Бастауыш сыныптарда ойын технологиясын пайдалану


Жоба жұмысын дайындау кезеңдері



бет6/51
Дата12.06.2022
өлшемі2,98 Mb.
#36743
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
Документ Microsoft Office Word

Жоба жұмысын дайындау кезеңдері:
Бастапқы: негізгі тақырыпты анықтау;
Ізденіс: жоба жұмыстарын, ақпарат, әдебиет көздерін айқындау, жоба бойынша жеке жұмыстарды топ ішінде ұйымдастыру;
Нәтижені өңдеу: зерттеу тақырыптары бойынша презентациялар дайындау
Тұсау кесу: жұмыстарын қорғау;
Зерттеу жұмысының негізгі сатылары: 

  1. Ақпараттық — «не істеу керек?»

  2. Жоспарлық — «бұған қалайша жетуге болады?»

  3. Шешім қабылдау — «іске асырудың жолдары мен құралдарын анықтау»

  4. Орындау — «жүзеге асыру»

  5. Бақылау – «тапсырма дұрыс орындалды ма?»

  6. Бағалау — «келесі жолы нені дәлірек істеген жөн?»

Қорытындылай келе, бастауыш мектептегі жобалау әдісін қолдану негізгі мектептегі жобалау жұмыстарының даму негіздерін қалайды. Оқушылар жобалау жұмысының негізін ойы мен іске асыру, шешім қабылдау, нәтиже шығару деп таниды. Бастауыш мектеп оқушыларының өзінділігі, тыңғылықтылығы мен ойлау вариативтілігі олардың «Интеллектуалдық жетілуін» көрсетеді . Оқушылармен жұмыс жасау барысында жобалау әдісін қолдану өзін-өзі таныту деңгейін арттырады, балалар ата-аналары мен мұғалімдердің көмегіне сирек жүгінеді. Оқу орындарының гуманитарлық бөлімдерінде жобалап оқыту технологиясы негізінде меңгерту, біріншіден, білім сапасының көтерілуіне жол ашса, екіншіден, оқушының жеке тұлғалық қабілеттерін заманауи талаптарға сай дамытуға кепілдік береді; үшіншіден, оқу үдерісінің оқушы үшін мәнін танытып, олардың оқу мотивацияларын дамытады; төртіншіден, оқыту үдерісінің үш мақсатын – білімдік, тәрбиелік, дамытушылық – қатар орындаудың шарты болып саналады; бесіншіден, қоғам талабы мен оқушы мүддесінің толық үйлесімде дамуына тірек болады . Жобалау әдісі арқылы ұсынылытын тапсырмаларды орындау барысында оқушылар шығармашылықпен ойлауға, өз әрекетін өз бетінше жоспарлауға, жоба бойынша алдына қойған міндеттерді шешуге алдын ала болжам жасай білуге, басқаша айтқанда, жұмыс істеу мәдениетіне үйренеді. Өз ойын ашық айту жоба құрушы логикалық, тілдік, грамматикалық жағынан дұрыс құруға ұмтылады.

Құрметті Ұстаздар,ата аналар және мектеп бітіруші жас түлектер!


Бүгінгі мереке құтты болсын!
11 жыл бұрын...
Бәрі есте,
Едіңдер бәрің бөлекше.
Бір үйдің бір-бір еркесі,
Ойнаған шығып терекке.
Бала боп келіп мектепке,
Өстіңдер жайнап ерекше.
Балапан едің бәрің де,
Қыран болдыңдар тең өскен.
Балалық шақтың барлығы,
Айналады енді елеске.
Алдыда даңғыл жол жатыр,
Бұралаң, жазық, дөңес те.
Біріңе бірің дем беріп,
Келіңдер ылғи көмекке.
Бақтарың жанса әрдайым,
Осыдан артық керек пе?!
Ата-ана, ұстаз үшін де,
Бұл да бір бақыт емес пе!
Арманға жетіп аңсаған,
Шығыңдар биік белеске!

Сіздерді соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Осыдан 11 жыл бұрын тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған балалар бүгін таудай болып үлкен өмірге қадам басып отыр.
Әр мектепте соңғы қоңырау мерекесі – бұл мектеп тарихына енетін көңілді әрі қуанышты оқиға.
Түлектер өздерінің он бір жыл білім алған алтын ұяларымен қоштасса, ұстаздар өздерінің сүйікті шәкірттерін өмірге қанаттандырады.
Барша жас түлектерді алда үлкен сын күтіп тұр. Барлықтарыңа Ұлттық Бірыңғай тестілеуден абыроймен өтіп, Қазақстанымыздың білікті маманы атануларыңа тілектеспін. Ал мектептегі алғашқы жылдарын сәтті аяқтап, бірінші сыныптан екіншіге аяқ басқан жас бүлдіршіндер мен барлық мектеп оқушыларына жазғы демалыстарын жақсы өткізіп, күш жинап, жайдары көңіл күймен жаңа оқу жылына оралуларыңызға тілектеспін.


Кұрметті мектеп бітіруші түлек! Сендер үшін осынау күн айшықты да, айдынды, мерекелі де мерейлі, табысты да толғамды күнге айналып отыр. Өйткені Сендер дәл осынау күні өздеріңнің қимас бір мекеніңе айналған, балдәурен шақтың балауса қызығын өткізген, сөйтіп бойыңа білікті білім мен тәлімді тәрбие жинаған мектеп анадан түлеп ұшқалы тұрсыңдар. Осыдан санаулы ғана жылдар бұрын сен осы мектептің қастерлі табалдырығын жасқана да жүрексіне аттап, өздеріңе тәлім берер алғашқы ұстазыңмен жүздесіп, білім нәріне бас қойған едіңдер. Содан бері ағын судай жылжыған жылдар легі сендердің өрістеріңді кеңейтті, бойларыңды қатайтты, топшыларыңды бекітті.. Сендер мектеп партасында отырып, ұстаз аузынан естілген әрбір білім жаңалығының қабылдаушысы болып қана қойғаныңыз жоқ, сіз осынау сәттерде өзіңіз де мектебімізде өткізілген қаншама игілікті шаралардың белортасында жүрдіңіз, жарқын да мағыналы істердің жанашыр куәгері атандыңыз. Сіздің бойыңызға білікті білім мен тәлімді тәрбие егуді өзімнің жауапкершілік міндетім деп қана ұғатын барлық ұстаздарыңыз енді Сіздің дәл осындай биіктен көріне білгеніңізге қуанады. Сіз алдағы өміріңізде Абай атамыз айтқандай: "бес нәрсеге асық, бес нәрседен қашық" бола білсеңіз ғана өзіңіздің ұстаздарыңыз төгілген тер өтелді деп біледі. Сіз үшін бүгінгі қағылар соңғы қоңырау үні балдәурен балалығыңыздың артта қалып, жауапкершілігі мол азаматтық биікке көтерілгендігіңіздің ескертпесі сияқты. Сізге ендігі сәтте өз өмір айдыныңызды қалап алуға тура келеді. Осынау кезеңдерде өмір кемеңіздің желкенін еш уақытта түсірмеу үшін, сіздің бойыңыздан білім мен білік, батылдық табылатынына сенгіміз келеді. Сіз Елбасы армандаған мәңгілік болашақтың бүгінгі жас құрылысшысы екендігіңізді еш уақытта естен шығармаңыз.
Мектеп бітіруші түлектің құттықтау сөзі Қымбатты ұстаздар! Құрметті мектеп түлектері! Қадірлі ата - аналар және кеш қонақтары! Әр кезде де мектеп өмірінде ұстаз үшін де, шәкірт үшін де аса қадірлі көрінер, соның ішінде ұстаздың да, шәкірттің де көңілін босатып, жан - жүйесін иер, сөйтіп бір беймаза толқынысқа түсіріп, көңіл құсын аспанға шарықтатар соңғы қоңырау салтанатының орны бөлек екендігі даусыз. Соңғы қоңырау. Қарапайым ғана естiлер осы бір сөзде, шындығына келгенде, қаншама тылсым да мағыналы құдірет жатқандығын аңдаған жан ғана түсінер. Өйткені бұл бала шәкірттің дана ұясынан жез қоңырау үнін соңғы рет есту сәті ғой. Солай десек, соңғы қоңырау балаң түлектің қимас көз жасы, солай десек, соңғы қоңырау талапты шәкірттің болашаққа деген іңкәр арманы, не дегенмен де ол шәкірттік өмірмен "қош - қош" айтқызып, азамат деп аталатын айбынды арғымақты ерттеп мінгізу. Қымбатты менің мектеп бітіруші құрбы - құрдастарым! Мінеки, біз үшін қоңыраудың сиқырлы да сазды әуені соңғы рет ән салмақ. Және ол ән барлығымызды сонымен бірге өмір деп аталатын алып күре жолдың төскейіне шығарып салар. Бізді қаншама жыл оқытып, білім берген, тәрбие берген аяулы ана мектебіміз бен құрметті ұстаздарымыз іштей тілектестік білдіріп, сәт - сапар тілеп қалар. Бәлкім, ұстаз көңiл толқыр және сол толқынысты сәтте де біздің барлығымыздың алдағы өмiр жолымызға жақсылық, тек қана жақсылықтар тілер. Құрметті менің құрбыларым, достарым, мінеки, сіздерге деген осынша құрметтің жанында жауапкершілік деп аталатын жүгі қомақты нәрсе де қатар жүргенін байқап отырған шығарсыздар. Қымбатты достар! Мен сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, өмір деп аталатын алып күре жолда сүрінбеулеріңізге, тек қана сүрінбеулеріңізге тілектеспін. Тағдырларыңыз жұлдызды болып, арман деген асқар таудың биігінен көрініңіздер! Қадірлі ұстаздарымыз! Ал біз сіздер берген тәрбие мен тәлімді әр уақытта ұмытпаймыз. Сіздерден бөлініп ыстық ұядан ұшқан сәтте де, аяулы мектебіміздің атына кір келтіріп, дақ түсірмеуге, әр кезде де ақылшы серігіміз Ар деп аталатын айбынды қасиет боларына сіздерді сендіргіміз келеді. Біз сіздерге әрдайым да мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңізге жеміс тілейміз. Барлық уақытта да шәкірттеріңіздің ыстық ықыласына бөленіп жүре беріңіздер! Мереке мерекеге ұлассын! Құрметті жас түлек! Сіздің бүгінгі өмір айдынына аттанғалы тұрған мерекелі күніңіз құтты болсын! Сізге тек қана мықты денсаулық, сәтті сапар, мерейлі мақсат тілейміз. Аспаныңыз ашық болсын! Мектеп әкімшілігі және мектеп ұжымы

Құрметті Ұстаздар,ата аналар және мектеп бітіруші жас түлектер!


Бүгінгі мереке құтты болсын!
Күні кеше мектеп табалдырығын имене басып кірген балапан бала бүгін ересек азамат болды .




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет