Бастауыш сыныптарда ойын технологиясын пайдалану


Математикалық жұмбақтар: «Кім жүйрік?»



бет10/51
Дата12.06.2022
өлшемі2,98 Mb.
#36743
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   51
Байланысты:
Документ Microsoft Office Word

Математикалық жұмбақтар: «Кім жүйрік?»

  1. Бес алманың үшеуін

Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады? (2)

  1. Дүкеннен мен сабын алдым,

Оның қабын және алдым.
2 дәптер, 1 қарындаш,
Тіс ысқышты тағы алдым.
Есептеші сонда бәрі,
Қанша болды қолда бары? (6)

  1. Алмаға кеп күнара,

Қонушы еді бір ара.
Бүгін 9 туысын
Ертіп келді бұл ара
Сонда бүгін алмаға
Келіп қонды қанша ара? (10)

  1. Табақта 5 өрік

Қолында 4 өрік
Қосқанда барлығын
Болады неше өрік? (9)

  1. 2 адам тоғызқұмалақты 2 сағат ойнады.

Әрқайсысы неше сағат ойнады? (2 сағат)

  1. 4 жұмыртқа 4 минутта піседі,

1 жұмыртқа неше минутта піседі? (4 минут)
Рефлексия: Ой қосылып ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа.
Аман-есен болайық,
Ата-анамыз жанында!- демекші сабағымызды аяқтаймыз. «Өрмекші торы» арқылы сынып сағатымызды қортындылаймыз.



Бақытты балалық шақ.

Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Бақытты балалық шақ
Мақсаты: 1. Ата-аналарға оқушылардың 1-ші сыныпта игерген білімдерін көрсету, білім дәрежесін анықтау. Оқу білігі, сурет, ағылшын тілі, математика пәндерінен игерген білімінің нәтижесін, сонымен қатар өнерлерін тамашалау.
2. Оқушыларды жан-жақтылыққа, көптілділікке тәрбиелеу. Өзін-өзі тануға, бағалай білуге, басқара білуге тәрбиелей отырып, эстетикалық, ақыл-ой, адамгершілік тәрбиелерін беру.
3. Оқушылардың логикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін кең көлемде дамыту.
Технологиясы: дамыта оқыту технологиясы, сын тұрғысынан ойлау, өзін-өзі дамыту
стратегиялары.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, диалог, ойын, сурет салу, жарыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет