Бастауыш мектеп балаларының шығармашылық іс-әрекетін дамыту ерекшеліктері


Бастауыш сыныптарда дамыта оқыту технологиясын қолдану тиімділігі



бет11/26
Дата07.01.2022
өлшемі186,44 Kb.
#19758
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26
Бастауыш сыныптарда дамыта оқыту технологиясын қолдану тиімділігі.
Қазіргі кезеңде республиканың білім беру жүйесінің ең басты мәселесі қазақ мектебі түлегінің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жуықтату.

Бүгінгі бала ертеңгі жаңа әлем. Сол себепті оған жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет-қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім стандарты, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары мен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді.

Педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда мектепке дейінгі ересек жаста, бала тәжірибесі мен әлеуметтік жағдайлар негізінде сөйлеу іс-әрекетін, мемлекеттік тілді меңгеруге, сурет, иллюстрациялар бойынша, өз тәжірибесінен сұлбалар бойынша әңгімелеуді, әңгімелер мен ертегілердің мазмұнын айта білуін ұйымдастыруға, шығармашылық (ертегілер құрастыру, сөздік ойындар), танымдық, сөйлеу, іс - әрекеттерді біріктіруді, тәрбиешімен баланың өзара іс әрекетінің түрлі үлгілерін қолдануға талаптар қояды.[27]

Осы талаптарды орындау барысында Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясын өз тәжірибеме қолдандым.

Даму мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып сапалық өзгерістерге айналуы.

Дамыта оқыту оқыту мазмұны, әдістері, тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды айтады.

Сапа адамның болмысы, елесінің, таным процесінің шексіздікке дейін дамуын айтады.

Дамыта оқыту күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр бала өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады.

Дамыта оқыту барысында балалар тәрбиешінің айтқанын тыңдауымен шектеліп қалмай, тәрбиеші бос уақытында сол баламен шағын зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Дамыта оқыту баланың ойлау, сезіну қабілетін дамытады.
Профессор Д. Б. Эльконин пікірі бойынша «дамыта оқыту жүйесімен білім алған балалардың дүниеге деген көзқарастары терең және көріп білудің жаңа тәсілін игергендері көзге түседі, яғни дүние және адам тану үрдісі баланың сол үрдісінен толық шұғылдану және қызығу таныту жағдаятында пайда болады».

Дамыта оқытуда тәрбиешінің басты міндеті оқу материалын балаларға дайын күйінде емес, баламен бірлесіп, жалпы іс әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру.[28]

Оқу барысында баланың бойындағы дамытуды қалыптастыруды дағдыға айналдыру;

Сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу;

Баланың сезіміне әсер етіп, логикалық ойын дамыту.

Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті үш бөліктен тұрады.

Жоғары қиындықта оқыту принципі. Бұл қағида баланың қиындатылған тапсырмаларды орындауға мүмкіндігінің бар екендігіне көз жеткізеді. Бала ойлауын абстрактіден қарапайымға қарай жетелейді.

Мысалы: Суретті көрсетіп мынау не? Түсі, түрі т. б. сұрақтар қойғаннан гөрі «топтастыру» әдісін қолданамын.

Оқытудың, тәрбиелеудің мазмұнын қоғам дамуының қарышты қадамына сәйкестендіріп, оны шырқау биіктерге көтеруге бағытталған тың әдіс тәсілдер жасалуда. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиісді деп табылған жаңа технологиялары дүниеге келуде. Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді. Оқыту мен дамыту әдістерінің екеуі де жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен ықпал ететін маңызды айғақтар болып саналады. Дамыта оқытуда баланың ойлау, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттері артып, талдау арқылы белгілі бір шешімге келуге, оны дәлелдей білуге, баланың өз ой-пікірін айтуға мүмкіндік беріледі.

Бастауыш саты бұл бала тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сол себепті бастауыш мектеп баланы тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Президент жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын мұғалім жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз. Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог - зерттеуші, ойшыл педагог болуын қажет етеді.[29]

Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Сол себепті оқу-тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу балалардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу.

Бастауыш сынып балаларын оқытуда негізінен дамыта оқыту технологиясы басшылыққа алынады. Себебі қазіргі оқулықтар дамыта оқыту технологиясы негізінде жазылған. Сол себепті әрбір бастауыш сынып педагогі «Дамыта оқыту» технологиясындағы  сабақтың құрылымын, әдіснамалық негіздерін толық меңгеріп, өз іс-тәжірибесінде шығармашылықпен қолдана білуі тиіс.

Оқу - адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады, деп жазды Рахметова С. Өз еңбегінде. «Даму»  ұғымы сөздікте «… мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы» деп түсіндіріледі.  «Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы жаңарту үрдісі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылыми жеткілікті дәрежеде дәләлдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л.С. Выготский. Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек үрдіс  деген көзқарастарды қатты сынға алды. [30]

Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы ілім ұсынды.

1. Бала дамуының жақын аймағы баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.

2. Бала дамуының қол жеткен аймағы баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.

Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады.

Психолог  Л.С. Выгодскийдің айтуынша «Бала дамуының ең шарықтау шегі бұл тіл мен ойдың шығармашылығы». Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді. Оқыту мен дамыту әдістерінің екуіде жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін маңызды айғақтар болып саналады. Дамыта оқытуда баланың ойлау, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттері артып, талдау арқылы белгілі бір шешімге келуге, оны дәлелдей білуге, баланың өз ой-пікірін айтуға мүмкіндік беріледі. Бастауыш саты – бұл бала тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сол себепті бастауыш мектеп баланы тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.  Президент жолдауында: «Ұлттық бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен анықталады» деген байламы жеке адамның құндылықтарын арттыру, оны дайындайтын мұғалім жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз. [27] 

И.Я. Лернер «даму» деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғары орынға шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл ой қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады.

Л.В. Занков ақыл ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс әрекеттер атқара білу.   В.В. Давыдов ақыл ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді.

Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды және оның басты шарты ретінде әрекет алынады.

Мектеп балаларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының  дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл - ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу үрдісін жолға қою керектігі саналады. Баланың шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен тәжірибелік әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.[3]

Дамыта  оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, педагог мен бала арасындағы ерекше қарым - қатынас. Педагог бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың ақыл - ойының көзін ашып, шығармашылығын дамытады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет