а) тироксин ә) адреналин б) инсулин в) паратгормон
Йодтың жетіспеуі қай бездің қызметін тӛмендетеді? а) ұйқы безі ә) қалқанша без б) бүйрек үсті безі в) тимус
Ішкі секреция бездерін атаңыз:
а) май безі ә) қалқанша безі б) сүт безі в) сілекей безі
жауаптары: 1-б, 2- в, 3-ә, 4-ә
Сабақтақырыбы:Сарамандықжҧмыс№2:Бҧлшықеттіңқажуы Мақсаты: Қол бұлшықетінің бүгу күшін анықтау және изотониялық және изометриялық жаттығудан кейінгі қажуды салыстыру.
Зертханалық жҧмысты орындау алдында оқушылар мына тақырыптар мен тҥсініктерді қарастыруы қажет:
Бұлшықет жасушалары, басқа да жасушалар сияқты, қалыпты жұмыс істеуі үшін оттегі мен энергияны қажет етеді.
Бұлшық ет изометриялық және изотониялық жаттығуларды қосқанда түрлі әрекеттерді атқарады.
Орындалатын жҧмыс туралы қысқаша ақпарат
Біріңғай салалы бұлшықеттер ӛздері жиырылады да автономды жүйке жүйесімен реттеледі. Олар ішкі мүшелердің қабырғасында орналасқан, соның қатарында ӛкпенің бронхыларын, қуықты, асқазанды, қантамырларды, кӛздің қарашығын, және жатырды астарлайды. Адам ағзасында болатын басқа да үрдістер сияқты бұлшық еттердің жиырылуы энергияны қажет етеді. Бұлшық еттерді қозғайтын энергия АТФ молекуласынан алынады.
Бұлшық еттер жүйкелер мен нейробұлшықеттің бірігуі бар қозғалыс бірліктерінен тұрады, олар жүйке мен бұлшық еттерді байланыстырады. Осындай ұйымдасу жалғыз жүйкеге аталған қозғалу жүйесіндегі барлық бұлшық ет клеткаларына белгі беруді және қозғалу бірлігіне бір уақытта қысқаруды мүмкін етеді.
Бір жүйкенің серпіні бұлшық еттің тырысуына әкеліп соғады. Бұлшық ет ынталандырылады, содан кейін максималдық созылуға дейін босайды. Егер серпінді беру тоқтаусыз жалғасса, онда бұлшық еттік тырысу артады, ӛткені бұлшық ет бұлшық еттік жиырылулар арасында тынығып үлгермейді. Жасушалық бұлшық еттердің тынығусыз, ұзақ созылмалы бұлшық еттік қысқаруы «түйілу» деп аталады. Бұл ретте АТФ деңгейі тӛмендейді де, бұлшық еттік қажу пайда болады.
Изометриялық жаттығу
Изометриялық жаттығуды орындау кезінде бұлшық еттер жиырылады, бірақ қозғалмайды, сондықтан бұлшық ет талшықтары қалыпты ұзындықты сақтап отырады. Жаттығулар әдетте қозғалмайтын беткейіне қатысты жасалады, мысалы қабырғаны алақанмен басу. Изометриялық жаттығу белгілі бір бұлшық етті немесе бұлшық ет тобының күшін дамыту үшін тиімді болып табылады.
Изотониялық жаттығу
Изотониялық жиырылуды орындау кезінде дене бӛліктері қозғалады және бұлшық еттер жиырылып және созылып отырады. Отырып –тұру, еденнен тартылу және биікке тартылу изотониялық жаттығуларға жатқанмен, ауыр затты, мысалы гантельдер мен штангілер кӛтеру, изотониялық жаттығудың классикалық мысалы болып табылады.
Жҧмыс барысы:
Жҧмыс алдында оқушыларғамынадай проблемалық сҧрақтар қойылады: Изотониялық жиырылудың бір минутынан кейінгі қысу күші изометриялық жиырылудан кейінгі қысу күшімен салыстырғанда қалай ӛзгереді деп ойлайсыз?
Сіздің басым қолыңыздың жаттығудан кейінгі қысу күші басқа қолыңыздың жаттығудан кейінгі қысу күшімен салыстырғанда қалай ӛзгереді деп ойлайсыз?
Тәжірибені нҧсқаулық арқылы орындайды:
Мәліметтерді жинау жүйесімен жаңа тәжірибе бастаңыз.
Спирометрді мәліметтер жинау жүйесіне қосыңыз.
Кестеде х осіндегі уақытпен салыстырғандағы у осіндегі күшті кӛрсетіңіз.
Резеңке тіреуішті күш датчигінің алдыңғы жоғарғы бетіне орнатыңыз.