Бауыржан момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасындағы қазақ халқының салт-дәстүрлері



бет2/12
Дата24.11.2022
өлшемі126,91 Kb.
#52425
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Бауыржан момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасындағы қазақ халқының салт-дәстүрлері (5)

Бауыржан Момышұлы қазақ халқының жанашыры, кеңес одағының батыры, халық қаһарманы, қолбасшы, көрнекті жазушы.Өткен ғасырдағы қазақтың біртуар азаматы, көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналып, онысын ақиқатпен ұштастырған, ерлігі мен өрлігі, азаматтығы елді ардақтаудың ең биік үлгісіне жетіп халықтың бетке ұстар ұлына, мақтан тұтар қаһарманына айналып кеткен Кеңес Одағының батыры Б.Момышұлы артына мол әдеби мұра, көркем дүние қалдырған, ұлтжанды, терең ойлы жазушы. Бауыржан атағын асқақтатып, бүкіл халыққа әйгілі еткен батырлығы десек ол туа дарыған және жүре дарыған асылы. Батырлық Бауыржанның ерлігі арқылы ғана емес, туа біткен мінезі мен тәлім-тәрбие арқылы жұғысты. Оның бала Бауыржаннан батыр Бауыржанға жету аралығында шыңдалу мектебімен қоса өзі жазған «Ұшқан ұяның» да әсері мол еді.

Бұл мемуарлық шығарма болғанмен көркем дүние. Мұнда жазушы тек өзінің өткен өмірі мен өскен ұясының тіршілігін нанымды суреттеп қана қоймай, он тоғызыншы ғасырдың соңы мен жиырмасыншы ғасырдың басындағы қазақ халқының әлеуметтік жағдайы, салт-дәстүр, әдет-ғұрпы, мінез - құлқын, тіршілік көзін, туған жерге деген ыстық махаббаты, қазақ халқына ғана тән дархандықты, қадыр - қасиетін дара танып, елеп екшеп көрсете алды. «Ұшқан ұя » да Аққұл сияқты ат пірінің, Зейнеп секілді асыл әйелдің, көкесі Момынқұл секілді аңқау қазақтың «арым жанымның садағасына балайтын» Бабаш «алдыңа келсе ағаңның құнын кеш» дейтұғын Текебай мен Қабылбек билер Асыл қасиетті әже Асқар тау Момыштың жан тебірентер бейнелері жасалған.Бұл кітабында халқымыздың үлкенді сыйлау,ата - ананы ардақтау сияқты асыл қасиеттері, қазақтардың ары мен намысы үшін жан аяспайтындығын ,халық ауыз әдебиетінің адамгершілікке, азаматтыққа тәрбиелейтін жақсы үлгілерін бүкіл дүние жүзі әдебиетінің асыл мұраларымен теңестіре суреттейді.

Соғыс кезінде Қазақстанға хат жазып, халық ақындарының айтысын ұйымдастыру керектігін, ұлттық киімдерді сақтау, үлкенді құрметтеу, ананы ардақтау, ағаны қадірлеу сияқты жақсы дәстүрлерді жаңғырту мәселесін қозғайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет