Батыс қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта



бет91/139
Дата01.12.2022
өлшемі1,6 Mb.
#54101
түріСборник
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   139

Дәріс сабақтар


Сабақтың тақырыбы: Тропизм және таксис. Жануарлардың негізгі қылықтары–қимыл–қозғалысы
Сабақтың мақсаты:Жануарлардағы қимыл–қозғалыстың түрлерін ажыратып үйрену;

Сабақтың барысы:


Тітіркенгіштік (сезімталдық)- бұл ағзаның сыртқы әсерге сәйкес жауап қайтару кезіндегі тірі ағзалардың жалпыға бірдей қасиеті. Жарық,
жылу, ылғал, газ құрамы, дыбыс, химиялық заттар жәнет.б.тітіркендіргіш бола алады. Тітіркендіргіш әсеріне бір тұтас ағза ғана емес, сондай-ақ жеке мүшелер, ұлпалар мен жасушаларда жауап қайтарады. Соны мен бірге тітіркендіруге әсер ету кӛп жағдайда қозу күшіне сай келе бермейді. Мысалы, кӛлденең жолақты бұлшықетті аздап тітіркендіруден күшті жиырылу болуы мүмкін. Тітіркенгіштік ӛсімдікте әртүрлі жолмен пайда болады. Мысалы, шолпан шыбынжұттың жапырақтары ұзын тісшелері бар екі жақтаудан құралған. Жактаулардың әрқайсысында сезімтал қылқандары бар. Бунақдене солқынканға тиіп кетсе, жапырақ тақташасы кітап беттері тәрізді беттесіп, олжасын қатты қысады.
Ӛсімдіктер мен жануарлардың тітіркенгіштіктерінің әрекетіне жауап қайтаратын осындай қозғалыстар таксис (гр.taxis-орналастыру, реті бойынша орналастыру) деп аталады.
Таксис—тӛменгі сатыдағы жануарларға тән организм мен сыртқы орта қатынасын қамтамасыз ететін әрекеттің қарапайым түрі. Эволюцияның келесі сатысында таксистің маңызы тӛмендеп, оны бейімделу механизмінің әлде қайда жетілген түрлері алмастырады. Таксистер ортаның кейбір факторларына бағытталу, бағдарлану болып табылады. Бір жағдайда таксис әсерге автоматты жауап ретінде қайырылған жәй қозғалыс—қимыл түрінде бейнеленеді, ал басқа бір жағдайда ол күрделі әрекеттің бірэлементі болып табылады.
Хемотаксис–химиялық концентрациялық құрамына қарай градиенттердің қозғалыстары. Хемотаксис жағымды және жағымсыз депте бӛлінеді. Егер кимыл тітіркендіргіштің жағымды ықпалына қарай бағытталса, онда хемотаксис жағымды болады. Егер амебасы бар себіндіге қант кристалдары салынса, онда амебалар осы зат концентрациясының кӛп жағына қарай қозғалады. Алегер қанттың орнына тұз түйіршіктері салынса, онда амебалар тұз концентрациясының аз жағына қарай қозғала бастайды. Бұл-жағымсыз хемотаксис.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет