Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқас (роман)



Pdf көрінісі
бет38/45
Дата19.05.2023
өлшемі1,68 Mb.
#94921
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45
ТӨЛЕГЕН ТОҚТАРОВ 
Тағы бір шабуыл тойтарылып аяқтала бергенде генерал келді. Қаймыға шегініп бара 
жатқан дұшпанды көріп, аттан түсе беріп: 
— 
Не қып тұрсыздар, аналарды өкшелей қумастан, — деп маған зеки бастады. 
;—Жолдас генерал, бізге бекінген орыннан қозғалу өте қауіпті, — дей бергенімде генерал 
санын бір ұрып күрсініп, тұрған жеріне отыра кетті. Әбден құсаланды білем, ашулы 
көзімен маған бір қарап, орнынан тұрып, бұрылмастан алға қарай жүріп кетті. 


213 
Мен тұрған орнымнан қозғалмай қала бердім. Генералдың соңынан ере жөнелді Мамонов. 
Мамонов генералға бастан - аяқ істелген істерімізді көрсетіп бір сағаттан кейін қайта 
ілесіп келді. 
Генералдың түндегі ызғары сынған, бұрынғысынан көңілді. Кінәлі түрде жақындап келіп 
маған: — Қарағым, қарт жаман ағаңды айыпқа бұйырмағын. Сәл, қызбалығым билеп 
кетіпті... Бірақ та барлық жағдайдың анық - қанығына жету өте қажет болды, -— деп басқа 
сөз қатпай аттанып жүріп кетті. 
Біз барлығымыз генерал қасындағыларымен бірге орманға енгенше, соңынан қарап 
тұрдық. 
— 
Ер көңілді, жігіт ағасы екен біздің генерал. Бұрын кім білсін, — деді Трофимов. 
— 
Ия, кішіден кішірейіп, кешірім сұрағаны, адамгершіліктің ең үлкен дәрежесі, — 
деді Мұхамедияров. 
— 
Қалай, жол-жөнекей генерал менің сілемді қатып па боқтаған болар, ә? — деп 
сұрадым Мамоновтан. Ол жымиып күліп:
—Жоқ, ең алғаш аздап кейіді. Соңынан аралап көріп жұмсарды. «Тағы не көрсетесіз?» 
деді маған. Мен оны тағы немістердің көбірек жатқан шетіне алып бардым. «Жоқ, 
шырағым, буларды мен көргемін» — деп менің айыбымды ашқан соң: «Енді сізге 
көрсетерлік ешнәрсе жоқ», — дедім. 
Барлығымыз Мамоновтың генералды алдаймын деп алдай алмағанына қарқ-қарқ күліп 
тұрғанымызда бір солдат келіп маған қағаз ұсынды. 
— Саяси жетекші Мәлік Ғабдуллин жіберіп еді, — деді ол. Дәптерден жыртып алынған 
бір жапырақ қағазға Мәлік қазақша «Батырлар тобын бастаған батыр Төлеген Тоқтаров 
екен...» деп жазыпты... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет