Бауыржан момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасындағы қазақ халқының салт-дәстүрлері



бет7/12
Дата24.11.2022
өлшемі126,91 Kb.
#52425
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Батаның тәрбиелік мәні зор. «Батамен ер көгерер жауынмен жер көгерер» деген сөз адамды ізгілікке, парасаттылыққа, мейірімділікке баулиды. Бата осы ұлы қасиеттерді тудырушы рухани мұраның бірі болып табылады. Бата көркем сөзбен, өлеңмен, шешендік тілмен, әсермен қол жайып айтылады. Батаны елге құрметті, өте сыйлы адамдар береді. Осындай жас сәбиге өркен жайсын, елдің қамын ойлар ер, халқы сүйген азамат болсын деген мақсатпен Имаш бабасы Бауыржанға берілген екі батасының да тәрбиелік - тәлімдік қуаты зор.

Тамырын тереңге жайып, біте қайнасқан халықтық салт - дәстүр мәңгі жасайды. Ол әр кезеңнің ыңғайына қарай өзгеріп, жаңарып, түрленіп, толыс заңды, бірақ қашанда халықтық сипатын сақтап қалары анық. Әр халық өнері мен мәдениетін, әдет - ғұрыпын бұзбай, сырлы күйінде сақтауға барынша құштарлық танытса, ол елдің ертеңін ойлағандық, кеңінен қамтып, кемел пішушілік.

  • Тамырын тереңге жайып, біте қайнасқан халықтық салт - дәстүр мәңгі жасайды. Ол әр кезеңнің ыңғайына қарай өзгеріп, жаңарып, түрленіп, толыс заңды, бірақ қашанда халықтық сипатын сақтап қалары анық. Әр халық өнері мен мәдениетін, әдет - ғұрыпын бұзбай, сырлы күйінде сақтауға барынша құштарлық танытса, ол елдің ертеңін ойлағандық, кеңінен қамтып, кемел пішушілік.
  • Қазақ халқының салт - дәстүрі - сарқылмайтын кең секілді. Ол халықтың қасиетті мұраларына айналып, бізге асылдың сынығы болып жетті.
  • Халқымыздың салт - дәстүрлері мен әдет - ғұрыптар тек рухани, мәдени жағынан ғана емес, сонымен бірге жас ұрпақ адам тәрбиесіне де үлкен қызмет атқаратынын естен шығаруға болмайды.
  • Ұлтымыздың осындай тәлім - тәрбиелік немесе сезімдік әдет - ғұрыптарының мәніне терең үңіліп қарап, сырын ашатын болсақ, одан өте көп ғибратты істерге қанық боламыз. Бұның халық педагогикасындағы, мәдениетіндегі, психологиясындағы көп салалы істің елеулі тармағы екеніне көз жеткіземіз. Сонда біздің ел - жұртымыз іспен, күшпен, ірі іс - қимылмен немесе пәтуалы сөзбен ғана емес, бет - пішінімен, дене қимылымен үнсіз отырып - ақ ойды, пікірді айқын танытып істі бітіре салатын болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет