9.ДДТ және басқа да пестицидтер Бұлар ауыл шаруашылығында қолданылады,аздаған мөлшерінің өзі шаян тәрізділерге улы әсер етеді.Суға түскенде су жәндіктерін, балықтарды улайды,олар арқылы адам улануы мүмкін.Көптеген ДДТ және пестицидтер концерогенді болғандықтан, бунақденелілердің пайдалы түрлеріне әсер етеді де, оларды және өсімдіктерде жаңа ауру түрлерін туғызады. 10.Радиация Ядролық отындары өндірісінде, атом құрамдарын жасап, сынап тарату кезінде, атом электр станцияларын апатқа ұшырауы кезінде таралады. Радиоактивті заттар медицинада қолданылады, бірақ шамадан артық мөлшері ағзада қатерлі ісіктердің, генетикалық өзгерістердің пайда болуына соқтырады. Радияциялық ластанудың әсері. Радиактивті ластанумен күресу тек алдын алу сипатында ғана болады. Себебі табиғи ортаның мұндай ластануын нейтралдайтын биологиялық ыдырату әдістері де, басқа да механизмдері де жоқ. Қоректік тізбек бойынша тарала отырып (өсімдіктерден жануарларға) радиоактивті заттар азық-түлік өнімдерімен бірге адам ағзасына түсіп, адам денсаулығына зиянды мөлшерге дейін жиналуы мүмкін. Радиоактивті ластану – қоршаған ортаны өте қауіпті әсер әкелетін физикалық ластанудың түрі. Бұл ластану адам денсаулығы мен тірі организмдерге радиациялық сәулелену арқылы зиянды әсер жасайды. Қазіргі уақытта ядролық энергетиканың дамуына байланысты қоршаған ортаның радиациялық ластануы үлкен қауіп тудыруда. Радиациялық ластанудың мынадай топтарға бөледі: 1) Радиоактивті заттардың бөлінуінің нәтижесінде пайда болатын альфа — (гелий ядросы), бетта –(жылдам электрондар) бөлшектердің және гамма – сәулеленулердің әсерінен болатын радиациялық ластану (физикалық ластану түрі); 2) Қоршаған ортадағы радиоактивті заттардың мөлшерінің көбеюіне байланысты болатын ластану (химиялық ластану түрі).
Түрлі радинуклидтердің организмге әсері аса сан алуандығымен ерекшелінеді.Мысалы, 131-иодтың аз мөлшерінде қалқанша бездің қызметі бұзылады, ал көп мөлшерінде – зиянды ісіктер түзіледі. Радиациялық қауіптердің әсерлері шыққан тегі бойынша табиғи және антропогенді болып бөлінеді. Табиғи факторларға қазба рудалары, жер қабаттарындағы радиоактивті элементтердің бөлінуі кезіндегі сәулелену және т.б. жатады. Адам өміріне өте қауіпті радиациялық антропогендік әсерлер адамзаттың мына іс-әрекетімен тығыз байланысты: • Атом өнеркәсібі; • Ядролық жарылыстар; • Ядролық энергетика; • Медицина мен ғылым. Бұлар қоршаған ортаны радиоактивті элементтермен және радияциялық сәулелермен ластайды. Келесі бір қауіпті радинуклид – стронций-90, ол ядролық сынақтардың нәтижесінде түзіледі (жартылай бөліну периоды 27,7 жыл). Ол ағзаға асқазан-ішек трактісі , өкпе, тері жабыны арқылы түсіп, қаңқа мен жұмсақ ұлпаларға жиналады. Стронций қанда патологиялық құбылыстар тудырады, ішке қанның құйылуына, сүйек кемігінің құрлысының бұзылуына әкеледі. Зақымданған соң ұзақ мерзімнен кейін (келесі ұрпақтарда) ісіктер, ақ қан ауруы болуы мүмкін.