5-сыныптағы бейімделу жұмыстары І тоқсан 1. 5- сыныпқа қабылдау. 5- сынып оқушыларының төлқұжатын тексеріп, жеке бас қағаздарын реттеп алу.
2. Оқушыға диагностикалық-психологиялық қызмет көрсету.
3. Ата-аналармен жұмыс жүйесін құру ( алдын ала балаларының
мінездеріне осы кезеңде болып жатқан өзгерістеру туралы сауалнама
алу)
4. «Балалардың бейімделуі. Орта буын талаптары мен тілектері
тақырыбында ата-аналарға жиналыс өткізу.
5. Апта қорытындысын өткізіп отыруды әдетке айналдыру.
ІІ тоқсан Қамқорлыққа алу мақсатында 5- сынып оқушыларына жоғарғы сынып оқушыларынан тәлімгерлер тағайындау.
5- сынып оқушыларын қосымша білімге тарту ( таңдау, арнайы курстарына, үйірмелерге қатыстыру)
Оқушылармен бірлескен ата-аналар жиналысы «Біздің жетістігіміз»
сыныпты таныстыру;
дәптер, қолөнер, шығармашылық көрмесін қою.
Жоғарғы сыныптың тәлімгер оқушыларымен бірігіп ұйымдастырған іс-шара көрсету.
4- сынып оқушыларының сабақтастық мәселесіне байланысты көзқарасын, оқушының орта буын пән мұғалімдері туралы ой-пікірлерін анықтауға арналған
С А У А Л Н А М А 1. Басқа пән мұғалімдері келгенде өзіңді қалай сезіндің?
2. Әр пәннен әр түрлі мұғалімнің бергені ұнай ма?
3. Өзге мұғалім алдында сабаққа деген белсенділігің қалай болады?
4. Сабақтар қызық өтті ме?
5. Өз мұғаліміңнен басқа мұғалімнің ерекшелігін байқадың ба?
6. Сабақты бірыңғай өз мұғаліміңнің бергенін қалайсың ба?
7. Өзіңе қай пәндер қатты ұнайды?
8. Тәртібі нашар оқушылар өзге мұғалім алдында өзін қалай ұстайды?
9. Өзге мұғалісмдер сабақ бергенде сыныптан қандай өзгерістер байқадың?
10. Сабақтастық мәселесіне өз пікіріңді жаз.