Бастауыш сыныптарда ойын технологиясын пайдалану



бет4/51
Дата12.06.2022
өлшемі2,98 Mb.
#36743
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
Документ Microsoft Office Word





































БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ЖОБАЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


АВТОР: · 22 ОКТЯБРЯ, 2021

uchat.kz
Реклама
"Қазақстанның заманауи мұғалімі" Республикалық олимпиада
Қазақстан мұғалімдерінің портфолиосы үшін диплом берілетін олимпиада.



БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ЖОБАЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ШҚО, Семей қаласы, №38 ЖОББМЛ
Бастауыш сынып мұғалімі:Есенбердина Г.С.
 
«Естігенімді — ұмытамын, көргенімді — есте сақтаймын,
өз істегенімді — меңгеремін» Конфуций
Бүгінгі таңда тәуелсіз мемлекет алдында тұрған негізгі мақсаттардың бірі – дүниежүзілік білім әлеміне ену. Бұл салада білім беру ісінің мазмұнын жаңа бағытқа бұрып, құрылымдық жүйесін жаңарту, өзгерістер енгізу — білім реформасын жүзеге асыру алғышартта тұрғаны баршамызға аян. Демек, Егеменді Қазақстанның болашақ потенциалын оқытып – тәрбиелейтін мұғалім – шығармашыл, жан-жақты білімді, парасатты, мейірімді, сезімтал, интеллектуалды, мәдениетті, кәсіби шебер, ізденімпаз, ғылыми зерттеуші болса, онда жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға шығады: креативтілік, белсенділік, жауапкершілік, ой-өрісінің кеңдігі, сауаттылық, танымдық әрекетке қызығушылығының басымдығы.
Қазіргі жаңа формация мектебінде жұмыс істеп жүрген педагогтардың алдында тұрған негізгі проблемалары:

  1. Баланы оқи білуге үйрету;

  2. Баланы ойлауға үйрету;

  3. Баланың өзін-өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау;

Осыған орай мектеп білімі түбегейлі жаңартылып, мұғалімнің қызметінің мақсаттары кеңейіп, үлкен өзгерістер енуде. Әр педагогтың міндеті – оқушының шығармашылық ойына бағыт беру, шығармашылық ізденісті қолдау, жағдаяттар туғызып, оның шешімін табуға бағыттау, жаңаны іздеуге, жүйелі зерттеулерге талдау жасауға талпыныс беру. Осы қажеттіліктерді оқушыларға меңгерту барысында жобалап оқыту әдісі тәжірибеге енгізілді.
Жұмыс мақсаты: бастауыш сынып оқушыларына жобалап оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін үйрету, сабақтары барысында және сабақтан тыс уақытта оқушылардың жоба жұмыстарын ұйымдастыру тәжірибесін талдау, оның тиімділігін анықтау. Оқушының өзіндік іс- әрекетін қалыптастыратын өмірлік жағдаяттардың шешімдерін таба алатындай білім беру әдіс- тәсілдер жиынтығы болып келетін оқыту технологиясын зерттеу, өзіндік тәжірибеде қолдану, көздеген нәтижелерге жету.
Міндеттері:
— оқушының ғылыми — зерттеушілік іс- әрекеттерін қалыптастыру;
— жобаның кезеңдерінің технологиясын меңгеру және оқу- тәрбие
үрдісінде қолдану;
— оқушы тұлғасының өзіндік дамуын жүзеге асыру;
— оқушының ерекше (жобалық) ойлау қабілетін және өмірге деген ғылыми
көзқарасын қалыптастыру;
— оқушыларға болашақ мамандықтарды жобалауға , оған дайындалуға
жәрдемдесу;
— оқушының шығармашылығын дамыту;
— оқушы дамуына мониторинг жүргізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет