Бастауыш мектеп балаларының шығармашылық іс-әрекетін дамыту ерекшеліктері


І. Жоғары қиындықта оқыту принципі



бет16/26
Дата07.01.2022
өлшемі186,44 Kb.
#19758
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26
Байланысты:
диплом жұмысы № 4

І. Жоғары қиындықта оқыту принципі.

Бұл баланың шамасыкелетін мәселелер төңірегінде айналсоқтап түрып, қалай білім деңгейін күрделендіру, сол арқылы оны қиындықгы жеңуге үйрету, өз күшіне деген сенімін туғызуға әкелу. Баланың өзінің білетінінің төңірегінде ғана қалсақ, немесе ойлауға жетектемесек, оның дамуын тежегеніміз. [46]

Мысалы: күнделікті сабағымызда қарапайым нәрселерді сұрау, жауап алу арқылы қанша уақыт жібереміз. Суретті көрсетіп тұрып, ондағы бейнеленген түйенің неше өркеші, неше аяғы бар екенін айтқызу бала үшін ешнәрсе бермейді. Немесе алманың дөңгелек, қызыл болатындығын сұрап жату баланы дамытады деп айту қиын. Одан гөрі сол алма дөңгелек, қызыл болғанға дейін қандай кезендерден өткенін сұрап білу арқылы баланы ойландырамыз, өмірден алған білімін (көргенін) пайдалануға ықпал етеміз. Ондай қарапайымдылықган артпу жағын әрбір мұғалім іздегенде ғана жүзеге асыруға болады. Ол үшін бағдарламадан тыс сұрақтар қою, қосымша материалдар пайдалану қажеттігі туады. Әрине күрделендіреміз деп баланы шамадан тыс қиындықгарға әкелу жағынан сақтану керек. Баланың сабаққа деген ынтасы жоғалады, сенімі құриды.

Бұл принциптің мақсатына жету үшін дәстүрлі оқулықтардағы жеңіл-желпі тапсырмалар орнына, баланың тапқырлығын, зерделілігін дамытатын шығармашылық тапсырмаларды орындау үлкен нәтиже беретіңдігіне көзіміз жетті. Ағылшынның философы Б.Шоу адамды қызган сайын ширай түсетін кірпішпен салыстырған екен. Сол сияқты қиындығы бар тапсырмаларды орындау, баланың ақыл-ойын арттырып, шығармашылығын шындайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет