(Мақал – мәтел сайысы жүргізіліп, жеңімпазы анықталады.) 2-жүргізуші Жаңылтпаштар сайысына кім қатысып, белсенділік көрсете алар екен? Жаңылтпашты жаңылмай айта алар ма екен, балалар?
Балалар:Айтамыз
(Жаңылтпаштар сайысы жүргізіліп, жеңімпазы анықталады.) 1-жүргізуші - Оймен, кәне, өсейік,
Жұмбақ шешіп көрейік.
Оқушылар қорапшадан жұмбақтарды алып, шешуін табады.
2-жүргізуші Айтқанда әнді әуелі
Ерекше шығар әуені
Биязы қыз Гүлжанат
Өзі де ұяң әдемі
«Қуыршағым» әні Қойылымдар, балалардың орындауында. Компот
Оспан, 2 алмаға 3 өрікті қоссаң неше болады?
Компот болады.
Не жедің?
Диас, сен бетіңді неге жумайсың? Бүгін таңертең не жеп келгенің көрініп тұр.
Иә, не жеппін?
Жұмыртқа.
Жоқ, жұмыртқаны мен кеше жегенмін.
1-жүргізушіҚазір, балалар «Әріп, буын, сөз, сөйлем» ойынын ойнаймыз. Мен әріп айтамын, сендер әріптен буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрайсыңдар.
Әріптер; А, Е, О. 2-жүргізуші Енді «Жылдам ойлан» ойынын ойнаймыз
Шарты: Жүргізуші сөз айтады. Оқушылар сол сөздің қай сөз табына жататынын сұрақ қоя отырып айтады.
Мысалы: Айна – не? Заттың атын білдіреді
Әдемі – қандай? – Заттың сынын білдіреді
Бірнеше – қанша? – Заттың санын білдіреді
Жүгіреді -не істейді? – Заттың қимылын білдіреді
1-жүргізуші Қазір ата-аналармен ойын жүргізіледі.
Шарты: столдағы сұрақтарды қалаған ата-ана алып, жауап береді.
Төрт түлік малдың аталуы: