Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқас (роман)



Pdf көрінісі
бет40/45
Дата19.05.2023
өлшемі1,68 Mb.
#94921
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
АНДРЕЙ АЛЕШИН 
Кеш батып келеді. 
Қорғасындай сұр бұлт аспанда ауыр жылжып барады. 
Жел үлпек қарды көтеріп қуалай, борандата бастады. 
— 
Немістерден тынысымызды жаңадан тана ала беріп едік, міне сатан, жан шақыруға 
шамамызды келтірмей мынаның түнере қаптап келе жатқанын қарашы, — деді Мадияр 
сұқ қолымен алыстағы боранның қою сұрғылт құрамына қарай сілтеп, — әйтеуір әлек-
шәлегі кезекпе-кезек шытып тұрған әлем. 
Жаяу боран қарды буырқандыра жосылта қуып, біздің окоптардан асыра, суыра өтіп 
барады. 
— 
Мұның мықты күші әлі артта жатыр, ана құрдай қара бұлт ымырт жабылмай-ақ 
бізді түнере баспақ болар, — дедім мен. 
— 
Аяз қоршап, боран булықтырып, құйын қылғындырып, — деп Мадияр қиналып, — 
қап, тым құрымаса бір-екі сағат жігіттерге тыныс алар жағдай болмады - ау, — деп 
ызаланғандай жерді тепті. Оған ерегіскендей жел булыға үдей соғып, қар суырып, 
бұрқырай жөнелді. 


216 
— 
Мамонов, командирлерге мынадай бұйрық жеткіз: қыстақтағы үйлерге ешкім 
жатпасын. Барлық адамдар окопта түнесін. Еш жерде от жағылмасын. Қараңғы түн 
қараңғы бойында. Солдаттар тоңбау үшін астарына сабан төселсін. Әр онның үшеуі посты 
да, бесеуі ұйықтайды, екеуі күрекпен боран үрлеген қарды аршып, орды тазалауда 
болсын. Үш офицердің екеуі демалып, біреуі жатақты аралап бас-көз болып жүрсін. 
Осылай кезектесіп тынбай сергектік жасалсын. Барлаушылармен айналаға бақылау 
патрулін ұйымдастырыңыз. Әсіресе, Соколово тарапына сақ болыңыз. Бүгінгі түнге менің 
айтарым осы, — дедім
мен. Мамонов бетке соғып тұрған желге ықтағандай қынжыла бөгеліп: 
— 
Жолдас командир, жігіттер өте... — дей беріп еді. 
—- Не деп «өтелеп» тұрсыз! — деп мен оған ақырып жібердім, — мен оны білмей, я 
ойламай айтып гүр дейсіз бе? Сізге жақпай тұрғаны жылы үйге жатқызбағаным ғой. 
«Ұйқы өлімнің інісі» дегендей біз өткен түнде жауды жылы төсектен тұрғызбай бастық. 
Егер де біздің шаршап, бақайына дейін суық сорған солдаттарды жылы үйге енгізсек, 
кейіннен оларды зеңбірек атып ояту қиын болар деймін. Сондықтан жылы үйде жатуға 
руқсат жоқ. 
— 
Мамонов, сізге мен түсініп турмын, — деді Мадияр байсал дауыспен, — бірақ 
командирдің ойы дұрыс. Солай емес пе? — деп күлімсірей сұрағанда Мамонов та 
күлімсіреп: 
— 
Дұрыс, жолдас комиссар, — деп маған бұрылып беріп, — рұқсат етіңіз мен 
барайын, — деді. 
— 
Рұқсат, барыңыз. 
Мамонов жағасын түріп, түнге қамдану туралы жарлықты орындауға кетті. 
Оның киіз етігінің табан астында, аяғын басқан сайын қар кейде шақырлап, кейде 
сыңсылап, кейде сықырлап, ол дәл шынының сынықтарын басып бара жатқандай әр әнге 
салады. 
— 
Сенің зекіре сөйлегенің шамамда, оның біраз көңіліне ауыр тиіп қалды-ау, — деді 
маган Мадияр. 
— 
Байқаусызда аузымнан шығып кетті. Өзім де оныма өкінгендей болып турмын, — 
дедім мен оған, — мейлі ол, кінәмшіл жігіт емес. 
Біраздан соң Мамонов штаб офицерлерін ертіп, ор басына кетіп бара жатқанын көрдік. 
— 
Қаптап келе жатқан бұлттың қара құрымы жантая қисайып, батып бара жатқан күн 
сәулесін қара шымылдығымен жау ып кешті мезгілінен ерте түсірді... Жел үдей соғып, 
ыңырсып иығынан дем алып, үшкіре ұли бастады... Қарды түтеп, құйындап айналдыра 
соғып, жауар бұлт өрлегендей қар тозаңын тізеден асыра сілтеп белуарға жеткізді. Ордан 
шыққан адамдар белуардан боранның сұрғылт тұманына малтығып тұрғандай көрінді... 
Ілезде ол жоғарылап, сағымданып адамды бойлап бұға шөктірткендей қарауытып, 
тұмағын ғана көрсетті. Сағым сарып өткендей айнала кірпік қаққан сайын танауы 
тарылғандай қысқарып, қараңғы қоршап, қысып, ымырт жамылып келеді. Қыстың жарық 
күні бір тұтам, секунд сайын шегінуде. Шегіне, шегіне қабағын ауыр қорғасын басқандай 
айналаны қараңғы билен барады. — Дүниенің барлық бұрышы қараңғы. 


217 
Мадияр қас қарайғанда маған: 
— 
Ал, капитан, мен ошақтарды аралап шығайын, жігіттерге қазанда ыстық ас даяр ма 
екен, — деп жүріп кетті. 
Мен түн қамы туралы берілген жарлық қалай орындалып жатқанын өз көзіммен көрейін 
деген оймен ор басына кеттім. Табан астында қарлы жел алып-ұшып соғып, тәлтіректете 
сырғанатып қуады. Алда не бар, не жоғын болжап болмайды, тайып, сырғанап, сүріне 
жығылып келемін. «Көз қорқақ, қол батыр» дегендейін барлық сезімім аяғымда. Ой-
қырды болжайтын жалғыз аяғым - ақ. Сеземін аяғым қырлауға кездескендей болды. 
«Қырға шығайын» деген оймен аяғымның ұшын тірей басып екі-үш қадам баса бергенімде 
күтпеген жерден мені тартпадай тартып жер жұтып барады. Аяқ-қолыммен қарды 
қарманып істеген әрекеттерімнен ешқандай нәтиже жоқ. Зымырап төмен түсіп барамын... 
Аяғым барып қатқылға тірелгендей болды ма, жоқ, қолтығымнан асылдым да қалдым. 
— 
Ей, сен кімсің, бұл жерге сені қандай сайтан еліктіріп алып келді, — деген дауыс 
аяқ астынан шығады. — Уа енеңді пәлен қылайын, өгіздей денеңмен басып, 
шаңырағымды ортасына түсірдің ғой, — деп мені балағаттайды біреу. 
Қақпанға түскендей қалбалақтап, шынтағыма тіреле беріп түсіп кеткен жерімнен қайта 
шығайын деп әрі-бері ұмтылғанымда біреу аяғымнан ұстап тағы балағаттады. 
— 
Қыршаңқы жабағыдай аяғыңмен тепкілеген қандай жындысың, — деп ақырды жер 
астынан, — кел бермен, не қайтадан шық, —деп аяғымды бір ауыр нәрсемен әлінің 
барынша соқты. Малтығып жатқан мені көріп адъютантым маған қолын соза бергенде: 
— 
Мейлі, төменде жер астында жолығармыз, — деп қанатын түйген құстай екі 
шынтағымды бауырға қысып, төмен жылжып барып, қуладым. Аяғым жерге барып тиді. 
Қап-қараңғы үңгірдің ішіндемін. 
— 
Мұндағы кім боласың? — деп сұрадым мен. 
— 
Өзің кімсің? Алдымен жөніңді айтқын, — деді маған ашулы дауыс, — күн бойы 
терлеп-тепшіп істеген жатағымызды аюдай алпамса денеңмен опыра жойдың, құдай 
біледі, немістің бомбасы сенен мейірімді болар... 
Қалтамдағы шам-шырағымның түймесін басып, жарық бердім. Қардан қазылған үңгірдің 
бұрышында тымағын түсіре киген, ақ киімді еңгезердей жігітті көрдім. Қалта шамның 
сәулесі оның бетіне түскенде көзін жыпылықтатып, жарыққа қолын тоса қарады. Мені 
көрмеді. Қалта шамның жарығын әр бұрышқа жүгіре қарадым. 
Жерге салынған сабан төсектің үстінде солдаттардың жорық дорбалары қатар тізіліп 
қойылған. Мен өзім опыра түскендегі үйілген қардың үстінде тұрмын. ІІІам жарығын 
көтерсем, жаңағы мен түскен төсекте таңғала қарап тұрған адъютантымның келбеті 
керінді. 
— 
Секір бермен, мұнда азырақ тыныш көрінеді, — дедім мен оған. Ол тесіктен ырғып 
түсті. Үңгірдің іші тағы қарға толды. 
— 
Ей, сендер жын соққаннан амансыңдар ма? — деді еңгезердей жігіт. — Есі дұрыс 
кісілерге есік істелген. Сендер шаңырақтан секірген сайтаннан саусыңдар ма? 
— 
Не деп мыжып тұрсың, — деді оған адъютант. — Полк командирі екенін көрмей 
тұрсың ба? Солдат сасып қалып: 
— 
Мына қараңғыда кімді ажыратасың, — деді. 


218 
— 
Мейлі, жігітім, оқасы жоқ, — дедім мен оған, — ал есікті түңлік етсең сенің үйің 
баяғыдай болады, — деп есікті жапқан плащ-палатканы жұлып алып, адъютанттың 
қолына беріп,—шық жоғарыға, жап үңгірді түңлікпен, — дедім. Солдат пен адъютант 
ілезде үңгірді қармен плащтың шетін қапсыра жапты. 
— 
Ал, мырза, айып бізден, үзір-мәзір сізге, — дедім күліп. — Енді татуласайық
бүлінген нәрсе түзелді ғой. Ат-шапан айып, — дегенімде солдат қарқ-қарқ күліп жіберіп: 
— 
Оқасы жоқ, жолдас командир, ғапу етіңіз, — деді. 
— 
Ал, енді аты-жөніңді айта отыр, — дедім, — басқалар қайда, жалғыз не қып 
отырсың? Жауынгер жүгіне отырып: 
— 
Екеуміз сақтық посты да тұр, мен мына пананы бітіріп отыр ем. Қалғандарын 
сержант асханаға жаңа ғана алып кетіп еді, —деді. 
— 
Қыстақтағы үйлерге кімдер түнейді? — деп сұрадым, одан мен. 
— 
Мүмкін офицерлер бар шығар. Біздің тобымыз барлығы осында, қыстаққа 
жолағанымыз жоқ, — деді ол, — кеш бата бергенде аға саяси нұсқаушы Трофимов келіп 
бізге, сіз үйге орналасуға ешкімге рұқсат бермеді деп айтты. Ол кісі неміс келіп бізді ұйқы 
үстінде басып қалуы мүмкін деді. Бір түнге шыдаңдар, жігіттер, деп білген ақылын айтып 
кетті. 
— 
Дұрыс, ерім! Жолдастарың қайтқанда солай деп айтқын. Неміс түнде келіп ұйқы - 
тұйқымызды шығарып жүрмесін. Сергек болыңдар бүгін. Ал темекің бар ма, жігітім? — 
деп сұрадым одан. 
— Фрицтің сабанын олжалап тартып отырмыз, — деп ол күліп, қойнынан сигарет алып 
маған ұсынды. 
— 
Атың кім, ерім? — деп сұрадым мен, темекі тартып отырып. 
— 
Алешин Андрей, Павлодар өлкесіненмін. Қазақстаннан. 
— 
Ал, Төлеген Тоқтаров сіздің топтан емес пе? 
— 
Оған не болды, жолдас капитан? — деп, ол үрейлене сұрақ қойды. 
— 
Ол бүгін екі рет ата күш, ана сүтін ақтағандай ерлік істеді, — дедім мен. 
— 
Ия, ол ұстараның жүзіндей өткір жігіт... Олардың тобымен мен бір вагонда 
келгенмін. Өзіміздің кішіпейіл жігіттің бірі... Жайдары әңгіме қор біреу. Жол бойы өлең 
айтып, әңгіме айтып күлдіріп келіп еді. Сөздің майын тамызып сөйлейді. Ол онда 
шынында ішінде жалыны бар жігіт екен ғой, — деді Алешин сөзін аяқтап, біраз ойлап 
отырып. — Өзі тек жатпас деп ойлаушы едім, дұрыс, — деді өзін-өзі қоштап, — дұрыс, 
ерлік етсе онысы дұрыс екен азаматтың, — деп темекісін ернін күйдіре сорды. 
Төлегеннің өлімін мен Алешинге естіртпей, онымен қол алыса қоштастым, қар үйшіктен 
шықтым. 
Әркім өз орнында: кейбіреулері посты да, кейбіреулері орды тазалап, қарды аршып 
жатыр. Кейбіреулері кешкі тамақтан қайтып келеді. 
Мені дауысымнан таныған солдаттар мен офицерлер ордың қар дуалына сүйене тұрып 
қалып, маған қол беруде. 


219 
Кенеттен, жап-жақын жерден бірден сарт - сұрт етіп күн күркірегендей үш рет атыс (залп) 
естілді. 
— Не болып қалды? — деп постыда тұрған солдаттан сұрадым. 
—Жауынгерді жерлеп жатыр, — деді ол, дірілдеген дауыспен. 
— 
Қош, достым, жатқан жерің торқа болсын, серігім Төлеген, 
— 
деп жауынгер қамығып, тұрған жерінде қайғыра .Дүние иығынан ентіге булығып 
дем алғандай, жел тынысын ішіне тартып, боран жас жауынгердің қабырын қаба 
құшақтай, боздай соғып үдеген тәрізді. Жел Алтайдағы ананың арманды жоқтауын 
алыстан аңыратып алып келіп тұрғандай... 
Мен фонарымды өшіріп, қараңғыда қайғылы қиялда келемін. Көз алдымда бүгінгі өткен 
соғыстың сипаттары киноның пердесіндей, бірінен кейін бірі көрініп, аппақ қар үстінде, 
ақ киімді арыстандай жортып, ақ сұңқардай қанатын жайып, жау тобына төтеннен тиіп
қырандай қырған Төлеген Тоқтаров бастаған алғы жігіт көз алдымда елестейді... 
БӨГЕТ 
Қараңғыда адасып, қайғымен, боранмен арпалысып, қыстақ шетіндегі штабыма келдім. 
Штаб бұзылған мектепке орналасқан еді. Мектеп үйінен екі кішкене бөлмелер ғана аман 
қалған. 
— Бері жүріңіз, жолдас командир, бері жүріңіз, — деп мені көре салысымен атқосшы 
Синченко үйге ендіре беріп, — жолдас комиссар да осында отыр, — деді. 
Үй ортасында, кішкене темір пештің үстінде сақырлап қайнап құмап тұр. От басында 
қайнаған суды ернін күйдіре үрлеп ішіп Мадияр отыр... 
Менімен бірге суық бұрқырай кіріп, үйді буға толтырды. Синченко соңымнан лезде есікті 
жапты. 
—Келдің бе, мен де жаңа ғана зорға жеттім,—деді Мадияр, — ыстық су ішіп жанымды 
жаңа ғана шақырып отырмын, — шайды үсті-үстіне үрлеп, ішіп отырып. — Мен 
асханалардың барлығы таң атқанша ыстық су қайнатып, окоптарға шелекпен тасылып 
беріліп тұрсын деп бұйырдым. Мен орналасқанша қойын-қолтығы қарға толған Мамонон 
кіріп келіп, тымағының бауын ағыта беріп, баяндай бастады: 
—Барлығы бұйрық бойынша істеліп жатыр, жолдас командир, —деді қызарған бетіндегі 
еріген қарды қолымен сүрте күлімсіpeп, — фу, далада түтеп тұр, тыныс алдырар емес, 
қиямет-қайым мұндай болмас. 
— 
Бақылаушылар? — деп сұрадым мен. 
— 
Оларды шаңғыға мінгізіп аттандырдық. 
— 
Мына қараңғыда, боранда өзіміздің адамдар бірін-бірі танымай атып жүрмесін, — 
деп үрейленді комиссар. 
— Жоқ, жолдас комиссар, ол жағынан қауіптенбеңіз. Әр ротадан хабаршылар 
тағайындалды. Белгілі жерде кездесіп, белгілі жерде нысанамен танып, тіл қатысатын 
еттік. Барлық жатын ойлан, келісіп алдық алдымен, — деді кішіпейілді Мамонов. 


220 
Үстіндегі қарды қағып болып, ол орындыққа орналасты. Командирлер келіп қысқаша 
баяндап, кетіп жатыр. Пешке жақын, қызара жылынып отырған Мамонов планшеткасын 
алып, картасын шамның жарығына ұстап қарап:
— 
Жолдас командир, егер Соколово гарнизоны мына боранды пайдаланып, бүгін 
Соколовоны қалдырғысы келсе, менімше ол бізді басып өтеді, — деп сұқ қолымен 
картаны нұсқап көрсетті, — біз жаққа қарай мына даңғыл жол жап - жақын-ақ 4-5 
километр... одан басқа жол мынау... Бұл жол өте алыс, мұнымен орағытып жүріп, оны өз 
тобына қосылуына коп уақыт керек. Әрине, оған мына бізге алып келетін төте даңғыл 
жолмен тезірек оз тобына қосылуы ыңғайлы... — деп, Мамонов дұшпанның қимылындағы 
мүмкін боларлық болжауларын бізге орынды дәлелдермен айта бастады. Біз комиссар 
екеуміз оның сөзін бұзбай, тыңдап отырғанымыз оған қуат болып, ол дұшпан туралы, 
барлық ой-пікірін ағытып айта берді. Мамонов жұмбақ шешкендей, Соколоводағы неміс 
командирінің ішіне кіріп шыққандай, оның ойындағысын тапқысы келіп, «қайтер екен» 
деген болжаудың бірнешеуін салалап ойлап, ойын айтып отыр. 
Мамоновтың мұндай ойшыл сырын біз білмеуші едік. Ол іскер, адал, момын офицер еді. 
Сондықтан оның ой-пікірлерін біз таңдана тыңдадық. 
— 
Сіз жағдайды дұрыс бағалап отырсыз, жолдас Мамонов, дәлелдеріңіз орынды, — 
дедім мен. Ол оған қуана мақтағандай бұрынғыдан бетер жүзі жарқырап сөйледі. 
— 
Ия, Соколоводағы немістің халі өте қатерлі хал. Олардың бақытына мына түтеп 
тұрған боран... — деп мақұлдады комиссар. 
— 
Егер мына бүгінгі боранды пайдаланып, олар орнынан қозғалып кетпесе, жолдас 
комиссар, оларға ертең капут , — деді Мамонов. 
— 
Мына түнді пайдаланып, қараңғыда басып қалып, ол бүгін бізді капут етіп 
жүрмесін. Оның танктері бар ғой, алдымен танкін жіберіп, бізді інге қуып тығып, жатқан 
шұңқырымыздан бас көтертпей атқылап тұрып алып, төбеден басып өтіп кету оп - оңай, 
— дегенімде Мамоновтың түрі қауіптене, даусы бәсеңдей сөйледі: 
— 
Далада ат құлағы көрінбейді. Қайда көзден, кімді атарсың. Жау қайда, жақын қайда 
екенін шырттай қараңғыда қалай ажыратарсың, сүйкенбесе, жанай өткенді сезер түн емес. 
— 
Әрине, ол барлық ауыр техникасын орнында қалдырып тастап, адамдарын жеңіл, 
салт, жаяу, қараңғы мен боранды пайдаланып, бізбен байланыспай, соғыспай іргемізден 
өтіп кетуі де мүмкін. Барлаушыларды мына түнде алысқа жіберуге болмайды гой, — 
дедім мен. 
— 
Егер ол олай істесе, мүлдем жаман болар, құтылып кетті десеңізші онда оны, — 
деді Мамонов. Бұрын оның ойына ондай жағдайдың мүмкіншілігі болмау керек. 
— 
Жаудың солай істеуіне өте ыңғайлы бұл жағдай, — деп, мені комиссар мақұлдады. 
— Техниканы тастап, адамдарын құтқарып алып кету... Бірақ қайдам... Ол жүрсе 
техникасын ала жүреді. Не істесек болар екен? 
— 
Бері қараңыз, Мамонов, — дедім мен, — танкке қарсы біздің бір құралымыз бар. 
Бірақта оны құрау керек, —дегенімде, екеуі де маған таңдана қарады. Мен Мамоповтың 
қолындағы картасын алып Соколоводан бізге қарай келетін жол сызығын көрсетіп. — 
Мына жолды, мына орманнан шыға беріс жерінде қар үйіп бөгеу керек. Жолдың ені он - 
ақ метрдей. Жиырма шақты адамды күректерімен ертіп барып, тезден жолды бөгеңіз. Танк 
келіп қараңғы түнде тұмсығымен әрлі-берлі түрткілейді. Қараңғыда қайдан білсін, ол 
басып өте алмастай кедергі көрінеді. Жолдан ол бұрыла алмайды. Бұрса қарға малтығып, 


221 
бауырлап жатып қалады. Егер үйілген қарды тесіп өтсе өте берсін. Үйілген қардың 
іргесіне пулемет қойыңыз. Танк артында келе жатқан жаяулар тобын пулемет баж етіп 
беттен ала түссе, таң атқанша оларды орманнан шығармай әурелейміз... 
— Дұрыс! — деді екеуі бірден. 
— 
Солай етілсін, — деп қорыттым. — Ал енді бар, азаматым, жолды бөгетін. 
Мамонов тез киініп, адъютант екеуі шығып кетті... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет