Пропедевтикалық курста жоғарыда аталған мақсаттар мен міндеттерді бүтіндей іске асырылса, онда осы курсты меңгерген төменгі сынып оқушылары келесі дағдылар мен ептіліктерге ие болады: салыстыра білу, сараптау, жалпылау, абстракциялау, құрылымдық, иерархиялық және себеп-салдарлық байланыстарды көру. Басқа тұрғыдан қарағанда, бұл ептіліктер «логикалық ойлау» тобына жатады. Психологтар логикалық ойлау қабілетінің дамуында белгілі бір жас ерекшелік шегі бар екендігін айтады, олар бастауыш мектептегі оқу мерзімімен шамалас. Логикалық ойлаудың дамуы кешіксе, ол өмір бойына созылуы мүмкін.
Білім берудің жалпы мақсаты мемлекетпен алдын ала беріліп тұрады, ол үкім шығарушы база негізінде өзінің жалпы педагогикалық принциптерін қалыптастырады. Бірінші орында тұрған принцип: білім берудің ізгіліктілігі, жалпы адами құндылықтардың маңыздысы, адамның өмірі мен денсаулығы, тұлғаның дамуы, азаматтылық пен Отанға деген махаббатын тәрбиелеу.
Қазақстан Республикасындағы білім беру салалары мынадай: мәдениетті, жеке дами алатын, қоғам алдындағы міндетін білетін, құқығын, өзге адамдардың бостандығын қадірлейтін тұлғаны қалыптастыру мақсатын қояды. Осы қағидалар аясында жалпы білім беру мектебінің басты міндеттері туындайды:
қоғамдық және өндірістік қажеттілік пен анықталатын оқушылардың білім жүйесін меңгеруді қамтамасыз ету;
политикалық және құқықтық мәдениеттің, адамгершілік құндылықты және мақсатты, шығармашылық ойлауды, білімді өздігінен толықтыруды қалыптастыру;
халықты ұлттық-мәдени қажеттілікпен қанағаттандыру, физикалық және өнегелі ұрпақты тәрбиелеу;
жастарда азаматтық ұстамды, азаматтық абыройды, демократиялық басқаруға қатысуға талаптануды, өз қылықтарына жауапты болуды тәрбиелеу.
Жоғарыда аталған информатиканы оқытудың негізгі мақсаттары бір-бірінен бөлек бір нәтижеге жете алмайды. Информатика аймағында оқушылардың жалпы білім беру негіздерін меңгермей, тәжрибелік нәтижені алуға мүмкін емес және керісінше, тәжірибелік нәтижені меңгергенде міндетті түрде білім беру негіздерін білу керек. Осылайша информатиканы оқытудың әрбір мақсаты берік байланыста болып келеді.
Жалпы орта білім беру мектебінде информатиканы оқыту курсының негізгі мақсаттарын ескере отырып, бастауыш сыныпта информатика пәні бойынша мақсат пен міндеттерін нақтылайық. Информатиканы бастауыш сыныпта оқыту курсының негізгі мақсаттарын мына түрде тұжырымдауға болады:
оқушының санасында әлемнің бірыңғай ақпараттық сипатын қалыптастыру;
компьютерлік сезгіштікті қалыптастыру: іс-әрекет үшін арналған ЭЕТ құрал ретінде қолданудың мүмкіндігін және шектеуліктерін білу;
оның ішінде операциялық өрнегін қалыптастыру: тапсырманы қалыптастыра білу;
оның ішінде логикалық бөліктерді айра білу; осы бөліктердің байланысын анықтау; нәтижені жобалау;
компьютер қамтамасыз ететін жаңа технологияларды қолданып, белсенді шығармашылықтың зерттеу дағдыларын қалыптастыру;
логикалық ойлауды дамыту; тіпті шешу кезінде алгоритмдік дағдыларды және жүйелік әдістемені дамыту;
қарапайым компьютерлік дағдыларды (компьютермен, ақпараттық технология аймағындағы қарапайым ұғымдармен танысу) қалыптастыру.
Информатиканы бастауыш сыныпта оқыту курсының міндеттерін келесі түрде тұжырымдауға болады: оқушыларды ақпараттың негізгі қасиеттерімен таныстыру, қойылған есепті шығару кезінде ақпаратты ұйымдастыруды және іс-әрекетті жобалауды үйрету, компьютер туралы, қазіргі ақпараттық қоғам туралы алғашқы түсінік беру.