Темекі мен есірткі заттардың зиянды әсері.
Адам денсаулығына зиян келтіретін улы химиялық заттардың қатарына темекі мен есірткі заттары да жатады. Темекі тұтінінің құрамына 4 мыңға жуық химиялық заттар кіреді, олардың көбі улы заттар. Олардың қырыққа жуығы қатерлі ісік ауруын туғызады. Темекінің уы сонымен қатар қолқаның созылмалы ауруын туғызады, сол себептен де темекі шегетіндер жиі жөтеледі. Темекі шегетін ата-аналардың жаңа туған нөрестелерінің организміңде улы газ бірінші жылы олардың канында бірнеше сағатқа дейін болады. Есірткі заттары да қолка, өкпенің қатерлі ісік ауруларын туғызады. Көптеген органикалық еріткіштер: авиациялық, желім, бензин, эфирі еріткіштер мен аэрозольдер буланып ауаға шығарылады. Егер осы заттардың буы көп мөлшерде организмге тұссе жұйкені, миды, асқазанды жөне өкпенің ауруын туғызады. Кейде ол өлімге де әкеліп соғуы мұмкін.
Химиялық заттардың адам денсаулығына кері әсері. Адам мен табиғи ортаның жеке компонеттеріне ластаушы заттардың кері әсерін болдырмау үшін ластаушы заттардың шекті деңгейлерін білу қажет.
Қалалардағы өнеркәсіптік және көлік шулары, сонымен бірге тұрмыстық аспаптар адам организміне едәуір дыбыстық шабуыл жасайды. Қала тұрғындарының көптеген жүйке аурулары ең қалың қабатты қабырғалар арқылы өтетін инфрадыбыстармен тудырылады.
Адам организміне түскен зиянды химиялық заттар алуан түрлі айналуға ұшырайды. Барлығы дерлік органикалық қосылыстар әр түрлі химиялық реакцияларға түседі: тотығу, қалпына келу, гидролиз, метилдену, кейбір қышқылдармен жұпты қосылыстар түзу..
Органикалық емес химиялық заттар сонымен бірге организмде әр түрлі өзгерістерге ұшырайды. Осы заттарға тән ерекшелік қандай да бір мүшеде, сүйектерде жиналу қабілеті болып табылады. Мысалы, сүйекте қорғасын, фтор жиналады. Кейбір органикалық емес заттар: нитриттер – нитраттарға, сульфидтер – сульфаттарға тотығады.
Зиянды заттың организмге түсуі мен оның бөлінуі арасындағы қатынастың маңызды мәні бар. Егер заттың бөлінуі және оның организмде айналуы баяу өтсе, онда зат организмде жиналып, мүшелер мен ұлпаларға ұзақ әсер етуі мүмкін. Мұндай типті заттар қорғасын, сынап, фтор және т.б. болып табылады. Су мен қанда жақсы еритін заттар баяу жиналады және организмнен солай баяу бөлінеді