Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқас (роман)



Pdf көрінісі
бет29/45
Дата19.05.2023
өлшемі1,68 Mb.
#94921
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   45
МАМАНДЫҚ ҚҰШТАРЛЫҒЫ 
Ұрыста тағы да бірнеше күндер өтті. 
Бірде жығылып, бірде жығып, бір сүрініп, бір сүріндіріп жүрсек те, жеңеміз деген сенім 
бізде мол. Айбаттанған күші басым зұлым жау сағымызды сындырып, көңілімізді жасыта 
алмады. Арпалыса, айқаса табан тіресіп, қарсыласа жылжи - жылжи, ноябрьдің ақырғы 
жаңасында Крюково селосының айналасындағы орманға келіп бір-ақ тірелдік. Сол маңда 
жау да, біз де барлық күштерімізді жұмсап, жағаластық, тайталастық. Екі жағы да аянған 
жоқ. Село Крюково, станция Крюково сол себептен біздің есімізде қалды. Бүл шепте 
біздің полк көпке төтеп бере алмады. Жаудың басым күштері шабуыл үстіне шабуылдап, 
бізді тықсыра - тықсыра барып, Александровка, Каминка селоларын басып алып, екі 
бүйірімізден қысып, маңдай алдымыздан соғып, бізді бірте-бірте ығыстыра берді. Тек 
кешке қарай, ымырт жабылуын пайдаланып, Крюковоның іргесіне тақап барып бекініп 
алуға мұршамыз зорға жетті. 
Біздің полктың оң жағында Шехтман басқарған, сол жағында Стариков басқарған полктар 
да бізбен шынтақтаса, иін тіресе бекіністі. Соғысқа кіріскелі көршілерімізбен бірінші рет 
қана қоян-қолтық отырып, қатар бекініскеніміз осы еді. Дивизия соғыса, қатарын 
шумақтай, қабаттаса caп түзеп бекінуіне қарағанда, алдағы қауіп бұрынғыдан да зор 
көрінеді. 
Будан бұрын өткен отыздан аса шайқастар қатарымызды едәуір сиреткенін де байқаймыз. 
Рота, батальондарда адам саны азайса да «атын жоғалтпаймыз» деген оймен олардың 
номерлерін сақтадық. Саны аз болса да, сыннан өткен сенімді, сапалы жауынгерлер. 
Қазір архив материалдарына көз салсақ, дивизияның бұйрықтарында сол кезде біздің 
полкқа қосымша күштер берілген екен деп ұғынуға болады. Сол кездегі бұйрықтарда коп 
әскер бөлімдерінің аттары аталады. Бірақ олар сан жағынан да, сапа жағынан да өте 
жұпыны болатын. 
Есіме бір кезең түсіп отыр. Соны ғана айтайын. Менің бақылау пунктіме орта бойлы, 
тұнық, көк көз аға лейтенант келіп: 
— 
Мен 135-ші айрықша танктер батальонының командирімін. Сіздің қарамағыңызға 
келдік, — деді. 
— 
Батальоныңызда қанша танктеріңіз бар? 


181 
— 
Бір «Т-37», — деді аға лейтенант темен қарап. 
— 
Өте күшті батальон екенсіздер. Ал қару - жарақтарыңыз қанша? 
— 
Танктің пулеметі кеше ғана бұзылып қалып еді. 
— 
Ал менен сізге не керек? 
— 
Біз сіздің қарамағыңызға келдік қой. Қайда жұмсасаңыз да өзіңіз білесіз. 
— 
Бүгін тамақ іштіңіздер ме? 
— 
Жоқ, әлі тамақтанғанымыз жоқ. 
— 
Онда біздің штабтың асханасына барып, бір тойып алыңыздар. Сізге одан басқа 
жауынгерлік тапсырма бере алмаймын, жолдас аға лейтенант, — дегенімде комиссар қарқ 
- қарқ; күліп жіберді. 
— 
Одан кейін ше? — деді қызара бөртіп аға лейтенант. 
— 
Одан кейін «Т-37-іңізді» жөндеуге, жақындағы бір базаға барыңыз! 
Менің қарамағыма ол күндері жаңағы «танк батальонынан» басқа бірнеше әскери 
бөлімдер де келіп қосылды: он қылышы бар «атты әскер эскадроны», жиырма сапері мен 
отыз минасы бар «саперлер батальоны», екі зеңбірегі бар «жеке артиллерия дивизионы»... 
— 
Маған әскери бөлімдердің аты мен номері керек емес, сапасы мен күші керек. Бұл 
не деген сұмдық! Келгендердің барлығы өңкей жалаң аяқ, жалаң бастар! — деп мен бір 
жолы ызаланып, комиссарға ақырып жібергенімді өзім де сезбей қалдым. 
— 
Тұра тұр, командир, сабыр түбі сары алтын деген емес пе... Сен мені сабайтын 
түрің бар ғой, — деп күліп, Петр Васильевич мені тоқтатып, біраз ойланып отырды.
—Меніңше, әзірге осыған да шүкірлік ету керек. «Жалаң аяқ, жалаң бастар» отқа түсіп, 
суды кешіп өткен нағыз батырлардың жұрқасы. Олардың біреуін мыңға балау керек. 
Меніңше, күш те, әскери техника да артта қорланып, оз кезегін күтіп жатыр. Мен солай 
ойлаймын. Егер де сен сияқты әр полк командирі наразылық білдіріп, шатақ шығара 
берсе, не болмақ?! 
Мен қарап үн қатпадым. Біздің полктың штабы орман ішіндегі екі-үш үйлі Ново - Малино 
дейтін қонысқа орналасқан екен. Түн ортасы ауа бере мен алдыңғы шептен штабқа келдім. 
Маған бір үй даярлап қойған екен. Бөлмеге енді еніп, шешініп жантаса бастадым. 
Қораның исі мүңкіп түр. Бұрыштарында ағаштан істелген бірнеше жәшіктер көрінеді. 
Олардың ішінен тықыр естіледі. 
— 
Мына бөлмең қалай, жігітім - ау? 
— 
Бұл жер, жолдас командир, — деді Сулима, — бір ғылыми-зерттеу институтының 
тышқан, қоян, теңіз шошқаларын асырайтын, өсіретін үйі екен. 
— 
Ал оның иелері қайда екен? 
— 
О.сында. Үш баласы бар бір әйел —- аға ғылыми қызметкер көрінеді Самолеттер 
мен артиллерия төмпештей бастағанда балаларын жетектеп жертөлеге тығылған екен, әлі 
сонда жатыр. 
— 
Онда салқын ғой. Балаларына суық тиіп қалар, тезден мұнда шақыр! _.. 


182 
Бөлмеге орта бойлы,толықша реңді сары әйел кіріп келеді. Сыртқы бейнесі өте жұпыны 
Көздері кіртиіп, жүзі солғынданып, азап шеккен әйел. 
— 
Балаларыңыз қайда? 
— 
Балалар осында ғой, жолдас командир. Мені неге шақырдыңыз. Менің бір тілегім: 
мына бишара жәндіктерді далаға лақтырып тастатпаңыз. Олар бізге өте керек, құнды 
жәндіктер. 
— 
Оларды даладағы аязға лақтыру менің ойымда да жоқ. Алайда, бұларды бұрынырақ 
алып кету керек еді ғой. 
— 
Өзіміз де солай ойлап едік. Мен осылармен, үш баламен машина күтіп, жертөлеге 
тығылып отырғаныма үш күн болды. Иегі кемсеңдеп, әйел еңіреп жылап жіберді. 
— 
Жыламаңыз, жыламаңыз, құрбым. 
— 
Мені құрбым дейсіз бе? 
— 
Менің де жасым жаңа ғана отызға толды. Шамалас болуымыз керек. 
— 
Ал маған не демексіз? — деді әйел сұстанып. 
— 
Сізге мен қырындайын деп тұрғаным жоқ, құрбым, — дедім күліп. Әйел де күліп 
жіберді. — Ия, енді күліп отырып сөйлесейік. 
— 
Ия, оныңыз дұрыс қой. 
— 
Жағдай өте ауыр. Оған сіз түсінесіз. Атылып жатқан оқтар мен снарядтар баланы 
да, ананы да, мына жәндіктерді де аямайды. Майданның алдыңғы шебі екі-ақ қадам. Сіз 
дереу кетіңіз бұл жерден. 
— 
Қалай кетемін. Қалай тастап кетемін. Маған жәрдемдесіңіз, жолдас командир. 
— 
Жәрдемдесеміз. Даярланыңыз. Сізге енді кешігуге болмайды! 
— 
Фу, жолдас командир, егер маған бір деревняны көшір деп бұйырсаңыз, ол оңай 
орындалған болар еді,—деді терлеп-тепшіп, ентігіп кіріп келген штаб бастығының 
жәрдемшісі Курганский. — Әйтеуір аттандырдық жаңағы әйелді. Балаларын көрпеге 
орадық, жәндіктерін сабанмен, пішенмен қоршадық. Жолазық тамақпен қамтамасыз еттік. 
Өзі қызық әйел екен: бізге сенбестен тышқандарын өзі көтеріп, өзі орналастырды, 
тышқандар мен қояндарды балаларымен бірдей көре ме деп ойлап қалдым, — деп Иван 
Данилович қарқ-қарқ күлді. 
—Мамандық құштарлығы, Иван Данилович,—деді комиссар. 
Демек, ол адал қызметкер. Ол — совет әйелі. Ол өз еңбегін, мемлекет меншігін сақтай 
біледі. Ол оз постысындағы ұстамды, табанды кісі екен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет