Бастауыш сыныптарда ойын технологиясын пайдалану



бет3/51
Дата12.06.2022
өлшемі2,98 Mb.
#36743
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
Документ Microsoft Office Word

Дидиктикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді.Ойын сабақтың басында - өткен сабақты еске түсіреді.Сабақтың ортасында – көңіл күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады.Сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.Оқушының бәрі жақсы оқығысы келеді. Бірақ олардың ақыл-ой қабілеті бағдарламадағы берілген материалды ұғуда бірдей емес. Оқушылардың кейбіреулері мұғалімнің түсіндірген сабағын тез ұғады, кейбіреулері керісінше. Сондықтан барлық оқушыны білімге бірдей жетелеу үшін өз мүмкіндігіне сәйкес сабақты меңгерту, тілін, ой ұшқырлығын дамыту, өзіндік пікір айтуға жағдай жасау еркін шығармашылыққа жетелейтін, пәнге қызығушылығын арттыратын әдістің бірі – грамматикалық ойынның түрлері.Грамматикалық ойындар арқылы сабақтарда оқушылар әртүрлі жағдайды түсінеді, оны шешу жолдарын қарастырады. Жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп, оны білуге, меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды.Әр сабақта ойын түрлерін орынды қолданып, оны қызықты етіп өткізу арқылы бүлдіршіндердің оқуға деген ынта-ықыласын, пәнге қызығушылығын арттыруға болады. Ойын баласы сабақта зерігіп, шаршаған кезде қолданылатын ойынның бір түрі – сергіту сәті. Сабақта сергіту сәтін оқушының шаршағанын басу үшін ғана емес, оның тәрбиелік мәніне де назар аудару қажет. Мысалы: «Ұзын құлақ сұр қоян», «Тербеледі ағаштар», «Сырғанақ тебу», «Алып атам күрегін» т.б. сергіту ойындары. Мұндай сергіту сәттері баланың мейірімділікке, достыққа, сыйластыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелейді.Қазіргі оқу үрдісінде әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, түрлендіріп өткізу оқушыларымыздың білімге, оқып-үйренуге құштарлығын арттыратыны анық. Ұстаз қандай әдіс-тәсіл қолданса да, мақсаты біреу – ол оқушыларға тиянақты да сапалы білім беру. «Алдыңа ұлы мақсат қойсаң, ұлылыққа жетесің» деп данышпан ақындарымыз айтпақшы, кез келген ойын түрлерін сабақта ойнатқанда әрекет пайда болады, дүниетанымы кеңейеді, ойнай отырып білім көрсеткішіне өз үлесін қосады.
Қорыта келсек, ойын арқылы оқыту балалардың жүйкесіне салмақ салмай, қызықтыра, ұғындыра оқыта үйретуді ұйымдастыруға тиімді. Оқу үдерісінің жаңаруына қажетті шарт кез келген педагогикалық жүйенің басты тұлғасы болып табылатын мектеп мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігін арттыру арқылы үлкен нәтижелерге қол жеткізуге болады. Бұл әр ұстаздық шеберлігіне, шығармашылығына байланысты. Ұстаз бен шәкірттің бірлесе жасаған еңбегінің нәтижесі – сапалы білім болып табылады. Белгілі педагог В.А. Сухомлинский айтқандай: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, фонтазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды!». Ендеше, баланы ойынға қатыстырып үйрету арқылы ойыны қайсы, үйретуі қайсы екенін балалар айырмастай, сезбестей етіп сабақ өткізген ұтымды.
Қолданылған әдебиеттер:

  • Тілдерді оқыту үрдісінде инновациялық технологияларды қолдану. Алматы 2010ж

  • Бастауыш мектеп, №3, 2003, А.Әбішева «Ойын элементтерін пайдаланудың педагогикалық ерекшеліктері»,

  • Қазақ тілі (дидактикалық материалдар) Алматы кітап 2010ж.

  • Бастауыш сыныпта оқыту. Алматы,2010ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет