Бастауыш мектептегі информатика



бет8/37
Дата29.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#144750
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37
Компьютерсіз нұсқадағы жеке топтарға бөлінбеген жеке сабақтарды бастауыш сынып мұғалімі де, информатика пәнінің мұғалімі де өткізе алады.
Компьютерсіз бөлігі келесі жұмыстан құралуы мүмкін:

  • дәптерлерінде;

  • сөздіктермен, энциклопедиялармен;

  • құрастырмалық материалдармен, аспаптармен;

  • компьютерге қосулы құрылғылармен.

Компьютерлік бөлігі мәтінмен, графикамен және дыбыспен, оқытушы бағдарламалармен, ойындармен және жаттықтырғыштармен атқарылатын жұмыстан тұруы мүмкін.
Әдіскерлер оқытуды дәл осылай ұйымдастыру арқылы оқушы- ларды ақпараттық технологиялар мен ресурстарды өздігінен пайдала- нуына септігін тигізіп, АКТ (ақпараттық-компьютерлік технология- лар) саласында ой өрісін кеңейтуге болады деп санайды. Практикалық тапсырмалар мен жобаларды орындау тәжірибесі басқа пәндерді оқу барысында ақпараттық технологиялар құралдарын пайдалануға дайындап, ақпараттық оқу кеңістігіне кіруге мүмкіндік береді.
1.5. Информатика пәнінде 12 жылдыққа оқыту ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі әлемде болып жатқан өзгерістермен онша үндеспей отыр. Қазіргі педагогикалық қоғамдастықтың алдында білім берудің жаңа моделін құрудың, сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр, оның жүйесінің негізгі ұстанымдары «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында» көрсетілген.


Осы тұжырымдамаға сәйкес мектепке дейінгі тәрбие жүйесін сақтап қаламыз және дамытамыз деп отырмыз. Оқытудың дамытушылық және ойын нысандары көзделген мектепалды даярлығымен бес жастағы балалар қамтылатын болады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу 12 жылдық жалпы білім беретін мектептер жағдайында мүмкін болады, ол білім туралы құжаттардың айырбасталуын, бейімдік оқытуды, көптілдікті қамтамасыз етеді.
Қазақстанда 12 жылдық білім беруге көшуді 6 жастан бастау көзделеді, бұл жас мектепте білім алуға неғұрлым қолайлы, адам дамуының физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес деп есептелінеді. Бастауыш мектепте оқу жүктемесін ұлғайтпай-ақ шетел тілі мен информатика негіздері енгізіледі. Негізгі мектепте базалық білім беру 10-сыныпта аяқталады, біріктірілген курстар, алдын ала бейімдік даярлау енгізіледі.
11-12 сыныптарда әлеуметтік –гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми және техникалық бағыттар бойынша бейімдік даярлау алдындағы жұмыстар міндетті болып есептелінеді. Кәсіптік мектептер мен лицейлерде білікті жұмысшы кадрларды даярлау жүзеге асырылады. Бұдан да жоғары біліктілік алу үшін қосымша бір жылдық оқу мерзімі көзделіп отыр.
Орта білім берудің мазмұны мектеп бітірушінің дербес және лайықты өмір сүруі, білім алуын едәуір жоғары деңгейде жалғастыруы немесе еңбек рыногында өзінің орнын табу үшін құрылады. Бұл жерде мемлекеттің 12 жылдық ақысыз білім беруге кепіл болатынын айту керек.
ЮНЕСКО-ның ұстанымдарына сәйкес орта мектепті бітіргеннен кейін университеттен тыс білім алу орта білімнен кейінгі жоғары емес білім деп есептелінеді. Осы деңгейге қызмет көрсету және басқару сипатындағы орта білікті кадрлар даярлауға арналған кәсіптік білім беру бағдарламалары да кіреді.
Тұжырымдамаға сәйкес колледждерде осы деңгейде білім алу үшін жастар 12 жылдық білім алғаннан кейін ғана қабылданатын болады. Осы деңгейдегі білім беру бағдарламалары университеттердің бакалаврлық бағдарламаларымен сәйкес келетін болады. Диплом оқу бітірушіге екі жылдан кейін беріледі, ол егер бітіруші бейім бойынша оқуға түсетін болса, жоғары оқу орнының үшінші курсынан бастап оқуын бірден жалғастыруға немесе алған мамандығы бойынша жұмысқа тұруына мүмкіндік береді.
Бүгінгі күнгі біздің ұрпақ, таңдауында шексіз мүмкіндік туған заманда өмір сүріп жатыр. Оқушыны болашағына дұрыс таңдау жасай алатын, ұтымды шешім қабылдай алатын, сондай-ақ өзінің өміріндегі өзгерістер ағымына икемделе білетін, қабілетіне байланысты өмір сүру тәртібін күтіп тұр.
Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үрдісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Жалпы орта білім берудің жалпы ұлттық деңгейдегі басты мақсаты – Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық-саяси өміріне белсене араласуға дайын, құзіретті тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету. 12 жылдық жалпы орта білім беру педагогикалық үрдістің әрбір қатысушының шығармашылық потенциалы мен психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың дамуына жағдай жасауға, сондай-ақ негізгі мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беруге, жоғары сатыдағы оқушыларды бейімдеп оқытуға бағытталған біртұтас жүйе құруды қарастырады. Осы жүйенің негізінде 2003 жылдан бастап республикамызда 12 жылдық білім беруді эксперименттен өткізу қолға алынды.
Эксперимент сыныптарында дәріс берген эксперименттатор-педагогтар 12 жылдық білім берудегі бастауыш саты жүйесін толық меңгеріп, осы жүйенің оқушыға тиімді және тиімсіз жақтарын саралай отырып, өз ұсыныстары мен пікірлерін енгізді.
12 жылдық білім берудің өзіндік бір ерекшелігі ерте жастан информатика пәнінің оқу бағдарламасына енгізілуі. Мұндай білім беру жүйесі келешек ұрпақтың білімінің толығуына, жан-жақты болуына, шынайы әлем жағдайында тәрбиеленуіне көп септігін тигізеді. Сонымен қатар осы өзгерістерді іске асыру жолында педагогтар қауымының психологиялық-педагогикалық жаңаруы көзделеді. Себебі, 12 жылдық мектеп жоғары мәдениетті, терең адамгершілікті қалыптасқан жүйедегі құндылықтармен, сенімдермен өз оқушыларының шығармашылық потенциалын дамытудағы инновациялық қызмет қабілеттілігін өздігінен жетілдіруге білікті маманды талап етеді.
12 жылдық эксперимент сыныптарының оқушылары қазіргі өмір ағымына деген көзқарастарының жан-жақты жоғары дәрежеде дамуына байланысты информатика пәнін жеңіл және тез меңгеруде.
Бастауыш сынып оқушыларына информатика пәнінің элементтерін оқыту барысында жаңа ақпараттық технологияның керемет мүмкіндіктерін кез келген пәнге қолдануға болатындығына көз жеткізу керек. Информатика пәні күнтізбелік – тақырыптық жоспар бойынша 2-5 эксперимент сыныптарында әрбір сыныпқа аптасына 1 рет, ал жыл бойынша 34 сағаттан жүргізіледі. Бұл сыныптарға арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспардың алғашқы бөлімдерінде оқушылар «Техникалық қауіпсіздік ережелерімен» танысады. Эксперимент сыныптарында жүргізілетін сабақтардың ерекшелігі: оқушылар жылдам оқи және жаза алмайтын болғандықтан, олар суреттеме бейнелер арқылы көрсетіліп, түсіндіріледі. Сабақты қызықты жүргізуге және оларды сабақтан жалықтырып алмауға көп көңіл бөлінеді. Осы мақсатта сабақ ортасында сергіту сабақтарын қоса оқыту әдістері қарастырылады.
Бастауыш сыныптарға арналған бұл бағдарламада оқушылар компьютермен танысып, олар өзара қарым-қатынаста болады, компьютер көмегімен әріп, буын, сөздерді, шағын әңгімелерді баспалап, қарапайым арифметикалық есептерді шығарады, сурет сала біледі. Сонымен қатар оқушылар өз бетімен өлең, әңгіме, ертегі құрастырады және де осы өздерінің шығармашылық жұмыстарын компьютерде орындап, медиасауаттылық портфолиосында сақтайды.
12 жылдық эксперимент сынып оқушыларына информатика пәнін оқытудың әдістемелік құралында қамтылған материалдар – математика, қазақ тілі, сурет, ана тілі пәндерінің элементтерін қамтиды. Демек информатика пәнінің басқа пәндермен пәнаралық байланысы жақсы сақталған.
12 жылдық мектепте информатика және ақпараттық коммуникациялық технологияларды оқытудың маңызды мақсаттары:

  • ғылыми дүние таным негіздерін, ақпаратпен жұмыс істеудің жалпы оқу және жалпы мәдениеттілік негіздерін қалыптастыру;

  • ақпараттық және коммуникациялық технологияларды меңгерту;

  • оқушыларды болашақ кәсіптік қызметке дайындау болып табылады.

Мақсатқа жету төмендегідей міндеттерді шешуді талап етеді:

  • ақпарат, ақпараттық үрдістер, жүйелер, технологиялар және модельдер жайлы түсініктердің ғылыми негізін құрайтын базалық білім жүйесін қалыптастыру;

  • күнделікті өмірде оқуда және болашақтағы кәсіптік қызметте ақпарат пен АКТ құралдарын саналы және тиімді түрде қолдану біліктері мен дағдыларын қалыптастыру;

  • танымдық қызығушылығын, АКТ құралымен шығармашылық және интелектуалдық қабілеттерін дамыту;

  • құқықтық және этикалық аспектілерге сәйкес алынатын және таратылатын ақпараттарға деген танымдық көзқарасты тәрбиелеу.

12 жылдық мектептегі информатика және АКТ курсының мазмұны оның іргелілігі негізінде іс-әрекет логикасы бойынша ақпараттық өнім, яғни ақпарат, ақпараттық үрдістер, ақпараттық үрдістерді тиімді ұйымдастыруға және оларды автоматты түрде орындауға мүмкіндік беретін әдістер, құралдармен технологиялар жасалатын ақпараттық-коммуникациялық технологияға жетелейтін баспалдақтар бойынша дамиды.
Информатика мектептік курсының мақсаттарына, міндеттеріне, мазмұнына, сондай-ақ оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес информатика және ақпараттық коммуникациялық технологиялырды оқып үйрену мынадай кезеңдерді бөліп көрсету қажет:

  • пропедевтикалық (бастауыш сыныптар);

  • базалық (5-10 сыныптар);

  • бейімдік (11-12 сыныптар).

Бірінші кезеңнің негізгі міндеті – ақпаратпен сауатты жұмыс атқарудың практикалық негізін салу.
Екінші кезеңді оқыту маналарға бағытталған:

  • бастауыш мектепте жалпы білімді жүйелеу және оқу курсының сабақтастығын қамтамасыз ету;

  • информатика және АКТ-нің жалпы ғылыми және мәдени аспектілері туралы көзқарасты қалыптастыру;

  • оқу және практикалық аспектілерді шешуге құрылған ақпараттық коммуникациялық технология құралын жүйелі қолдану дағдыларын меңгеру;

  • өздерінің ақпараттық өнімдерін құру үшін телекоммуникация көмегімен алынған ақпараттарды қолдану біліктіліктерін қалыптастыру.

Үшінші кезеңнің мақсаты – болашақтағы кәсіптік іс-әрекетке дайындау, білімді жалғастыру болып табылады.
Қазіргі заман талабына сай компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта отырып, педагогикалық-психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты қалыптастырмайынша, балалар өз білім деңгейін көтере алмайды. Сол себепті информатика пәні бастауыш сыныптан бастап енгізу қажеттілігі туындайды. Жоғарыдағы көзделген мақсатқа қол жеткізу үшін, бастауыш сынып оқушыларына информатика мен жаңа ақпараттық технология элементтерін енгізудің қажет екендігін зерттеу жұмысы толық жүргізіліп, оқыту әдістемелері жан-жақты қарастырылды.
Информатика пәнінің пропедевтикалық курсын бастауыш сыныптан бастап оқытуға болатындығы және оның тиімділігі дүниежүзілік тәжірибе негізінде дәлелденіп отыр. Ғалымдардың, әдіскер мұғалімдердің пікірінше, бұл курсты бастауыш сыныптарда оқытуға негіз болатын факторлар мыналар:

  • бастауыш мектеп оқушысын ақпараттық қоғамға бейімдеу;

  • ерте жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту;

  • бастауыш мектеп оқушыларының ақпараттық мәдениетін қалыптастыра отырып, әлемдік ақпараттық білім кеңістігіне даярлау.

Ғалымдардың соңғы зерттеулеріне сүйенсек, бастауыш сыныптағы информатика курсының негізгі бағыттары төмендегідей.
1. Қолданушылық. Мұнда оқушылар компьютермен алғаш танысып, оқу, ойындық және бастауыштағы пәндер мазмұнына құралған жаттықтырушы бағдарламалар негізінде компьютерлік сауаттылықтарын қалыптастырады. Бұл бағыттағы қолданушылардың пікірінше, баланың компьютерлік сауаттылықты меңгеруі - бұл сабақта және сабақтан тыс кезде компьютерді өз қажетіне қарай еркін пайдалана білуі, сондай-ақ техникаға сауатты, ұқыпты қарауы. Қолданушылық бағыттағы информатиканы меңгеру нәтижесінде оқушыларды төмендегідей білім мен іскерліктер қалыптасуы тиіс:

  • оқу, ойын бағдарламаларымен жұмыс істей білу;

  • бағдарламалармен жұмыс істеу кезінде бағдарламалық құжаттарды пайдалану;

  • бағдарламалармен жұмыс істеу кезіңде бағдарламалық құжаттарды пайдалану;

  • бағдарламамен жұмыс істеуге машықтану: бағдарламаны енгізу, керектісін табу, өз бетімен жұмыс істеу;

  • компьютерді нұсқаусыз жұмыс істейтіндігін түсіну.

2. Ақпаратты-логикалық. Бұл бағыт бойынша оқыту біріншіден, оқушылардың қоршаған ортаның элементтерін танып, оларды ажырата білу қабілеттерін дамытса, екіншіден, ойлау, есте сақтау қабілеттерімен қатар байқағыштығын, зейінін, берілген тапсырманы орындаудың оңтайлы, тиімді жолын таба білу қабілетінің дамуына әсері мол. Психологтардың зерттеуінше, ойлаудың логикалық құрылымының негіздері 5-11 жас аралығында қалыптасады. Сондықтан да алгоритмдік ойлау қабілеттерін барынша ерте жастан қалыптастыру қажеттігі өзінен-өзі туындайды.
3. Шығармашылық. Бұл бағыт бойынша оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарасының қалыптасуына жол ашу, үздіксіз білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын іздестіру. Басты мақсаты - оқушы зерттеуші есебінде ұжымдық жобаны жасақтауға және оны іске асыруға қатысады.
4. Дәстүрлі курсқа информатика элементтерін қосу. Ғалымдардың зерттеулері бойынша, оқу үрдісінің тиімділігін арттыруда ақпараттық технологиялардың рөлі зор. Бүгінгі күні психологтар мен педагогтар оқу үрдісінің тиімділігін арттырудың негізгі тәсілі ретінде төмендегі шарттарды ұсынады:

  1. проблемалық оқытуды қолдану;

  2. алгоритмдік оқыту;

  3. оқытуды ақпараттандыру;

  4. пәнаралық кіріктіру;

Бастауыш сыныптарда информатика курсының мақсатын төмендегідей сипаттауға болады:

  • Компьютерлік сауат ашудың бастау негізі.

  • Ойды логикалық түрде дамыту.

  • Алгоритмдік білімді жетілдіру мен мақсатты шешудегі жүйелілік.

  • Компьютерді үйренудің оңай жолдарын іздеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет