«Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» Педагогика пәнінің мақсаты мен міндеттері


Мына мысалдан логикалық екпін түсіріліп, логикалық кідіріс қойылатын тұстарын анықтап талдаңыз



бет39/42
Дата24.05.2023
өлшемі0,79 Mb.
#96328
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
12. Мына мысалдан логикалық екпін түсіріліп, логикалық кідіріс қойылатын тұстарын анықтап талдаңыз
Сүлеймен деген патша кірпі мен қарғаға былай деп бүйрың береді:
-Сен, қарға, бір күнде жер дүниені аралап, жақсы сайрайтын құс тап. /Қазақтың халық ертегісінен/.
Бұл – табиғи кідіріс. Мұнда шығарманың мән-мағынасына орай, сол шығарманың идеясын ашатын жекелеген создерге салмақ түсіріледі. Бұл кезде тыныс белгілеріне онша назар аударылмайды. Әрбір сөйлемде айтылатын ойға негіз болатын жеке сөз, не сөз тіркестері болады. Бұл сөздер сөйлемдегі басқа сөздер мен сөз тіркестерінен көтеріңкі оқылып, тыңдаушының назарын өзіне аударады. Мұндай сөйлем ішіндегі мағына жағынан мәні басым сөздерге логикалық екпін түсіріліп, логикалық кідіріс жасалып, мәнерлі оқылуы керек. Мысалы, Сүлеймен деген патша кірпі мен қарғаға былай деп бұйрық береді:
- Сен, қарға, бір күнде жер дүниені аралап, жақсы сайрайтын құс тап. /Қазақтың халық ертегісінен/.
Бұл сөйлемде логикалық кідіріс «Сүлеймен деген патша», «сен, қарға», «бір күнде» деген сөз тіркестерінен соң жасалады. Өйткені, ой екпіні осы тіркестерге түсіп тұр. Логикалық кідіріс жасап, ой екпінін дұрыс білу үшін сөйлем мағынасын, сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен грамматикалық байланысын таба білу керек. Пауза сақталмай оқылса, онда мәтін мазмұны түсініксіз болады. Мысалы, «ол үй емес» деген сөйлем паузасыз айтылса, онда айтып тұрғаным «басқа» деген ұғымды білдіреді. Яғни «ол» сөзі сөйлемде «үй» сөзіне анықтауыш ретінде қолданылады. Ал «ол» сөзінен кейін пауза жасасақ, онда айтып тұрғаным «үй емес, қора немесе басқа бірдеме» дегенді білдіреді. Мұнда «ол» бастауыш қызметін атқарып тұр.
13. Жазылым дағдыларын қалыптастыруда сауаттылыққа байланысты жүргізілетін жұмыстар

Сауаттылыққа қатысты дағдылар:


1. орфограяфиялыҕ ҕатесіз жазу;
2. әріптерді дұрыс және ҕосып жаза білу;
3. пунктуацияны дұрыс ҕолдану;
4. ҕағаз бетіне дұрыс орналастыра білу;
5. сӛздерді дұрыс таңдай білу;
6. грамматиканы дұрыс ҕолдану;
7. сӛйлемдерді дұрыс байланыстыра білу;
8. абзацты (жаңа азат жолдан басталған, бір идеяға ғана негізделген кӛлемділеу жазылым бӛлігі) дұрыс ұйымдастыра білу.

Сыныпта белгілі бір жазылым тапсырмасын толық орындау үшін бірнеше қадамдар жасалады: 1. Әуелі жазғың келетін нәрсенің мақсатын анықтап алу (тақырып, идея, оқырман, стиль, жанр). 2. Ойыңды дұрыс жеткізуді жоспарлау. 3. Шимай нұсқасын (өзгертілуі мүмкін жазылым түрі) жазып көру. 4. Түзету ( қателерді түзету және мазмұнын толықтыру). 5. Тексеріп шығу (сауаттылыққа тексеру және түзеу). 6. Дұрыс нұсқаны (екінші немес соңғы нұсқаны жазып шығу) жазу. Жазылымды үйретудің бірнеше жолдары бар. Солардың ең бастылары продуктивті жазылым және процесті жазылым. Егер үлгі беру арқылы жазылымды үйретсек, мұны продуктивті жазылым деп атаймыз. Яғни оқушыларды жазылым түрлерінің үлгісімен таныстырып, мәтінмен жұмыс жасатуы керек. Белгілі бір жазылым мәтіні, оның мазмұны, лексикасы, стилі және құрлымымен таныстырып, талдау жасату керек. Сонымен қатар үлгілер оқушыға қалай жазуы керек туралы идеяны да береді. Ал егер де мұғалім оқушыларға жазылымның барлық қадамдарымен жұмыс жасауды қамтамасыз етсе, бұл процесті жазылым деп аталады. Толығырақ айтқанда, оқушыларға тақырыпты талқылаудан бастап, жазылымды жоспарлау, алғашқы нұсқасын 10 жаздырту, түзету, тексеруге, соңғы нұсқасына дейін орындата отырып, белгілі бір мәтінді құрастырту. Бұл оқушыларға жазылымның әртүрлі аспектілерін кез келген уақытта жаза білуге дағдыландырады. Мысалы, жоспарлау кезеңінде идеяларды ойлап табады және ұйымдастырады, алғашқы нұсқасын жазу кезеңінде өз ойларын жеткізу үшін қажетті сөздерді, сөйлем құрылымдарын іздейді, түзету және тексеру кезеңінде жазылымның ұйымдастырылуы, сауаттылығы, ондағы идеяларды бағалайды, яғни өз жұмысының артықшылығы мен осал тұстары туралы ойлануға мүмкіндік береді.үргізілетін жұмыстар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет