Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқас (роман)



Pdf көрінісі
бет37/45
Дата19.05.2023
өлшемі1,68 Mb.
#94921
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45
Байланысты:
199Бауыржан Момышұлы-Москва үшін шайқас 230330 123802

КОМИССАР ГУСЕВ 
Дуалға сүйене беріп. қалғып кетсем керек. Күтпеген жерден оқ зу-зу ете қалды. 
Қапылыста не болып қалды дегендей әркім өз орындарына жүгірісіп кетті. Мен 
орталықтағы бір сарайдың панасында тұрмын. Қарасам, тұманның ішінен қаптай шығып 
келе жатқан ақ киімді дұшпанның лектері жүре атып, оқ жаудырып келеді. Қалың оқ 
зуылдай жауып, бас көтертер емес. Біздің жақтан ешқандай қару-жарақ дыбыс қатпайды. 
Бұларға не болып қалды! Андап келе жатқан жаудың легін неге атпайды! Немістердің 
біреуі де жығылмай - сүрінбей қаптап келеді. Өздері тіпті жақын келіп қалды... Біз жақтан 
әлі үн жоқ. Жау бас көтертпей атып келеді... Мен ызаланып абыржып турмын. Бұрқақтана 
қорғасын бүркіп келеді. Қол астымда төтеннен жұмсауға резервім жоқ. 


211 
Командирлер қайда? Біздің жауынгерлер бас көтермейді, әлде неміс арбап келе ме? 
Азаннан бері қарды қопарып өзімізге көр қазып па едік деп тұрғанымда «ура» деп біреу 
жаныма қулай кетті. 
Қарасам, аласа бойлы, бет-аузын түк басқан, орта жасқа келген кісі, қолын көкірегіне 
қусыра қулап жатыр. Біздің дивизиямызға жақында, саяси бөлімнің бастығына орынбасар 
болып тағайындалған батальон комиссары Гусевті таныдым. Бұл қайдан келіп қалды. 
Оның аузы-мұрнынан қызарып қан көрінді. «Е, байғұстың аузынан тиген екен ғой» деп 
басын сүйей бергенімде ол қинала ыңырсып: 
—Мені қойғын, қалқам, соғысты басқар,—деді. Қайдан келіп қалғанын қайдам, жалт 
қарасам қасымдағының біреуі Мәлік. 
— 
Ойбай, Мәлік, аналарға тез жүгір. Қырылып қалмаса бастарын көтерсін. Келіп 
қалды ғой, — деп сөзімді аяқтағанша Мәлік автоматын серт ұстап, бұғып жатқан 
роталарға қарай тұра жөнелді. 
Жау басынып, айбынды келеді. Қаптап, жақындап келіп қалды... Ал, кешеден бергінің 
барлығы зая кетті деген осы деп жүрегім сұлқ түсе бергенде оң жақтағы бір шоқыдан 5-6 
автоматшылар жер астынан шыққандай, автоматтарын безілдете жүре атқылап келіп 
қалған неміс тобының ту сыртын ала ұрандап айқайлай тиісті. Бүйірден соғу қандай 
жаман: жау легінің сол қанаты жапырыла қулай бастады. «Айналып кетейіндер...» деуге 
тілім келгенше жаудың оң бүйірінен Мәлік бастаған жиырма шақты адамдар атқылай 
қарсы шапты. 
Мен алға бақтым, жау алдындағы окоптардан да дүркін атыстар басталды. Ентелеп, 
басымсынып келе жатқан жаудың солдаттарының шат шәлекейі шығып, кейбіреулері 
қалбалақтап оқ тиіп, мұрттай ұшып жатыр. Құлаққа ұрған танадай неміс топтары үш 
құйынның арасында әрі-бері шалқақтап, тірі қалғандары үріккен қойдай дүркіреп кейін 
шегіне қашты. — Аман құтылғандары аз, — деп қуана, Гусевтің басын сүйей жоғары 
көтердім. 
— 
Дұрыс, — деп ол әлсіреп көзін ашады. 
- — Халіңіз қалай, қай жеріңізден тиді? 
Жауап қата алмай Гусев көзі бозарып, қабағын жабады. Иығынан дем алып есінен танып 
жатыр. Мен жалма-жан оның омырауын ашып қарадым. Көкірегінде Россия Құрамасының 
депутаттық белгісі бар. Қолымды омырауына сұғып, арқасын сипағанында жонынан аққан 
жылы қанды сездім. Екі оқ оның өкпесін тесіп өткен екен. Санитарды шақырып алып, 
оның жарасын таңдырдық. Салқын ауа Гусевті қайтадан есіне келтірді. Синченко 
қалбалақтап айналып жарақаттының қасынан шықпайды. Жанындағы торсық - 
флягасының тығынын ашып, Гусевтің тірілгеніне қуанғандай. і 
— 
Мынадан бір-екі жұтыңызшы, жолдас комиссар, — деп Гусевтің аузына ұсынды. 
Ол екі жұтып барып қақалып, қолымен фляганы итеріп қағып демін ала алмай. 
— 
Фу! Не деген удай нәрсе еді, — деді. 
— 
Спирт, жолдас комиссар. Дәрігерлер дұрыс болады дейді... 
— 
Дұрысын қайдам, ішімді өртеп барады. 
— 
Мынаны асаңыз. — Синченко қалтасынан алып, тоңған майды ұсынды... 


212 
Гусевті тонға жылы орап, шанаға салып Мадияр екеуміз «жараның түбі қайырлы болсын, 
тез айығып кетіңізші» айтып қоштастық. 
Кетердің алдында ол бізге қарап: 
— 
Менің екеуіңізге бір тілегім — жауынгерлер мен командирлерге ұрыспадыңыздар. 
Соғыста кім саспайды. Ғабдуллинді батырлыққа ұсынуға болады, — деп сөзі әлсіреп, 
зордан аяқтай беріп. — Әрине ол менің ойымша ғана, —деді. 
— 
Ғабдуллинді батырлыққа... 
Кетіп бара жатқан шананың ізіне қарап тұрып Мадияр: 
— 
Иә, батырлыққа,—деп маған қарап. — Бала мінез, ер көңіл кішіпейіл біздің Мәлік 
тірі ме екен? — деп үрейлене сұрады. 
— 
Соғыс жаңа ғана саябырсыды ғой, адам жіберіп білейік, — дей бергенімде, бір 
көшенің арғы шетінен шаршаған бейнелі, екі қолы салбырап, жай қадам басын келе 
жатқан Мәлікті көрдік. 
— 
Ой, сен тірі жүрмісің! — деппін қуана сасқанымнан. Мәлік жымия, езу тартып: 
— 
Қайдам, соған өзім де түсінбей келемін, — деді. 
— 
Ерлік көрсеттің... — деп қасымдағылар барлығы Мәлікті қуана қоршап ортасына 
алды. 
Аспандағы сұр бұлттан күн көзі көрініп, ол да бізге қуаныш қосқандай жымыңдап 
жарқырап тур. 
Жау жағадан алып, қысылтаяң туып, ер сасқанда қиядан ұшып қырғидай тиген алтау 
кімдер екен? Оларды бастаған қандай ер? Ол кім? 
— 
Анау жақтан шыққан алтаулар кімдер еді? — деп Мәлівтен сұрадым. 
— 
Біздің ротаның жігіттері болар, — деп ол күмілжіп жауап берді. 
— 
Шын анық-қанығын білу керек!* Олар тірі ме екен? 
Мәлік бір нәрсе айтайын дей бергенде сол жақтан зуылдап тағы оқ жауды. Жау басқа 
бүйірден жаңа шабуылын бастады. Барлығымыз орын - орнымызға тура жүгірдік... 
Күн бойы шабуылдың артынан шабуыл. Біресе оңынан, біресе солдан, кезек-кезек әр 
әдіске салып, әр тұстан соғыс, бізге дұшпан өшіге тиіп, бар күшін салуда болды. Біздің 
жігіттер де тайталаса арпалысып, орнынан қозғалар емес. Дұшпанның шабуыл толқыны 
үсті-үстіне шығынға ұшырап, тойтарылуда... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет