Бастауыш сыныптарда ойын технологиясын пайдалану


Формасы: Ұжымдық, жеке. Көрнекіліктері



бет11/51
Дата12.06.2022
өлшемі2,98 Mb.
#36743
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   51
Байланысты:
Документ Microsoft Office Word

Формасы: Ұжымдық, жеке.
Көрнекіліктері: «Бақытты балалық шақ», «Атадан - өсиет, анадан - қасиет», «Балаң
жаман болса, көрінгеннің мазағы», «Білімдінің алды жарық, білімсіздің күні ғаріп», «Ақыл - дария, ой - теңіз» нақыл сөздер жазылған плакаттар, шарлар, минусовкалар, кітаптар, балалардың шығармашылық көрмесі, оқушылардың жұмыс папкалары, ата-аналар үшін сұрақтар жазылған қалташалар.
Өтілу барысы:

  1. Кіріспе бөлім

1-жүргізуші Армысыздар! Құрметті қонақтар!
Армысыздар! Ұстаздар, ата-аналар!
Міне, бүгін өнер-білім көрсетіп, оқушылар сіздерді тамсандырар.
2-жүргізуші Мектепке былтыр күз келген
Оқушымыз құлықты.
Аяқтадық біздер де,
Бірінші міне, сыныпты.
1-жүргізуші «Ән – көңілдің ажары» демекші «Бақытты балалық шақ» тақырыбындағы тәрбие сағатымызды әсем әнмен ашайық.
Ән. «Бала тілегі»

  1. Негізгі бөлім

Думанды дүбір, ән жырлы,
Жайқалған өмір, жас бағы.
Мінеки, тағы бір жылды,
Сырғытып кейін тастады.
Ұстаздардың жаны нұр,
Шаттық күйін бөліскен.
Аяқталды тағы бір
Оқу жылы жеміспен.
Жаза аламыз хат танып,
Оқуға да машықпыз.
Тақпақ та талай жаттадық,
Көп білуге асықпыз.
Өсіп ой мен санамыз,
Өмірге жол саламыз.
Білім қуған баламыз,
Біз оқушы баламыз.
1-жүргізуші Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Бүгін 1 «в» сыныбының оқушылары өз білімдерін, өнерлерін көрсетпек.
Үздік оқып сабағын
Бәрімізге жағатын
Суретті де салатын
Бағжан менен Дуланды
Шақырайық ортаға
2-жүргізуші Бағжан мен Дулан «Отан» және «Ана» тақырыптарында сурет салады, олар жұмыстарын аяқтаймын дегенше ағылшын әнін тыңдайық.
Ән: Are you sleeping
Би Ча-ча-ча
Оқушылар өздерінің салған суреттерін түсіндіреді.
1-жүргізуші «Мақал-мәтел сөз мәйегі» демекші кезекті мақал – мәтелге берейік. Біздің оқушылар мақал – мәтел біле ме екен?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет