Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Сарықұдық нжббм жетекшісі: химия пәні мұғалімі



бет8/8
Дата02.12.2023
өлшемі261,35 Kb.
#132535
1   2   3   4   5   6   7   8
Эстетикалық зиян —_табиғаттың қайталанбас сұлу ландшафтарының бүлінуі, орман-тоғайлардың жойылуы, т.б.
-Биосферадағы ластану процесін 3 кезеңге бөлеміз:
1)ластаушы заттардың таралуы;
Ластағыш заттардың биологиялық топтануы немесе қорлануы.
Адам баласының организмі жоғарыдағы ластаушы заттарды қабылдаған кезде белгілі бір деңгейге (мөлшерге) дейін ғана көтере алады. Ал зиянды заттардың одан әрі организмде көбейе түсуі денсаулықты бұзып, ауруға шалдықтырады. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераның радиациялық ластануы өте үлкен қауіп тудырып отыр. Казіргі кезде радиоактивті заттар кең қолданылуда. Осы элементтерді тасымалдауда болатын немқұрайдылықтың нәтижесінде өте күшті радиациялық ластану болады. Өнеркәсіп пен атом энергиясын пайдаланатын мекемелер дұрыс жұмыс істегеңде қоршаған ортаның радиоактивті нуклидтермен ластануы өте аз мөлшерде болады. Қазіргі кезде әскери өнеркәсіптің радиоактивтік қалдықтарын сақтау мен жою мәселесі тұр. Ол қалдықтар жыл санап қоршаған орта ұшін аса қауіпті бола түсуде.
.
III.Қорытынды
Қазіргі кезде табиғаттың ластануынан адамдар зардап шегуде.Өндіруші өнеркәсіп орындары, түрлі кен орындары , жылыту орындарынан бөлініп шығатын газ тәрізді заттар табиғатымызды улап,адам денсаулығына кері әсер етіп, әртүрлі ауруларға әкеліп соғуда.Табиғи ортаны ластаушы заттар әр түрлі болып келеді. Ол заттар өзінің табиғатына, шоғырлануына және адам организміне әсер ету уақытына қарай әр түрлі жағымсыз нәтижелер туғызады. Қазіргі кезде ауаны ластайтын заттардың 150-ден астамы белгілі. Бұл заттар ауада күн сәулесінің әсерімен бір-бірімен реакцияға түсіп, жаңа қосындылар түзеді. Радиациялық ластанудың баска ластанудан көп айырмашылығы бар. Қысқа толқынды электрмагниттік сәуле шығару мен зарядталған бөлшектерді бөліп шығаратын тұрақсыз химиялық элементтердің ядросы — радиактивті нуклидтер. Міне, осы бөлшектер мен шығарылған сәулелер адамның организміне түскенде жасушаларды бұзады, соның нәтижесінде түрлі аурулар пайда болады. Радиациялык ластанудың негізгі көздері — альфа, гамма және бэта, сиякты радиоактивті сәулелер. Ионданған сәулелер адам, жануар организмдерінде ақуыз, фермент және басқа да заттардың өзгеруіне, яғни сәуле ауруының дамуына әкеліп соғады.Сондықтан да табиғатты,адам денсаулығын қорғау үшін айналадағы ортаны таза ұстауға тырысып,денсаулығымызды және келешек ұрпақтарымыздың жағдайын ойлауымыз керек.
Ұсынысым:
1.Қоршаған ортадағы өндіріс орындарының қалдықтарын қайта өңдеу тәсілімен қоғамға пайдалы заттар жасау.
2.Қоршаған ортаны экологиялық зиянды заттардан тазарту үшін көгалдандыру тәсілін ұсынамын.
3.Өндіріс нысандарынан және автокөліктерден шығатын улы қалдықтарды залалсыздандыру құралдарын ,
тәсілдерін ойлап табу.
4.Қоршаған ортаға зиянды әсері болмайтын технология түрлерін жасап, пайдалану.
5.Экологиялық сауықтыру шараларын жетілдіру және сауықтыру орындарының бағасын қолжетімді ету.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет