Философия - Гуссерль пікірінше, барынша фундаменталды пән. Ол өз кұрылымына баска ештеңені де негіз етпеуге тиіс. Сана өз негіздерінің аса тереңдегі, сана өмірін құрайтын, адамның сол дүниеде тіршілік ету мүмкіндігін иеленуге ықпал ететін фунда- менталды мағыналарды, олардың нағыз қайнарларын айқындауға, барынша радикалды түрде ұмтылуға тиіс. Гуссерль қарапайым нәрсені қабылдау процесін қарапайым мысалдар түрінде қарас- тырады. Мысалы, пошта жәшігі: алдымен көру, тактильді сезімдерді елестету, т.б. Мұндай көптүрлі психикалық әрекет сол нәрсе обра- зын қалыптастыруға ықпал етеді. Сана әрекетінің режимі үшін сананың дайын түрде қабылдайтын нәрсесі емес, сананың өзінде не болып жатқандығы аса маңызды. Осылайша Гуссерль философия принциптерін жеке міндет түрінде калыптастырып тұжырымдайды: ешкім де мені өз тәжірибемде? Мен кез болатын кұбылыстар мен нәрселерге жеке қатынасым, өз ой- тұжырымдарымның болуы қажеттілігімнен айыра алмайды. Mен бұған дейін қабылданып койылған, менен тысқары нәрсеге сүйеніп, оны қолдануға тиіс емеспін. Мағыналар алдымен мен үшін мәнді болуға тиіс.