Информатика пәнінде сабақты ұйымдастырудың басты тәсілі ойын болып табылады. «Ойын» сөзі курстың атауына кездейсоқ енгізілген жоқ. Психологтардың дәлелі бойынша, 6-10 жас шамасындағы балалардың қызметінде ойын бастапқы орында тұрады.
Оқыту – өте күрделі және жан-жақты үрдіс. Оқыту мұғалімнің де, оқушылардың да белсенді қызмет етуін талап етеді. «Ұстаздық еткен жалықпас» деген қанатты сөз бар. Бұған дейін мұғалімнің басты міндеті білім беру болса, қазіргі талап – оқушыны оқу үрдісіне тарту, өздігінен еңбек ету дағдысын қалыптастыру.
Бастауыш мектепте бірінші орында сабақ беру техникасы, оқу әрекетін ұйымдастыру үлгілерін табысты ұйымдастыру үшін:
сабақ эмоцияға толы, оқуға деген қызығушылықты оятып, білімге деген тұтынушылықты тәрбиелеу қажет;
сабақ қарқыны мен ырғағы оңтайлы, мұғалім мен оқушылардың әрекеттері аяқталған болуы қажет;
мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасында толық байланыс болып, сабақта педагогикалық ырғақ пен педагогикалық оптимизм сақталуы тиіс;
сабақта жайлы жағдай мен белсенді шығармашылық еңбек ету басымдылық етуі керек;
мүмкіндігінше оқушылардың әрекет түрлерін ауыстырып отыру керек, оқытудың алуан түрлі әдістері мен тәсілдерін оңтайлы пайдаланған жөн;
сабақ барысында шаршағандық пен қысымды басатын ойындар оқушыларға әрекет ету үлгілерін ауыстыруға мүмкіндік береді;
әр ойынның басты мақсаты – сабақта берілген мағлұматты түсінуге және оны бекітуге көмек беруі қажет.
Бастауыш мектептегі информатика сабағында қолданылатын сынып- сабақ жүйе шартында мұғалімдер оқытудың келесі әдіс және формаларын табысты қолданылады, олар оқушының өзіндік спецификалық ерекшеліктерін ескере отырып, нәтижелі оқу үрдісін құруға мүмкіндік береді:
диалог;
ойын әдістемелері;
ақпараттық минуттар;
эвристикалық әдістер.
Халықтық әлеуметтік құрамын және сәйкесінше әлеуметтік аймақтық ақпараттану деңгейін ескере отырып нәтижелі оқытудың құрылу қажеттілігі ақпараттық минутка сияқты оқыту формасын тудырады. Психикалық қаынастың даму қажеттілігі сабаққа диалог сияқты оқыту формасын енгізеді: «оқушы-оқушы», «оқушы- оқытушы».
Әр білім жемісті қалыптасу, ең біріншіден, оқушылардың бұл білімді алу ынтасына байланысты. Оқу үрдісінің қалыптасуы оқу формасымен тікелей байланысты.
Психологияда оқыту мотиві екі жолда дамитындығы дәлелденген:
оқушылардың оқудың қоғамдық мәнін меңгеру арқылы;
оқушының оқу іс-әрекеті арқылы.
Жұмыстың топтық формасын қолдану өтіліп жатқан пәнге қызығушылықты арттыратыны психологиялық әдебиеттерде көрсетілген. Бастауыш сынып оқушыларында жұмысты кіші топтарда ұйымдастыру лайықты, демек, топтың қалыптасуы дәлелдік үрдісте құрылу керек: егер пәнге бейтарап қарайтын балаларды пәнді жақсы көретін балалармен біріктірсе, біріккен жұмыс нәтижесінде біріншілер пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Бастауыш сынып оқушыларын оқытудың негізгі әдістері болып табылатын дидактикалық ойындарды қысқаша қарастырайық.
Дидактикалық ойын – бұл оқытылатын объектіні, құбылысты және үрдісті моделдеуші оқу әрекетінің түрі. Дидактикалық ойындардың мақсаты – оқушылардың танымдық қызығушылығы мен белсенділігін ынталандыру болып табылады. Әдетте ойынның объектісі адамның іс әрекеті болып табылады. Дидактикалық ойындарға деген қызығушылық 1980 жылы кезекті мектеп реформасы басталып, педагогикалық ынтымақтастық пайда болып, мектептерге дербес компьютерлер әкелінген кезде арта түсті.
К.Д. Ушинский өз кезінде атап өткендей, ойынды бала өзі құрастырып отырған шынайы өмір, болмыс ретінде қабылдайды. Сондықтан ол үшін қоршаған болмысқа қарағанда ойын анағұрлым түсінікті. Ойын оны алдағы еңбекке де, оқуға да тәрбиелейді. Ойын- шағын оқу және кішігірім еңбек. Баларды ойынның нәтижесі емес, ойынның барысы, үрдісі қызықтырады. Оларды ойында берілген тапсырма, төтеп берілуі міндетті қиындықтар, алынған нәтиже қуанышы және т.б. қызықтырады. Ойын барысында психологиялық жағынан босаңсып, шаршағандық басылады, сондай-ақ ойын балаларға адамдардың күрделі әлеміне енуіне көмек береді. Дидактикалық ойындардың осы ерекшеліктерін әсіресе төменгі сыныптарда ескерген жөн, дидактикалық ойындарды сабақ барысына енгізуді тиімді ұйымдастыра білу қажет. Маңыздысы ойынмен мұғалім де, оқушылар да қызығуы керек, ойынды шартты ойнау мүмкін емес.
Дамытушы ойындар – бұл шығармашылық ойындар. Ол үлкенге де, балаға да қуаныш әкелуі керек, ол - табыс қуанышы, таным қуанышы, компьютер мен жаңа ақпараттық технологияларды игеруде алға жылжудан туындаған қуаныш. Заманауи компьютерді табысты игерген, ақылды машинаға билік жүргізіп отырған баланың еңсесі өзінің, қоршаған адамдар мен ата-ананың алдында биіктей түседі, бұл оның оқуын қызықты, қарқынды және жеңіл ете түседі. Ұлы ұстаз В.Ф. Шаталов айтқан «Оқу жеңіспен тең!» деген сөзі компьютердің көмегімен ақиқатқа айналды.
Айтып кететін жайт, төменгі сынып оқушылары компьютермен атқарылатын жұмыстың қай-қайсысын ерекше досына айналған компьютермен ойналатын қызықты ойын ретінде қабылдайды. Бұл ерекшелікті кез келген ойынның негізін құрайтын жарысқа үйрету кезінде ескеріп пайдаланған жөн. Оқытушы және дамытушы сипаттағы алуан түрлі ойындарды да тиімді пайдалануға болады, компьютермен не компьютерсіз ойнатылатын ойындар информатика мұғалімінің қоржынында баршылық.
Бастауыш сыныптарға информатиканы оқыту кезінде екі құрамдас бөлікті атауға болады, олар: компьютерлік және компьютерсіз. Бұлай ажырату бастауыш сынып оқушыларын компьютерде жұмыс жасауға үйрету уақытының шектелуіне байланысты. Сол себепті мұғалім осы ерекшелікті ескеріп, компьютерлік және компьютерсіз бөліктері арасында тепе-теңдік орната отырып сабақты ұйымдастыруы шарт.
Информатика курсының мазмұнын информатиканың жеке сабақтарында және басқа оқу сабақтарының жеке блоктарында жүзеге асыруы.