланушылар, экологиялық 
құқықтарға ие бола алады және экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жауапты болады. 
Экологиялық құқықтың принциптері және жүйесі.
Құқық саласының принциптерімен негізгі басшылыққа алатын ережелер танылады, оларға 
сәйкес белгілі бір қатынастар реттеледі. 
ҚР-ның Экологиялық Кодексінде былай делінген: қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты 
ұтымды пайдалану мына принциптер негізінде жүзеге асырылады: 
- Қазақстан Республикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету; 
- экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; 
- экологиялық қатынастарды реттеу кезіндегі экожүйелі көзқарас; 
- қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу және табиғи ресурстарды 
пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару; 
- қоршаған ортаны ластаудың және оған кез келген басқа түрде залал келтіруді болдырмау 
жөнінде алдын алу шараларының міндеттілігі; 
- Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылықтан 
бұлтартпау; 
- қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу міндеттілігі; 
- қоршаған ортаға әсер етудің ақылы болу және оған рұқсат алу тәртібі; 
- табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезінде неғұрлым 
экологиялық таза және ресурс үнемдеуші технологияларды қолдану; 
- қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің өзара әрекеттестігі, 
үйлесімділігі мен жариялылығы; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет