Зерттеу әдістері: философиялық, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді зерттеу мәселесі тұрғысынан талдау, жинақтау, қорыту, педагогикалық басылымдар мен нормативтік құжаттарды, озық педагогикалық тәжірибелерді зерделеу, жинақтау, салыстырмалы талдау.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: философ, психолог, педагог ғалымдардың теория мен тәжірибенің бірлігі туралы ұстанымдары, таным теориясы, құзыреттілік теориясы, білім беру жүйесін ақпараттандыру тұжырымдамасы, тұлғаның іс-әрекетте қалыптасуы туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық тұжырымдамалар, ақыл-ой іс-әрекетін сатылап қалыптастыру теориясы; ғалымдардың ақпараттық коммуникациялық мәдениетті дамыту, өзін-өзі дамыту туралы тұжырымдамалары;
Достарыңызбен бөлісу: |