«Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» Педагогика пәнінің мақсаты мен міндеттері


Төмендегі үлгілерден мақал мен мәтелді ажыратып талда



бет37/42
Дата24.05.2023
өлшемі0,79 Mb.
#96328
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Байланысты:
ГОС 1 жауаптарымен (копия)

8.Төмендегі үлгілерден мақал мен мәтелді ажыратып талда
« Жасыдан үйрен, Жаманнан жирен»
«Саяз суы сарқырап ағады»
«Тәуекел кемесі суға батпайды»
«Қайтып кірер есікті қатты жаппа»
Мақал – мәтелдер талай замандар бойы қалыптасқан, ұрпақтан - ұрпаққа ауысып келген халықтық мұра, асқан шеберлікпен жасалған сөз өнері. Мақал - мәтелдерден халықтың ақыл - ойы, даналығы мен тапқырлығын көреміз. Олар – келелі ой, кең мазмұнды бір - ақ ауыз сөзбен айтып, қорытынды жасаудың тамаша үлгісі, халық тапқырлығымен айтқанда «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні». Мақалдарда ой тұжырымдалып, даналық қорытынды, түйінді пікір түрінде айтылады. Мысалы: Кең болсаң, кем болмайсың. Әзіл айтсаң да, әділ айт. Бидайдың кеудесін көтергені – дақылы жоқтығы, жігіттің кеудесін көтергені – ақылы жоқтығы. Тұз астың дәмін келтірсе, мақал сөздің мәнін келтірер. Мақал - мәтелдердің басты тақырыптары отан, мұғалім:
Мәтелдерде ой - пікір мақалдардағыдай тікелей кесіп айту түрінде емес, жанамалап нұсқай салу /ишара/ түрінде айтылады. Мысалы: «Айдағаның бес ешкі, ысқырғың жер жарады». Фольклорист М.Әуезов қазақ мақалдары мен мәтелдерінің көпшілігі өлең түрінде келетіндігін, ондағы ассонанс, аллитерациялардың мол болатындығын атап көрсеткен
« Жасыдан үйрен, Жаманнан жирен»-мақал
«Саяз суы сарқырап ағады»-мәтел
«Тәуекел кемесі суға батпайды»-мәтел
«Қайтып кірер есікті қатты жаппа»-мәтел

9.Мәтін түрлерінің жасалу жолдары
Мәтін – бірнеше сөйлемдерден құрылған белгілі бір ойды, оқиғаны білдіреді. Мәтінде оқиға – хабарланады, баяндалады, әңгімеленеді, ал құбылыс – сипатталады, суреттеледі. Ол – өзара байланысқан сөйлемдерден,абзацтардан тұрады. Оған ат қоюға, жоспар құруға болады. Оның басталуы, негізі, соңы болады. Тақырып – мәтінде баяндалатын оқиға мен ойдың түйіні.
Мәтінге әңгіме, өлең, жыр, ертегі сияқты жанрлар жатады. Мәтіннің мынадай түрлері бар: әңгімелесу, пайымдау, сипаттау.
Әңгімелесу мәтіні – тек мұғалімнің өзі ғана емес, түгел сынып оқушылары қатысып, топта талқыланады. Қандай да бір оқиғаны баяндап, не істеді? Сұрағына жауап береді.
Сипаттау мәтіні – бір нәрсенің бейнесін (затты) немесе табиғат көріністері сипаттау. Қандай? Қалай?сұрақтарына жауап береді. Мысалы: Күзде жапырақтар сарғайып, айнала сары алтынға малынады.Пайымдау мәтіні – белгілі бір пікірді түсіндіреді, дәлелдейді және Не үшін? сұрағына жауап береді.
Мәтін түрлерін сұрақ қою арқылы ажыратуға болады.
Мәтіннің біріншісінде, сөйлеудің ауызша жөне жазбаша екендігі қарастырылады. Ауызша мәтін уақытпен байланысты болса, жазбаша мәтін кеңістікпен байланысты. Ауызша мәтіндер синтаксистік құрылымы жағынан жазбашаға қарағанда, анағұрлым қарапайымдау, эллипсистігі мол, мағыналық құрылымы бір-біріне ұқсастығыэкспрессивтік элементтері мол болып келетін мәтіндер.
Екіншісінде, қарым-қатынас жасау формасына сәйкес, мәтіндермонологтік, диалогтік (кей ретте полилогтік те) болып бөлінеді. Бұл жердесөйлеудің түрі мен формалары бірігіп келіп, жазбаша мәтінде де, ауызшамәтінде де монолог пен диалог болатыны анықталады. Бастауышта мәтінмен жұмыстың маңызы – оқушылардың ойлау қабілетін арттыруға,сөйлеу шеберлігін қалыптастыруға,адами ізгі,эстетикалық тәрбие беруге,әдеби және тарихи деректерді түсіну болып табылады.Бастауыш сыныптарда «Әдебиеттік оқу»оқулығында мәтін бес түрлі қызмет атқарады.
1.Мәтін оқушыға білім береді.
2.Мәтін – оқуға үйрету құралы.
3.Мәтін оқушының ойын дамытады.
4.Мәтін тәрбиелік міндеттерді шешеді.
5.Мәтін арқылы оқушылардың тіл байлықтары дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет