«Генофонд» жӛнінде ҧғым. Табиғи мутациялық процестің және сұрыптаудың нәтижесінде әрбір популяция ӛзіне тән нәсілдік қасиеттерімен, хромосома құрылымымен сипатталады. Осы тұқым қуатын бірліктердің популяциядағы жиынтығын А.С. Серебровский генофонд деп атады. Генофонд деген теориялық қана емес практикалық маңызы ӛте зор.
Малдардың әрбір тұқымы басқа тұқымдардан ең бірінші генофонды арқылы ерекшеленеді. Әр тұқымның ӛнім дәрежелері, сыртқы пішіні, физиологиялық ерекшеліктері және анатомиялық құрылысы осы гендер жиынтығымен анықталады. Егер тұқымның генофонында бағалы нәсілдік бастама болмаса немесе құнды гендер шоғыры ӛте аз болса, онда бұл тұқымды қажетті бағытта жетілдіру ӛте қиынға түседі. Мысалы, сүттілігі, ырт пішіні және салмағы ӛте жақсы қара ала тұқымды сиырлардың сүті ӛте сұйық, жоғары майлылығы сирек болады. Ал осы белгі бойынша тұқымды жақсарту үшін сүт майлылығы жоғары басқа тұқыммен шағылыстыру керек. Бұл жұмыс зоотехникті кӛп ойландырады, себебі жаңа тұқым шығару үшін қажетті бастапқы материалды ( тұқымды ) дұрыс алу қажет.
Популяция қҧрылымына туыстас шағылысудың ықпалы. Ӛздігінен ұрықтанатын организимдер популяциясына қолдануға Харди- Вайнбергтің формулалары әрине жарамсыз. Ондай ұрықтанудың немесе туыстас шағылысудың генетикалық мәні, В.Иогансен кӛрсеткендей, популяцияны генотиптері әр түрлі линияларға ажыратты. Бұл кезде гетерозиготалы гендер гомозиготалы қалыпқа ауысады.Нақтылы популяцияның соңғы саны тағы бір маңызды нәтижеге әкеліп тірейді.
Популяция қҧрылымы.Популяция деп ӛмір сүру ортасы бір және оған бейімделу қабілетіде бірдей, бір- бірімен будандасып, ұрпақ бере алатын бір түрге жататын дарақтарды атайды. Қолдан сұрыптау жолымен алынатын жануарлар тұқымдарымен ӛсімдіктер сорттары да жекелеген популяцияға жатады. Популяцияның қалыптасу процессі және оның динамикасы микроэволюция болып есептеледі. Популяцияның генетикалық құрылымын анықтау селекционерлерден басталады деуге болады. Себебі олар қандай болмасын бір сорт не тұқым шығару үшін будандастыратын ата-ана жұбын таңдап алумен қатар, бірнеше буын бойы олардың ұрпақтарын зерттейді. Бірақ популяцияны генетикалық тұрғыдан зерттеудің ғылыми негізгі тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтары, яғни Мендель заңдары ашылғаннан кейін салынды. Популяция құрылымын ең алғаш статистикалық және генетикалық әдістер қолдана отырып зерттеген дат генетикі В. Иогансен. Оның 1903 жылы
«популяциядағы және таза линиялардағы тұқым қуалау» деген еңбегі жарық кӛрген.
Организимдердің эволюциясы барысында сапасы жағынан бір-бірінен айырмашылығы бар генотиптердің ӛзгергіштікке ұшырауына байланысты бір генотип үнемі бір генотиппен алмасып отырады. Оны популяцияның генетикалық құрылымының динамикасы дейміз. Популяциядағы генотиптік ӛзгергіштіктің негізіне мутациялық және комбинативтік ӛзгергіштік жатады.