Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқас (роман)



Pdf көрінісі
бет10/45
Дата19.05.2023
өлшемі1,68 Mb.
#94921
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45
АЛДАҒЫ САРЫН 
Біз далада тұрмыз. 
Айнала жер сілкінгендей... 
Алда соғыс болып жатыр. Бәсекелесе атқыласқан зеңбіректердің, жарылған снарядтардың 
даусы тау бұзылып, тас жарылғандай айналаны азаннан бері күңірентуде. Көкте жемтік 
үстінде айналған қара кұстай қалқып ұшып жүрген самолеттер. ІІІеңберді біраз айналып, 
жердегі нысанасы көргенде олар құйрығын жоғары көтеріп, құлап төмен зуылдап барып, 
бомбаларын құмалақтағандай тастай беріп, қайта түзеліп өрши - өрлеп кетеді. Жарылған 
бомбалардың сарыны күннің күркірегеніндей күрілдей естіледі. Алда соғыс болып жатыр. 
Барлығымыздың екі көз, қос құлағымыз алда. Соғыс ойраны сағат сайын өршіп, дабыл 
үстіне дабыл қаққандай күңіреніп, орман үстінен будақ-будақ қара түтін көрінеді: арпалыс 
айқас Ядрово мен Дубосековоның маңайында болып жатыр. Алда біздің дивизияның 
полктары соғысып, қан майданда дұшпанмен кеңірдек шайнасып арпалысуда. Біз 
орнымыздамыз. Бізді генерал майданның төріне шығарып, екінші эшелонға қойған. 
Жігіттер орларын қазып, дайындалып, қамданып жатыр. Кейбіреулері алдағы ойранның 
дүбіріне еліре қарап қояды да, күрегін жерге батыра басып, кесекті құштарлана 
лақтырады... 
Мен қыстақтың шетіне, алға бара жатырмын. Күрегін ұстап Ор басында, алға таңдана 
қарап тұрған, жасы отызға жақындап қалған бір орыс жігітінің жанынан өте беріп оған 
мен: 
— 
Курбатов, сен неғып еліріп тұрсың? — дедім. Ол маған жалт қарап, езуін жиып: 


75 
— 
Жолдас комбат, құрғырдың ішінде болғанда қызулықпен сезбей, дабылын алыстан 
естігенде кәдімгідей дене түршігеді екен, — деді. 
— 
Ой, жігітім - ау, сен не деп малтаңды езіп тұрсың, егер сендей тіс қаққан 
көкжалдың денесі түршіксе, басқалардың халі қандай болмақ, — деді оған қасымдағы 
Бозжанов қалжыңдап. 
— 
Ай, жолдас политрук - ай, — деді ол арсалаңдап, — бір сөзге келтірмей кей 
уақытта қайырып тастайсың - ау. Мені көкжал десеңіз, мен сізді арыстан дер едім, жолдас 
политрук... 
—Жарайды, ерім. Көкек өз атын өзі шақырады дегендей, екеуің де біріңді-бірің мақтап 
алдыңдар. Біздің кезек бүгін-ертең келеді. Қайсың көкжал, қайсың арыстан екеніңді сонда 
көрсетерсіздер, — дегеніме екеуі де мәз болғандай қарқ-қарқ күлді. 
Алдағы төбешіктің қасына шықтық. Бақылап тұрмыз. Соғыс дабылы саябырлар емес. 
Мұхит толқынындай өрге шапшиды. Сарыны өктемдеп барады. 
Біраздан соң тықыршып, тыныш тұрмайтын қызба денелі Бозжанов маған: 
— 
Ақсақал! Бұл жерде неғып тұрмыз? — деді. 
— 
Алдағымен тілдесіп тұрмыз, — дедім мен оған қарамастан. 
— 
Мына сарынның сырын байқағалы тұрсыз ба? — деді ол тағы да. 
— 
Тыныш тұрғын! — деп бұрылмастан зекірдім. 
— 
Ия, ойыңызды бөлмей-ақ қойдым енді, — деді ол өкпелі дауыспен. 
Рахимов болса манадан бері тіс жармай тұр. Оған қарасам, ол ауыр ойға шомған тәрізді. 
Екі көзі алда. Алдағы орман жиегінде бірнеше жерден бұрқ етіп, қарақұрым шоқыланып, 
бес-алты құйын аспанға көтеріледі. Оның артынан лезде дабыл қаққандай тарс-тұрс етіп 
жаңағы жерді қопара көтерілген снарядтардың жарылған дауыстары естіледі. 
— 
Әне, көрдіңіз бе? Енді ол құлашын алдағылардан асырып бізге қарай сілтеді,— деді 
Бозжанов. 
— 
Енді алдағыларға шабуылын кешікпей-ақ бастайды,—деді Рахимов. 
— 
Апыр-ай, әлгі илеуден кейін, естерін жинап қарсы алуға мұршалары келмей 
қалмаса игі еді, — деп Бозжанов тыпыршиды. 
— 
Хабибулла, сен барып телефонмен алда не болып жатқанын білші, — деп мен 
Рахимовты штабқа жұмсадым. Ол шұғыл бұрылып кетіп бара жатқанда: — егер алда 
шабуыл басталса, дайындық туралы тиісті бұйрықтарды бере бер,— дедім оған. 
— 
Жарайды, жолдас комбат. — Ол бұрылып: — сізге қалай хабарлайын? — деп 
сұрады. 
— 
Біз кешікпей-ақ қайтармыз. 
— 
Ойпырмай, ақсақал, алда ойран соғыс болып жатыр-ау, ә, — деді Бозжанов. 
— 
Оның ойы бізді бомбалап - бомбалап, есімізден тандырып, үстімізден аттап, алға 
жөнелмек қой, — деп оған алдыңғы күнгі генералдың ой-пікірлерін айттым.


76 
— 
Жарықтық, біздің генерал өте зерек кісі ғой, — деді Бозжанов әңгіменің аяғында. 
— Дұшпанмен тілдескендей тапа ойының үстінен шыққанын қараңызшы...—Генералдың 
болжауы дұрыс шықса, енді ауыр салмақ бізге түспек. Ол не бүгін кешке, не ертең азанда, 
— дедім оған мен келе жатып. 
— 
Ол кісінің біздің батальонға сенемін дегені, бұйрықтың барып тұрған зілдейі екен, 
ауыры екен, — деді ол біраз ойланып. 
— 
Ия, солай, Жолтай, ауыр жүкті нар көтереді. Бізді сынар сағат алда, қашық емес. 
Ал, енді сен жігіттерге барып, барлық жағдайды оларға түсіндіріп айтқын. 
— 
Жарайды, жолдас комбат, — деп ол оң жақтағы орға бұрылып кетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет