Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқас (роман)



Pdf көрінісі
бет39/45
Дата19.05.2023
өлшемі1,68 Mb.
#94921
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45
Қоян-қолтық 
Кеше біз күн баға рекогносцировка жүргізген орманның шетінен бір топ адам көрінді. 
— 
Miнe, Клименко да келіп қалды! — деді Мамонов. 
— 
Батальонды орманға қалдырып, өзі маған келсін, — деп бұйырдым мен оған. 
— 
Синченко! — деп айқайлады Мамонов менің атқосшыма. — Бауырым, шауып 
барып Клименконың алдынан шық, оған командирдің бұйрығын жеткіз. Батальонын 
орманда қалдырып, өзі жылдам мұнда жетсін. 
— 
Түсінікті жолдас, капитан. 
— 
Ал, шап... 
Николай Синченко штаб начальнигінің бұйрығы бойынша Клименко келе жатқан жаққа 
құйындата шаба жөнелді. 
Кір-кір маска - халат киген, шаңғы мінген капитан Клименко алып - ұшып жетті. Бұл 
сұңғақ бойлы, әсем мүсінді, сұлуша украин жігіті болатын, үшінші батальонның 
командирі еді. . 
Ол асыға, аптыға баяндай бастады. 


214 
— 
Жолдас капитан, менің қарамағымдағы батальон сіз берген тапсырманы орындап, 
сіздің қарамағыңызға кайтып келді. 
— 
Сіз аздап бөгелдіңіз, жолдас капитан, — дедім мен оны кінәлағандай. 
— 
Айыптымын, жолдас капитан, — деді Клименко тікесінен тік тұрып. — Бөгелдік. 
Шынымды айтсам, мен сізге жетуге асығып-ақ бақтым, жолдас капитан. Әйткенмен, амал 
қанша, айыптымын. 
— 
Артиллеристер қайда? — деп сұрадым мен. 
— 
Жолдас капитан, артиллеристер қиын жағдайда қалды: аттар тартпады, байғұс 
жігіттер зеңбіректерді жабыла итереді. «Раз, два, шагом марш» — деп айқайлайды. 
Артиллеристер «шагом марш» деген кезде, аттар екі-үш қадам ілгері жылжиды да, діңкесі 
құрып қайта тұрады. Мен оларға көмектеспекші болды м... Әуреленіп жарты километрдей 
жер жылжыдық. Зеңбіректерді адамдар арқалап жүргендей болды. Дивизионның 
командирі маған: «Қайтейік, біз керекпіз, бізден гөрі сен керегірексің. Кәне, капитан, 
шаңғымен полк командиріне тарт» деді. 
Мен Клименкоға бұйрық бердім. Белгі сигнал жөнінде, жағдайдың өзгеруіне қарай оның 
батальоны қайда орналасатыны туралы келістік. 
— 
Клименко, тек кешіктіре көрме, бәрін тәртіп бойынша адалдықпен істеңдер. 
— 
Күмәнданбаңыз, жолдас капитан, мен де, менің адамдарым да сіздің айтқаныңызды 
екі етпейміз. Керек екен, демек, орындаймыз, — деді ол қоштасып тұрып. 
*** 
Күндізгі сағат үш. Түс қайтқан мезгіл. Қысқы күн көлеңкені ұзартып барады. Жау біздің 
позицияны атқылай бастады. Алыстан ірі зеңбіректер бізге оқ жаудырды. Оғының көбі 
Бородиноның үстіне түсіп жатыр. Ысқыра зуылдап келіп, жаңғырта жарылып, түскен 
жерін аспанға қопара көтереді. Бірнеше үйдің күлі көкке ұшып, быт-шыты шығып өртене 
бастады. Қыстақты қара түтін будақтай қаптап, орап алды. Бұрынғы сирек атыс үсті-
үстіне үдей бастады. Бородинодағы біздің адамдар айнала гүрсілдей жарылған снарядтан 
бас көтере алмай жатыр. Сабандай сабап, жүндей түтіп әлек-шәлегін шығарған қиямет-
қайым. Тал сол қыстақта түнере соғып тұрғандай қап-қара құйын. Түйдек түтін созыла 
жайылып, селоны қаптап алды... 
Немістер осымен алтыншы рет қарсы шабуылға шықты. 
Барлық қарсы шабуылдардың ішіндегі ең бір жанталастысы осы болды. 
Бүл жолы жау бұрынғыдай бытырамастан, жиналып топтана, ашына алғырт соқты... 
Бірінің артынан бірі қаз-қатар тізілген үш топ қарға омбылай, анталай басып келеді. 
Немістер қаптап жақындап келе қалды. Алыстан атқан ірі зеңбіректер құлашын ұзарта 
сілтегендей Бородинодан оқтарым асыра ата бастады. Менің алды-артыма да түсіп 
жарылып жатыр. Зу-зу өтіп, кейбіреуінің жаңқасы ызыңдап төбемнен ұшып өтеді... 
Кенеттен біздің пулемет ұзара атыспен жау бетінен ала түсті. Оны қоштағандай 
окоптардан да, әp жақтан атыс даусы шыта бастады. Кейбіреулері оққа ұшып, дұшпан 
қатарларының ыдырап, сиректегені байқалады. Бірақ та артындағылар ентелей басып 
жығылғандардың орнын толтырып келеді. Біздің пулеметтің үні өшті. Немістер жүгіріп 
атой салып, қыстаққа анталай ене берген кезде Бородиноға жетін қалған Клименконың 
батальоны жауға қарсы ұмтылды. Екі жақ араласып, анық жағалас, қоян - қолтық 


215 
төбелеске кірісті. Бірін-бірі атып, қолға түскен нәрсемен төпелеп, жағаласа арпалысын, 
ұйқы-тұйқы болып жатыр. 
Біраздан соң атыс саябырлап, шу ұлғая бастады. 
— 
Не боп қалды?! 
— 
Екі жақтың да қорамсақтағы оқтары біткенге ұқсайды. 
— 
Әне, қараңыз, найзамен шанышқыласып... 
— 
Мылтықтың шүйдесімен шоқпардай соғып... 
— 
Аналар жағаласа қулады, әне арпалысып жатыр... Оң жақтан жәрдемге жіберген 
топ Бородиноға жетіп қалды. 
— 
Гундилович! Сол жақтан тез көмектес. 
—Кетті, жолдас командир! —деп телефонмен жауап қайтарды. — Өртті сөндіруге де адам 
жібер, — дей бергенімде бір жас жігіт тұтқын немістерді айдап алып келді. Мен таңдана 
қарадым. Сол кезде менің ойымды бұзып, жеңімен маңдайындағы терін сүртіп, түтіккен 
Мадияр: 
— 
Алтыншы шабуыл да біткенге ұқсайды, — деп күрсініп, тұрған жеріне отыра кетті. 
— 
Ей, сен қайдан жүрсің маналы бері?.. 
— 
Ананың ішінде болдым, — деп Бородиноға қарады, — әйтеуір келгендері қайтқан 
жоқ. — Ентігіп түймелерін ағытып желпіне бастады. 
Сүмірейіп тұрған тұтқындарды Мамонов ертіп кетті. 
— 
Ия, әлгі Мәліктің ротасындағы Төлеген Тоқтаров мына арпалыста ерлік өліммен 
қайтыс болды, — деді Мадияр ауыр күрсініп. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет