Бастауыш мектептегі информатика


-сыныпта “Ақпараттық мәдениет негiздерi” пәнiн оқытуға арналған



бет6/37
Дата29.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#144750
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
Khasanova-S-B-Bastauysh-mekteptegi-informatika-kursy

1-сыныпта “Ақпараттық мәдениет негiздерi” пәнiн оқытуға арналған

күнтiзбелiк-тақырыптық жоспарлау


Сабақтар нөмiрi

Мазмұны

Сағаттар саны

1

«Ақпараттық мәдениет негiздерi» пәнімен танысу

1

2-3

Қоршаған әлемдегi және табиғаттағы ақпарат. Дыбыстық және көру ақпарат түрлерi.

2

4-5

Қоршаған әлемдегi және табиғаттағы ақпарат. Дәмдiк, иiс сезу және сипап сезу ақпарат түрлерi

2

6-7

Нысан және оның қасиеттерi (атауы, түсi).

2

8

Қайталау

1

9

Компьютермен танысу. Техника қауiпсiздiгi және компьютерлiк сыныпта тәртiптi сақтау ережелерi.

1

10

Пернетақтамен танысу.

1

11

Қарапайым жаттығу.

1

12-13

Нысан және оның қасиеттерi (көлемi, пiшіні).

2

14-15

Нысан және олардың қасиеттерi (құрамы).

2

16

Қайталау

1

17

Қайталау

1

18

Нысан және оның қасиеттерi (ортақ және қарама-қарсы белгiлерi).

1

19

Ұқсас және әр түрлi нысандар. Нысанмен жұмыс жасау.

1

20

Нысандардың жұмыс жасау әрекеттерi.

1

21

Берiлген қасиеттерi бойынша нысан құрастыру.

1

22

Тiзбектер

1

23

Тiзбектегi әрекеттер реттiлігі.

1

24

Қайталау

1

25

Жиын

1

26

Жиындарды салыстыру

1

27-28

Жиын және оларды топтау

2

29

Iшкi жиындар

1

30

Қайталау

1

31

Қайталау

1

Барлығы

34

2 сыныпта “Ақпараттық мәдениет негiздерi” пәнiн оқытуға арналған

күнтiзбелiк-тақырыптық жоспарлау


Сабақтар нөмiрi

Мазмұны

Сағаттар саны

1

Компьютер сыныпта тәртiп сақтау ережелерi. Қайталау

1

2

Көз жаттығулары. Қайталау.

1

3

«Терiстеу» ұғымы

1

4

Ақиқат және жалған.

1

5-6

Тұжырымдар

2

7

1 бақылау жұмысы

1

8

Қайталау

1

9

Компьютер құрамы. Енгiзу және шығару құрылғылары.

1

10

Компьютердегі ақпараттар ағыны

1

11-12

Графикалық редактормен танысу. «Бүрiккiш» құралы

2

13-14

«Қарындаш», «Қылқалам», «Өшiргiш» құралдары.

2

15-16

«Сызық», «Доға» құралдары.

2

17

2 бақылау жұмысы

1

18-19

«Эллипс» және «Тiктөртбұрыш» құралдары.

2

20

«Шашыратқыш» құралы.

1

21-22

Нысандар симметриясы

2

23

Ақпарат

1

24-25

Ақпараттарды кодтау

2

26

3 бақылау жұмысы

1

27

Ақпаратты бейнелеу

1

28

Ақпарат көзі мен оны қабылдаушы.

1

29-30

Ақпарат алмасу

2

31

Ақпараттарды алу арналары.

1

32

Ақпараттармен жұмыс жасау әрекеттерi

1

33

4 бақылау жұмысы

1

34

Қайталау

1

Барлығы

34

3 сыныпта “Ақпараттық мәдениет негiздерi” пәнiн оқытуға арналған

күнтiзбелiк-тақырыптық жоспарлау


Сабақтар нөмiрi

Мазмұны

Сағаттар саны

1

Компьютер сыныбындағы тәртiп сақтау ережелерi. Қайталау

1

2

Нысан ұғымын қайталау

1

3

Нысандар жиыны

1

4

Нысандар жиыны

1

5

Бұтақтар

1

6-7

Графтар

2

8

1 бақылау жұмысы

1

9

Комбинаторика

1

10

Координаттық жазықтық

1

11

Координаттық жазықтық

1

12-13

Ақпаратты кодтау

2

14

Ақпаратты кодтау

1

15

Ақпаратты сақтау

1

16

Компьютердiң жады

1

17

2 бақылау жұмысы

1

18

Paint графикалық редакторы. Суреттердi сақтау

1

19

Paint графикалық редакторы. Суреттердi ашу

1

20

Paint графикалық редакторы. “Жазу” құралы

1

21

Paint графикалық редакторы. Жазуды қою

1

22

Paint графикалық редакторы. Нысанды көшiру және қою

1

23

Paint графикалық редакторы. Нысанды бұру

1

24

Paint графикалық редакторы. Нысанды қиып алу және қою

1

25

Paint графикалық редакторы. Симметрия.

1

26

3 бақылау жұмысы

1

27

Ақпарат қасиеттерi

1

28

Екiлiк код

1

29

Хабарламаның ақпараттық көлемi

1

30

Модельдер

1

31

Графикалық модельдер

1

32

Ақпараттық модельдер

1

33

4 бақылау жұмысы

1

34

Қайталау

1

Барлығы

34

4 сыныпта “Ақпараттық мәдениет негiздерi” пәнiн оқытуға арналған

күнтiзбелiк-тақырыптық жоспарлау


Сабақтар нөмiрi

Мазмұны

Сағаттар саны

1

Компьютер сыныбындағы тәртiп сақтау ережелерi. Қайталау

1

2

Жиындар

1

3

Жиындар

1

4

Ақпараттық модельдер

1

5

Түрлi әрекеттер

1

6

Керi әрекеттер

1

7

Тiзбектер

1

8

1 бақылау жұмысы

1

9-10

Алгоритмдер

2

11-12

Сызықтық алгоритмдер

2

13

Тармақталу алгоритмi

1

14

Тармақталу алгоритмi

1

15

Тармақталу алгоритмi

1

16

2 бақылау жұмысы

1

17

Циклдiк алгоритм

1

18-19

Циклдiк алгоритм

2

20-21

Циклдiк алгоритм

2

22

Алгоритм атқарушы – “Қара жәшiк”

1

23

Алгоритм атқарушы – “Робот”

1

24

Алгоритм атқарушылар. Қайық. Құйғыш.

1

25

3 бақылау жұмысы

1

26-27

Алгоритм атқарушы – “Суқұйғыш”

2

28

Алгоритм атқарушы - “Шегiртке”

1

29

Ертегiлер әлемiнде. Алгоритм атқарушы – “Тотан”

1

30

Алгоритм атқарушылар - “Өткел”және “Робот”

1

31

Ақпараттық қауiпсiздiк

1

32

Компьютерлiк желiлер

1

33

4 бақылау жұмысы

1

34

Қайталау

1

Барлығы

34




1.4. Бастауыш мектеп оқушыларына информатиканы оқытуды ұйымдастыру әдістері


Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетінің ерекшеліктері. Бастауыш сынып оқушыларын оқыту әдістемесін қарау үшін алдымен олардың ойлау қабілеті ерекшеліктерімен танысқан абзал.
Мектепке алғаш келген оқушылардың ойы әлі өресіз болады. Олардың ой-санасында қоршаған орта туралы әртүрлі ақылға сыймайтын түсініктер байланысып жатады. Мектептегі оқудың ең маңызды міндеті баланың ойлау қабілетін дамыту болып табылады.
Л.В. Выготский айтқандай, бала мектеп жасына түйсігі мен жадысы неғұрлым жақсы дамып, бірақ интеллект қызметі әлдеқайда нашар дамыған күйінде келеді. Бірінші сынып оқушылары ашық түсті, көңіл-күйді көтеретін материалды жеңіл әрі жылдам қабылдайды.
Дегенмен, олар материалды сол қалпында есте сақтауға бейім. Біртіндеп олардың еркін әрі саналы еске сақтау қабылдағыштары қалыптаса бастайды. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеті бейнелі-эмоциялы. Олар формамен, дыбыспен, түйсікпен ойлайды. Мұндай ойлау қабілетінің ерекшілігін информатика бойынша оқу жұмысының мазмұнында ескерген жөн.
Аталған ерекшеліктерге сәйкес бастауыш мектептегі оқытудың негізгі міндеті орташа сыныпта жалғасып, жоғарғы сыныпта аяқталатын абстрактілі-логикалық ойлауға бағытталған бейнелі- эмоциялы ойлауды біртіндеп дамыту болып табылады. Алғашқы кезеңде баланың ойлау қызметін жаңа сапалы сатыға, демек ойлау қабілетін себеп-салдар байланысын түсіну деңгейіне дейін жеткізу қажет. Бастауыш мектепте интеллект қарқынды түрде дамиды, сондықтан мұғалім оқуды ұйымдастыру кезінде баланың ойлау қабілетін дамытуға неғұрлым септігін тигізетін бағдарламаларды қамтуы тиіс.
Ойлау қабілетіндегі мұндай өзгеріс түйсік, жады сияқты басқа да психикалық үрдістердің өзгеруіне әкеледі. Ойлау үрдістерінің жаңа сапалы сатыға ауысуы бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеті бойынша мұғалімдердің негізгі жұмыс мазмұнын құрау керек. Бұл мәселені математика, физика және классикалық тілдермен қатар, баланың ойлау қабілетін қалыптастыруға әсер ететін информатика сабақтарында шешу керек.
Бастауыш сынып оқушыларының көз қарашығының көлемі кішкентай, сондықтан олар бір қарағанда компьютер экранындағы ақпаратты бірден көре алмайды, әсіресе ондаған командалар мен бірнеше ондық түймелерден тұратын мәтіндік редактор бағдарламасының ашық терезесімен жұмыс жасаған кезде аса қиын. Бұл түйсік ерекшелігін қолданбалы бағдарламаларды оқыту кезінде ескеріп, оқу материалын балалар компьютер экранындағы суреттердің маңызды элементтерін қажетті көлемде көретіндей етіп үлестірген жөн.
Бастауыш сыныптарда бала үшін оқудың негізгі саласы ойын болып табылады. Ойын және ойын жағдайлары баланың жан-жақты ой-өрісінің дамуына да, тәрбиесіне де әсер етеді. Сонымен бірге әр түрлі педагогикалык мәселелерді шешуге көмектеседі. Информатиканы ойын әдістемелері негізінде өткізу өте пайдалы. Себебі бұл өзіне барлық жұмыс түрлерін қосып баланың шығармашылықпен жұмыс істей білуіне, ой-өрісінің дамуына кең мүмкіндік береді.
Адамның тұлғалық қалыптасуы – үздіксіз және күрделі процесс. Ол білім алудың белгілі бірі сатысымен шектелмейді. Бүгінгі таңда, демек болашақта да білім қажеттілігі адамның белсенді өмірін қамтиды. Сондықтан жастардың бүгінгі білімі - болашақта өз білімін жетілдірудің және өз бетімен білім алуларының тек қана негізі. Мұнан шығатын қорытынды – оқушыларды үздіксіз білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын іздестіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет