Экожүйе мен адамзатқа әсер ететін әртүрлі ластандырғыштар 1.Көмірқышқыл газ
Ластандырғыштар Ластандырғыштардың пайда болуы және әсер етуі Әртүрлі көміртегі қосылыстарының жануынан (энергетика, өдіріс орындары, отындардың жануы, жылу бергіш стансалар) атмосферада бұл газ мөлшерінің артуы жер бетіндегі температураны жоғарылатып, гео – химиялық өзгерістерге ұшыратады
2.Көміртегі (ІІ) оксиді
Қазба отындардың толық жанбауынан түзіледі Негізгі көзі – металлургия өндірісі, мұнай айыру зауыты, іштен жану двигательдері.Бұл өте улы газ – үйде көмір отынының толық жанбауынан да түзіліп, адамдардың көп жағдайда уланып, өлуіне жер бетінің жылу балансының өзгеруіне себепші болады.
3.Күкіртті газ
Энергетикалық және өндіріс орындарының түтінінде көліктер шығаратын газ құрамында және отынның жану өнімдерінде кездеседі.Ауада бұл газ мөлшерінің көбеюі тыныс жолдарын зақымдап, тыныс ауруларын қоздырады, өсімдіктерге, ағаштарға зиянын тигізеді, әктәстан тұрғызылған құрылыстардың бұзылуына, жасанды материалдарға әсер етеді.
4.Азот оксиді Негізгі көздері – іштен жану двигательдері: реактивті ұшақтар, домна пеші, химия өнеркәсіп орындары, мекемеде болған өрт,артық мөлшердегі химиялық тыңайтқыштар.Газды тұмандар ауада тұрып қалады, соның нәтижесінде жас балалар демікпе, тыныс жолдарының ауруы көбейеді,су өсімдіктері тез өсіп,ондағы оттегінің мөлшерін азайтады да,балықтардың қырылуына себепші болады,судың сапасын төмендетеді. 5.Фосфаттар Ағын суларда кездеседі.Негізгі көзі – химиялық кір жуғыш ұнтақтар,тыңайтқыштар.Жануарлардың қалдығы өзен, көл суларын ластайды. 6.Сынап Қазба отындардың жану өнімдерінде,лак,бояу өндірістерінде,кен байытуда,қағаз-целлюлоза өндірісінде түзіледі.Сынап тамақ өнімдері ластайды,теңіздегі балық, т.б. ағзаларында жинақталып,одан адамдар уланады,жүйке жүйесіне зиянын тигізеді. 7.Қорғасын Детонация тұрақтылығын жоғарылату үшін бензинге қорғасын қосылатындықтан,көліктен шығатын газдарда,қорғасын зауыттарында,пестицидтерде болды.Улы эленмент болғандықтан тірі жасушадағы зат алмасуға,ферменттер жүйесіне зиянды әсер етеді.Теңізде және тұщы суларда көп мөлшерде жинақталады.
8.Мұнай Мұнайды өндіргенде, тазартқанда, теңіздермен тасымалданғанда,теңіз апаттарында суға жайылып, ластайды.Теңіз жағалауларын бүлдіріп,судың бетін мұнай қабаты жауып,су жәндіктері, балықтар,су құстары тіршілігін жояды.