Түр түзілу типтері Нәтижелері:
тіршілік формаларының саналуандығы
жаңа түрлер мен түршелердің пайда болуы
Географиялық Экологиялық 3. тірі ағзалардың салыстырмалы
бейімделушілігі
Бекіту сҧрақтары:
Түр түзілу типтерінің бір-бірінен айырмашылығы қандай?
Микроэволюция дегеніміз не?
Материалдар жинақтау
Тақырыбы: Популяция-эволюцияның элементарлық ӛлшем бірлігі Мақсаты: Популяция ұғымы оның критерийлары және популяцияның генофонд ұғымы туралы мәлімет беру.
Популяцияның генофонды жайлы ұғымы. Популяциялар генофондтарының интеграциялығы.
Жаңа биологияның жауапты міндеттерінің бірі- популяциялар мен түрлердің эволюциясын саналы түрде басқарып қажетке қарай бағыттау болып табылады.Түрлер мен популяциялардың эволюциясы табиғаттың заңдылығына байланысты, ол жануарлар,ӛсімдіктер,микроорганизмдер мен вирустарда адам сана – сезімімен басқарылып бағытталуы тиіс. Эволюция мен селекция ӛте күрделі факторлардың жиынтығынан негізделген, олардың ішінде ең бастылары: табиғи және қолдан сұрыптау, ортаның әсеріне немесе адамның мақсатына сәйкес, топтардың генетикалық жүйелігі ӛзгереді.
Бүгінгі күнге дейін анықталып суреттелген жарты миллионға таяу жануарлар түрі бар, ал әлі ашылып суреттелмеген түрлердің саны кем дегенде 1 – 2 миллионнан асады. Ғалымдардың есебі бойынша, бір кезде жер бетінде ӛмір сүріп кеткен, қазір жоқ ӛсімдіктер мен жануарлардың түрлері қазіргіден 5-9 есе кӛп. Түрлер эволюциялық жолмен табиғи сурыпталу арқылы соңғы 3млрд. жыл бойы пайда болды деген 100жыл
бұрын айтылған пікір биологиядағы ашылған елеулі жаңалықтардың бірі болып табылады. Мал тұқымын асылдандыру, одан алынған ӛнімді арттыру үшін тек жеке ӛкілдердің ғана емес топтық бүкіл тұқымның генотипінің жүйесін білу керек. Тұқым қуалау, ӛзгергіштіктің заңдылығын, оларды туғызатын, анықтайтын факторларды білудің табиғи жағдайлардағы жануарлардың ӛсіп ӛнуін, ондағы генетикалық процестердің зерттеудің эволюцияны толық біліп оны басқаруда маңызы ӛте зор.
Популяция дегеніміз Н.В Тимофеев-Ресовскийдің анықтауы бойынша ӛмір сүретін ортақ мекені бар, сол жердің беімделген, туыстас жиынтықтардан оқшауланған (аралық кеңістікте, мезгілдік, физиологиялық генетикалық) және ӛзара шағылыса алатын бір түрге енетін организмдердің жиынтығын айтады. Мысалы, Колгуев аралындағы бұғылар Қиыр Солтүстік материктегі бұғылардан теңізбен бӛлінген. Осының нәтижесінде колгуев бұғыларының ерекше популяциясы пайда болған, олар осы түрдің қалған бұғылармен салыстырғанда генотипі де, фенотипі де ӛзгеше ірі және ӛмір сүргіштігі жоғары. Популяция түрдің бір бӛлігі. Ол тағы, мәдени ӛсімдіктерде және үй жануарларында кездеседі. Популяция ретінде "таза күйінде" ӛсірілетін ауыл шаруашылық малдарының тұқымын келтіруге болады. Егер бір шаруашылықта малдың екі түрлі тұқымын бір – бірімен шағылыстырмай жеке ӛсірсе, онда екі тұқымдағы малдар екі популяцияға жатады. Әдетте популяция тұйық топ. Оған басқа жерден әкелмейді сондықтан популяцияда жұп таңдау ӛз ішінде жүреді. Әрбір популяция ӛзінің белгілі генофондымен, яғни құрамына кіретін ген аллельдерінің жиынтығымен сипатталады. Популяциялар эволюцияның қозғаушы үш факторы: тұқым қуалаушылық, ӛзгергіштік және сұрыптаудың ӛзара әрекеттесу негізінде тіршілік жағдайларының әсерімен қалыптасады. Олардың құрылуы түрді мекеннің нақты жағдайларына "лайықтаудың" тәсілі болып табылады. Популяциялардың қалыптасу процестері мен олардың ӛскелен дамуы микроэволюция құрайды.
Популяцияның құрылымын генетикалық және статистикалық әдістермен зерттеуді алғашқы рет 1903 жылы В. Иоганнсен қолданды. Тұқымның кӛлеміне қарап үрме бұршаққа сұрыптау жасаған Иогансен олардың ұрпақтарының тұқым кӛлеміне қарай ауытқуларын бақылады. Атап айтқанда егер ірі тұқым себілсе ұрпағы ірі, кішкене тұқым себілсе ұрпақтарының кӛлемі кішірейтінін байқады.
Әрбір ұрпаққа генофонд кӛптеген жаңа мутациялармен толықтырылып отырады. Бұл процесс мутациялық қысым деп аталады. Демек, популяциядағы әр түрлі гендер аллельдерінің жиілігі мутациялық қысымға, яғни тіке және кері мутациялар жиліктерінің қатынасына қарай ӛзгеріп отырады. Мутацияның популяцияда таралуы осы локустың мутабильділігіне ғана емес сонымен бірге осы организмдердің ӛмір сүргіштігі мен ӛскелегендігіне қандай әсер ететіндігіне де байланысты болады. Жаңадан пайда болған мутацияның қайсысы болсын генотиптің
біртұтас жүйесіне ӛзгеріс енгізеді. Осыған орай мутациялардың басым кӛпшілігі алғашында зиянды болады, ӛте сирек жағының ӛзі түр үшін бірдей пайдалы болып кетуі мүмкін. Организм генотиптің орта жағдайына неғұрылым бейімделгіштігін қамтамасыз етуі арқалы сақталу процесін сұрыптау деп атайды. Сұрыптаудың негізгі үш түрі бар. Тұрақтандырғыш немесе қалыптастырушы сұрыптау ауытқуларды жойып мутация популяцияны бір қалыпта ұстайды. Қозғаушы сұрыптау, керісінше, бұған дейінгі қалыптасқан организдерді жоя отырып популяция тепе-теңдігін бұзады. Ақырында дизруптивті сұрыптау популяцияда фенотиптердің шеткі вариантарын сақтап (үзіліс басталғанша) аралық формаларды жойып отырады. Организимнің тірі қалуы және ұрпақ беру мүмкіндігі оның ортаға бейімделу дәрежесіне байланысты боллады. Организмдердің бейімделу қабілеті неғұрлым кең болған сайын, олардың сақталу және популяциядағы мүмкіндігі молая түседі. Генотиптері тіршілік ету жағдайларына бейімделуі неғұрлым жақсы қамтамасыз ететін организмдер бейімделуді шамалаларға қарағанда кӛбірек ұрпақ береді, ал осыған байланысты белгілі бір геннің популяциядағы шоғырлануы да табиғи сұрыптаумен анықталады. Қолдан қолдан сұрыптағанда басты маңыз ӛнім беретін белгілерге беріледі.