«Бастауыш сынып информатика сабақтарында ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдану»


Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың маңызы



бет7/31
Дата09.04.2022
өлшемі8,44 Mb.
#30425
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31
1.1 Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың маңызы

Жаңа мыңжылдық – бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес. Ол- өткенді таразылап, өмірдің мәнін жаңаша түсінуге, болашақты барынша жете дұрыс анықтайтын уақыт. Осыған орай қоғамның барлық салаларындағы дамытушылық үрдістер жарқын болашақтың әрі қарай нұрлануына бағытталуда. Қоғамның қарқынды дамуы, көбіне оның білімімен және мәдениетімен анықталады. Сондықтан, біздің ойымызша, білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамып отырған әлемге дайындау – бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті мәселесі. Ақпараттық қоғам – бұл саяси, әлеуметтік-экономикалық, қоғамның әрбір мүшесінің кез келген ақпарат көзіне еркін ену қабілетін қамтамасыз ететін ғылыми факторлардың өзара байланысқан жиынтығы. 



Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар әлемдік экономиканы дамытудың қозғаушы күші болып табылады. Ақпарат дәуірінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық инфрақұрылым жаңа бизнес-үлгілерді, тауарлар мен қызметтерді, жаңа ашылулар мен өнертабыстарды дайындауға ықпал жасайды, жалпы экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыра отыра мемлекеттің дамуын қайта құрудың ғылыми-технологиялық кілті болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен қолдану, ең алдымен, жыл санап артып келе жатқан аталған саладағы инновацияларды дамытудың өсіңкілік трендімен байланысты. Бүгінде Интернет, бұлыңғыр есептеулер, мобильді және мультимедиалық технологиялар, RFID, NFC, роботтар, виртуалды шындық және басқалары «ақылды» экономикасы бар елдердің міндетті атрибутына айналып отыр.

Қазақстан Республикасындағы ақпараттық технологиялар секторы – ұлттық-экономиканың барынша серпінді дамып келе жатқан сегменттерінің бірі. Қалыптасқан макроэкономикалық жағдайға, сонымен қатар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың заманауи қоғамға әсер етуі экономикалық шеңберде ғана емес, көптеген дамыған және дамушы елдер мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық қоғам институттарының жұмысын ғана емес, әлеуметтік саладағы ғылым мен білім беруде, мәдениетте және адамдардың өмір салтындағы қатынастарды өзгертетін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытуды және таратуды өзімен ілестіретін зор артықшылықтарды толық көлемде ұғынды. Бұл мағынада, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар еліміздің дағдарыстан кейінгі әлемдегі тұрақты бәсекеге қабілеттілігін құру құралдарының бірінің қызметін атқарады.
Соңғы жылдары ақпараттық-коммуникациялық технологиялар секторында Қазақстанның маңызды жетістіктері байқалады. Атап айтсақ, 2012 жылғы наурыз айының басында жарияланған БҰҰ Е-Government Survey-2012 «Электрондық үкімет адамдар үшін» рейтингінде, Қазақстан 2010 жылмен салыстырғанда 8 позицияға көтеріліп, 38-орынды иеленді. Е-қатысу  индексі бойынша  Қазақстан  2-орынды Сингапурмен бөлісті.

Дүниежүзілік экономикалық форумның 2012-2013 жылдарға арналған  ғаламдық бәсекелестік қабілеті бойынша есебінде Қазақстанның бәсекелестікке қабілеттік рейтінгі 21 позицияға көтеріліп, 51-орынға жетті.
Халықаралық электробайланыс одағының рейтингінде Қазақстан соңғы жылы АКТ-ны дамыту индексі бойынша 72-орыннан 68-орынға көтерілді.
Пошта байланысы саласында ұлттық оператор болып табылатын «Қазпошта» акционерлік қоғамы қызметтер нарығының негізгі жеткізушісі болып қалады. Қызмет көрсету еліміздің барлық аумағын қамтып, 3000-нан астам өндірістік нысандармен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, пошталық, курьерлік қызметтерді «DHL International Kazakhstan» ЖШС, «ЯНЦЕН-ЭКСПРЕСС» ЖШС және т.б. көрсетеді.

Қазақстан Республикасының ірі бәсекеге қабілетті мемлекеттердің қатарына кіруге қатысты мақсаттары елде білімге негізделген жаңа экономиканы қалыптастыру бойынша үлкен күш жұмсауды талап етеді. Осындай талаптың жүзеге асуы тек ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту және енгізу арқылы мүмкін болатындығы сөзсіз.

Осыған байланысты еліміздің алдында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тұтынудың және қолданудың өсу қарқынын елеулі арттыру және елдің бәсекеге қабілеттілігін ұзақ мерзімді қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың білім беру жүйесіне енгізуді жеделдету міндеті тұр. Қазіргі таңда аралас, яғни дәстүрлі және электрондық оқыту тәжірибеден өткізілуде. Халықаралық зерттеулерге сәйкес (Watson, John, 2008) болашақта аралас оқу түрі орта білім беру саласында басымдыққа ие болады деп күтілуде.

Жалпы «Ақпараттық технология» термині ғылымда ХХ ғ.-дың 40-50 жылдары пайда болып, Америкада ХХ ғ.-дың басында дидактиктер «оқуға арналған медиа» (instructional media), «оқыту машиналары» (teaching machines), «оқытуды автоматты түрде басқару» (programmed instruction) сияқты ұғымдармен байланыстырылған. 

Ақпараттық технологиялар – ақпаратты пайдалану үрдісін жеңілдетуге арналған әдістер мен бағдарламалық-техникалық құралдар жиынтығы, ақпаратты алу, түрлендіру, жіберу, сақтау және пайдалану әдістері мен құралдары. Сондай-ақ, ақпараттық технологиялар деп микропроцессорлық және есептеуіш техниканың, сондай-ақ, ақпаратты жинау, жасау, қорға жинақтау, сақтау, талдау және жіберу жұмыстарын қамтамасыз ететін ақпарат алмасудың заманауи құралдары мен жүйелері негізінде қызмет ететін бағдарламалық-құрылғылық құралдар мен қондырғыларды айтамыз. 

Ақпараттық құрылғылардың түрлері даму сатысына қарай 1-суретте келтірілген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет