Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті


§3.8. ЭЙЛЕР-ВЕНН ДИАГРАММАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЕСЕПТЕР



бет55/61
Дата24.02.2022
өлшемі1,86 Mb.
#26358
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   61
§3.8. ЭЙЛЕР-ВЕНН ДИАГРАММАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЕСЕПТЕР.

1. Сынып оқушыларының 15-і футболды, 14-і үлкен теннисті және 13-і жүзуді ұнатады. Олардың жетеуі футбол және үлкен теннисті, бесеуі футбол және жүзуді, алтауы үлкен теннис және жүзуді, ал төртеуі осы үш спортты да ұнатады. Сыныптағы кез келген оқушы аталған үш спорттың кемінде бірін ұнатады. Сыныпта неше оқушы бар екенін анықтаңыз.

A) 26


B) 24

C) 30


D) 25

E) 28


2. Сынып оқушыларының 17-сі алманы, 15-і өрікті және 14-і шиені ұнатады. Олардың алтауы өрік және шиені, бесеуі өрік және алманы, жетеуі шие және алманы, ал екеуі осы үш жемісті де ұнатады. Сыныптағы кез келген оқушы аталған үш жемістің кем дегенде бірін ұнатады. Сыныпта тек қана алманы ұнататын неше оқушы бар екенін анықтаңыз.

A) 9


B) 7

C) 3


D) 6

E) 8


3. Мектепте 37 оқушы музыка үйірмесіне қатысады. Үйірме оқушыларының

22-сі домбыраны және 15-і скрипканы тарта алады. Олардың тоғызы домбыра және қобызды, жетеуі домбыра және скрипканы, алтауы қобыз және скрипканы, ал төртеуі осы үш аспапты да тарта алады. Үйірмедегі кез келген оқушы аталған үш аспаптың кем дегенде бірін тарта алады. Үйірмеде қобызды тарта алатын неше оқушы бар екенін анықтаңыз.

A) 18

B) 22


C) 15

D) 17


E) 23

4. Бір аптада дүкеннен 19 адам теледидар сатып алды, 18 адам тоңазытқыш сатып алды. Олардың 9-ы тоңазытқыш та, теледидар да сатып алды. Неше адам тек теледидар ғана сатып алды? Неше адам тек тоңазытқыш сатып алды?

A) теледидар – 10, тоңазытқыш – 9

B) теледидар – 11, тоңазытқыш – 5

C) теледидар – 13, тоңазытқыш – 7

D) теледидар – 13, тоңазытқыш – 6

E) теледидар – 8, тоңазытқыш – 15



5. Мекеме қызметкерлерінің 24-і ағылшын тілін, 15-і неміс тілін және

14-і француз тілін біледі. Олардың алтауы ағылшын және неміс тілдерін, бесеуі ағылшын және француз тілдерін, төртеуі неміс және француз тілдерін, ал үшеуі үш тілді де біледі. Мекемедегі кез келген қызметкер қандай да бір шетел тілін біледі. Мекемеде бір ғана ағылшын тілін білетін неше қызметкер екенін анықтаңыз.

A) 10

B) 16


C) 20

D) 12


E) 25

6. Немісше білетіндер жиыны А, ал французша білетіндер жиыны F болатындай төмендегі жиында көрсетілген. Элемент сандары төмендегідей болса,

онда нұсқалардың қайсысы қате?

A) Немісше білетіндер 10-ға тең.

B) Тек французша білетіндер саны 8-ге тең.

C) Немісше және французша білетіндер саны 6-ға тең.

D) Немісше немесе французша білетіндер саны 18-ге тең.

E) Тек немісше білетіндер 4-ке тең.

7. Сыныпта 15 оқушы көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысады. Олардың ішінде 9 оқушы домбыра тартады, 10 оқушы өлең айтады. Неше оқушы домбыра да тартады, өлең де айтады?

A) 4


B) 1

C) 3


D) 19

E) 34


8. Мектептегі спорттық үйірмелерге 27 оқушы, математика үйірмесіне

14 оқушы, музыка үйірмесіне 11 оқушы қатысады. Олардың ішінде 6 оқушы спорттық үйірмеге де, математика үйірмесіне де қатысады, ал 3 оқушы математика үйірмесіне де, музыка үйірмесіне де қатысады. Бір оқушы екі үйірмеге ғана қатысатын болса, аталған үйірмелерге мектептегі оқушылардың нешеуі қатысады?

A) 41

B) 42


C) 43

D) 44


E) 45

9. Қонақтардың 16-сы қымыз, 19-ы шұбат, 14-і айран ішті. 7 қонақ қымыз да, шұбат та ішті, 4 қонақ қымыз да, айран да ішті, 6 кісі шұбат та, айран да ішті. Ал 2 қонақ қымыз да, шұбат та, айран да ішті. Әрбір қонақ аталған үш сусынның кемінде біреуін ішті. Тек қана шұбат ішкен қонақтар санын табыңыз.

A) 7


B) 6

C) 9


D) 10

E) 8


10. Сыныпта 35 бала бар. Олардың 20-сы вокалға, 15-і биге және 7 бала екі үйірмеге де қатысады. Бұл сыныпта осы екі үйірмеге де қатыспайтын бала саны қанша?

A) 5


B) 4

C) 6


D) 7

E) 3


11.Суретші бір айда 42 сурет салды. Олардың 17-сінде орман, 29-ында өзен, ал 13-де орманда, өзенде салынған. Қанша түсініңсіз сурет бар?

A)12


B)25

C)29


D)13

E)9


12.Бір айда 105 адам дәптер және 164 адам қалам сатып алды. Олардың 87-і дәптер де, қалам да сатып алды. Неше адам тек қана қаламды сатып алды?

A)18


B)77

C)42


D)53

E)59


13.Сыныпта 37 оқушы бар. Олардың 20-сы вокалға, 15-і биге және 7-еуі екі үйірмеге де қатысады. Бұл сыныпта екі үйірмеге де қатыспайтын оқушылар саны қанша?

А)9


В)5

С)6


D)7

E)8


14.Сыныпта 30 оқушы бар. Олардың 22-сі спорттық үйірмеге, 11-і биге, 4-еуі екі үйірмегеде қатыспайды. Екі үйірмегеде қатысатын оқушылар саны жататын аралықты табыңыз.

A)(12;16)

B)(1;4)

C)(10;14)

D)(3;5)

E)(2;12)

15.Сыныпта 28 бала бар. Олардың 14-і вокалға, 10-ы биге және 3 бала екі үйірмеге де қатысады. Бұл сыныпта осы екі үйірмеге де қатыспайтын бала саны қанша?

A)5


B)7

C)4


D)3

E)6


16.Сыныпта 32 оқушы бар. Олардың 17-сі вокалға, 15-і биге және 5-еуі екі үйірмеге де қатысады. Бұл сыныпта осы екі үйірмеге де қатыспайтын оқушылар саны қанша?

А)6


В)5

С)4


D)1

E)3


17.Сыныпта 27 бала бар. Олардың 12-сі вокалға,19-ы биге қатысады және 5 бала екі үйірмеге де қатысады. Бұл сыныпта осы екі үйірмеге де қатыспайтын бала саны қанша?

А)6


В)3

С)4


D)1

E)5


18.Би үйірмесінде 30 адам бар. Олардың 20-ы вальсті жақсы билейді, 17-і румба биін, ал 14-і вальсті және румба биін жақсы билейді. Осы 30 адамның арасында вальсті де румба биін де билей алмайтындар санын анықтаңыз.

А)5


В)9

С)3


D)4

E)7


19.Бір аптада дүкеннен 19 адам теледидар сатып алды. 18 адам мұздатқыш алды. Олардың 9-ы мұздатқыш та, теледидар да сатып алды. Неше адам теледидар ғана сатып алды?

A)10


B)11

C)12


D)13

E)8


20.Сыныптағы оқушылардың 18-і араб, 16-сы түрік тілін үйренеді. Осы оқушылардың 7-і араб және түрік тілін бірге үйренеді. Сыныптағы барлық оқушылардың санын табыңыз.

А)26


В)32

С)27


D)30

E)28


21.6- сыныпта 25 бала қазақша жақсы біледі, 20- сы орысша, ал 18 бала орысша да, қазақша да сөйлейді. Сыныпта барлығы неше бала бар?

А)27


В)28

С)26


Д)30

Е)29


22.Сыныпта 35 оқушы бар. 20 оқушы математика үйірмесіне, 11 оқушы биология үйірмесіне қатысады, ал 10 оқушы ешқандай үйірмеге қатыспайды. Математика мен биология үйірмелерінің екеуіне де қанша оқушы қатысады?

А)9


В)10

С)6


D)7

E)8


23.100 жинаушының 70-і ескі тиын, 75-і белгілер, 80-і сіріңке қорабының этикеткасын және 85-і марка жинайды. Жинаушылардың кемінде нешеуі 4 затты да жинайды

А)35


В)25

С)20


D)15

E)10


24.Мекеме қызметкерлерінің 24-і ағылшын тілін, 15-і неміс тілін және 14-і француз тілін біледі. Олардың алтауы ағылшын және неміс тілдерін, бесеуі ағылшын және француз тілдерін, төртеуі неміс және француз тілдерін, ал үшеуі үш тілді де біледі. Мекемедегі кез келген қызметкер қандай да бір шетел тілін біледі. Мекемеде бір ғана ағылшын тілін білетін неше қызметкер екенін анықтаңыз.

A)10


B)16

C)20


D)12

E) 25


25. Мекеме қызметкерлерінің 24-і ағылшын тілін, 15-і неміс тілін және 14-і француз тілін біледі. Олардың алтауы ағылшын және неміс тілдерін, бесеуі ағылшын және француз тілдерін, төртеуі неміс және француз тілдерін, ал үшеуі үш тілді де біледі. Мекемедегі кез келген қызметкер қандай да бір шетел тілін біледі. Мекемеде барлығы неше қызметкер екенін анықтаңыз.

A)41


B)36

C)33


D)45

E)30


26. Қонақтардың 16-сы қымыз, 19-ы шұбат, 14-і айран ішті. 7 қонақ қымыз да, шұбат та, 4 қонақ қымыз да, айран да, 6 қонақ шұбатта, айран да ішті. Ал 2 қонақ қымыз да, шұбат та, айран да ішті. Әрбір қонақ аталған үш сусынның кемінде біреуін ішті. Тек қана қымыз ішкен қонақтар санын тап.

А)7


В)9

С)10


D)6

E)8


27. Алдыңғы есептегі тек қана шұбат ішкен қонақтар санын табыңыз.

А)7


В)9

С)10


D)6

E)8


28. Алдыңғы есептегі қонақтар санын табыңыз.

А)34


В)31

С)38


D)32

E)30




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет