Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқас (роман)



Pdf көрінісі
бет31/45
Дата19.05.2023
өлшемі1,68 Mb.
#94921
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45
АҚ БАТА — ІЗГІ ТІЛЕК 
Жел саябырсып, боран тыныштана бастады. Жол бойындағы қыр төбесінде үлкен шіркеу, 
шіркеудің айналасы — өркеш-өркеш айдар жалды қар төмпешіктер. Бұл — өртенген 
үлкен селоның қар астында қалған жұртының орны. 
Карта бетін жермен салыстырып алу үшін мен қасымдағы жігіттермен шіркеуге қарай 
бұрылдым. Шіркеудің іші лық толған адам. Кемпір-шал, әйелдер, жас балалар, бір-біріне 
ығысып өздерінің жүктерінің үстінде отыр. Бір бұрышта үш аяққа ілінген шәйнектен бу 
шығады. Оның астындағы отқа қолын жылытқалы барған жас балалар бірін-бірі 
итермелеп, қолдарын әлсіз жалынға қарай созады. Шіркеудің қабырғаларында топтана 
ығысып отырған адам тобының үстінен көк көз Мұса пайғамбар, бұйра шашты, қара сақал 
Иса пайғамбар қолында талпынған сары сәбиі бар, мұңды тұнық көзді Исаның шешесі 
Мариялардың суреті (иконы) «Ей, бишаралар» деп қарап тұрғандай. Осы шіркеуді өз 
қолдарымен тұрғызған, «құдайларының» суреттерін өз қаражатына салдырған осы 
селоның ата-бабаларының «немере - шөберелеріміз осындай мүшкіл халде болады» деген 
түсіне кірді ме екен? Міне, сол селодан бір үй қалмай өртке опат болып, елдің барлығы 
шіркеуге тығылып, мүсәпір болып отыр. 
Біз кіреберістегі бос бұрышта карталарымызды жайып тұрмыз. Бізбен ешкімнің ісі болған 
жоқ. Әрі-беріден кейін көңіл бөліп қараған да жоқ. Бүгін күні бойы бізден бұрын да көп 
офицерлер мұнда болса керек —әбден көздері үйреніп қалған білем. Болжап, салыстырып 
болған соң, картамды бүктеп сыртқа бет ала бергенімде шіркеу төрінен: 
— 
Тұра тұр! Тоқтай тұр, командир! — деген бір әйелдің даусы естілді. Біз дағдарып 
қалдық. Отырған кісілердің тізелерінен, қаптарынан аттап, бізге бет алып келе жатқан 
әйел қолын сермеп: 
— 
Тоқта! Тоқтай тур, балам! — деп келеді. 
Қайсымызды «балам» деп шатастырып келеді екен дегендей, бір-бірімізге қарадық. 
Басында тоқыма жүн орамалы бар, үстінде тозған сең-сең жағалы кең сары тон, аяғында 
қос жамаулы киіз ұлтанды үлкен етікті егде тартқан әйел маған жақындап келіп, бетіме 
жасаураған көзімен күле тесіліп қарап түр. 
— 
Шынымен сенбісің, ей! — деп жеңімнен тартып қалды да, сенер - сенбесін 
білмегендей, тағы да тесіле қарап, — сенбісің? — деді де, жақындап қарсы алдыма тұра 
қалып: — Құдайға шүкір, 


191 
— 
деп ауыр күрсінді. — Демек, сен тірі екенсің ғой, балам! 
— 
Әзірше тірімін, шешей... Сіз мені кіммен шатастырып тұрсыз, шешей? 
— 
Жоқ. Сен мені әлі танымай тұрсың ғой, ә, — деп менің бетіме тағы да қарады. 
Көзіне көзім түсті. Мөлдіреген қара көзі сәл кінәлі жылт етіп: 
— 
Есіңде ме? Мен сені шапалақпен... 
— 
Есімде, шешей, есімде! — деп күліп жібердім. — Енді таныдым. 
— 
Енді таныдың ғой, ә? 
— 
Таныдым, шешей, таныдым. 
— 
Кешір мені, қарағым, егер кешіре білсең. 
— 
Мені де кешіріңіз, шешей. Менің бұйрығым бойынша өрт салынды емес пе? 
— 
Үйлері құрсын, дүниесі де құрсын! Сендерден қалғанын немістер тонал, өртеп 
кетті. Бәрінен де амандық артық екен, балам. Амандығың жақсы, шырағым! 
— 
Рахмет, шешей. Атыңыз кім? 
— 
Мені жұрт Вика апай дейді. 
— 
Толығынан ше? 
— 
Виктория Александровна. 
Қоштасуға ыңғайланып мен қолымды соза бергенімде: 
— 
Жоқ, мен сені шығарып, өз қолымнан аттандырам. Ол орамалын тартып, тонының 
түймелерін салып, маған жол берді. Сыртқа шығарып салды. Мен ат үстінен қоштасып
шаба жөнелгенімде: 
— 
Қош бол, балам! Жаратқан жар болсын! — деп айқайлады әйел. Мен бұрылып 
қарасам, Вика апай біздің соңымыздан қолын бұлғап тұр екен...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет