Жұмыстың мақсаты. Химиялық ластандырғыштардың адам денсаулығына әсерін, атмосфералық ауа бассейнінің ластану проблемаларын зерттеу. Ластану және оны болдырмау шараларын айқындау. Ғылыми жаңалығы. Адам денсаулығына зиян келтіретін химиялық заттардың, радияциялық қалдықтардың,зиянды әдеттердің,синтетикалық жуғыш заттардың ағзаға әсері анықталды.
Практикалық құндылығы. Адам денсаулығына әсер ететін антропогендік фактор әсерінен туындаған атмосфераны ластаушы химиялық заттар және оның әсері талданды. Қозғалмалы және стационарлы көздерден бөлінетін зиянды қалдықтарды азайтудың тиімді іс-шаралары ұсынылды
Бүгінгі күні синтетикалық жуғыш заттар өндірісінің, атмосфералық ауа бассейнін ластайтын автокөлік түрлерінің санының, радияциялық қалдықтардың мөлшерінің үнемі өсу жағдайында -олардың құрамындағы химиялық заттардың қауіптілік дәрежесін анықтау, қоршаған орта мен адамға зияндылығын зерттеу көкейтесті мәселе болып табылады.
Сондықтан да зерттеу жұмысымның мақсаты: Тұрмыста пайдаланылатын химиялық жуғыш заттардың (жуғыш ұнтақтардың), радияциялық қалдықтардың, зиянды әдеттердің, ластанған ауа құрамындағы химиялық қосылыстардың адам денсаулығына әсерін, қоршаған ортаға зиянын зерттеу, қоғамның осы заттардың құрамы туралы, олардың зиянды компоненттері туралы түсініктерін кеңейту болып табылады.
Осы мақсатқа сәйкес мынадай міндеттер қойдым:
осы тақырыпқа сәйкес әдебиеттерді оқу;
Кір жуғыш ұнтақтардың химиялық құрамын білу және құрамын анықтау әдістерін үйрену;
Қазіргі дүкен сөрелерінде симай тұрған, тұрмыстық химия заттарының зиянды әсерін зерттеу;
Халқымыз қолданған тұрмыс химиясының кейбір жақтарына тоқталу;
Атмосфераның құрамы мен оның ластану проблемалары қазіргі кезеңдегі өткір проблемалардың бірі болып отыр. Проблеманың өткірлігі анторпогендік фактормен өте тығыз байланысты. Ауа бассейнін ластаушы көздер өндіріс орындары, автокөлік қозғалысының нәтижесінде бөлінетін зиянды заттар.Ластанған ауа материалдарының, бұйымдар мен өнімдердің бұзылуын жылдамдатады, өсімдіктер мен жануарлардың жойылуына әкеледі, адам денсаулығына айтарлықтай теріс әсерін тигізеді. Атмосферадағы көміртек оксидінің шамадан тыс жиналуы парникті эффект туғызады. Оның нәтижесінде полярлы мұздың еру процесі, мұхиттар мен теңіздер деңгейінің көтерілуі т.б. сияқты ауқымды проблемалардың тізбегін жалғастырады. Автокөліктерден шығатын газдарда 200-ден астам зат түрлері кездеседі. Автокөлік транспорты шамамен 92 % СО, 63 % көмірсутектер және 46 % азот оксидтерін шығарады. Олардың құрамында қорғасын қосылыстары да болады. Олай болса атмосфералық ауаның құрамына талдау жасап, бөлінетін зиянды заттардың тірі организмдерге әсері жан-жақты зерттеліп, ластануды болдырмаудың тиімді шараларын белгілеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.