Бауыржан момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасындағы қазақ халқының салт-дәстүрлері


Ғылыми жобамда Бауыржан атамыздың «Ұшқан ұя» туындысын зерттейтін боламын!



бет3/12
Дата24.11.2022
өлшемі126,91 Kb.
#52425
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Бауыржан момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасындағы қазақ халқының салт-дәстүрлері (5)

Ғылыми жобамда Бауыржан атамыздың «Ұшқан ұя» туындысын зерттейтін боламын!


КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
"Ұшқан ұя" шығармасындағы образдар жүйесі
Бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп оның сәби шағынан бастап-ақ кейінгі өмірінің қалыптасу барысының алғашқы баспалдақтарын жасаған. Немесе өзі атап көрсеткендей:
«Тәрбие адам бойында жақсы мінез-құлық қалыптастырады... Балаға
адамның, азаматтың бойындағы барлық жақсы, асыл қасиеттер ананың ақ сүтімен бірге берілуі қажет.
Бауыржанның қанатын қатайтып, биікке самғаған қыран болуындағы отбасының әсері қандай, ол қандай жанұядан өркен жайды?
Ана сүтімен бірге бітетін қасиеттерге ол осы шығармасында зеректік, ойшылдық және сезімталдықты жатқызады. «Мұны адам сатып ала алмайды, егер жүрегінде осы қасиеттердің ұшқындары болса ғана өмір, қоршаған орта оны не ұлғайта түседі, не өшіреді».
Бауыржан ұясынан көрген - білген, алған өнеге - тәрбиесін жазудағы мақсатының өзі де сол өзі шыққан биігінің тәрбие нәтижесі ғана емес, сонымен қатар бүкілхалықтық салт - дәстүрден, ұлттық мінезден нәр алғандығын "Ұшқан ұя" шығармасында барынша ашып берген.
Жаңа дүниенің есігін ашқан нәрестеге шілдехана жасалатыны жарқын дәстүріміздің бірі. Сол шілдехана жас сәбиге өмірге жолдама іспеттес бата беріледі. Баламның келешегі батамен көгеріп, өркен жайсын дегені болса керек. Халқымызда «батамен ел көгерер» деген қасиетті сөз бар. Бұл қазақтың сонау салт - дәстүрмен біте қалыптасып, астасып келе жатқан мұрамыз десек те болар.

Қазақтың салт - дәстүр, ата - мұраларынан нәр алған Бауыржаннан бір ұлттың болмысын көруге болады десек артық айтқандық емес.

Қазақтың салт - дәстүр, ата - мұраларынан нәр алған Бауыржаннан бір ұлттың болмысын көруге болады десек артық айтқандық емес.

Даланың кеңдігі, табиғат сұлулығы, балалықтың аңғалдығы, бәрі-бәрі баланың бойына сіңірілетін нәр болса керек. Бала ер жетер тұста әке әкенің, ана ананың міндетін атқарары сөзсіз Бауыржанға әкесі шыққан тегі, жеті атасын үйретуді парыз санаған. Онысы «жеті атасын білмеген жетесіз» болмасын дегені. Ал, әжесі болса, малдың «тілін» ұғуды үйреткен, жан - жануарлар туралы көп айтқан.Әкеден елтанудың алғашқы сатысын жеті атаны үйренуді бастаған Баукең адамдардың сырт сұлулығын сақтаудың ең басты жолы қандасына үйленбеу деп түсіндіреді. Бұған дәлел, қазақ халқының жеті атаға жетпей қыз алыспау дәстүрі. Сол себептен сұлулықты ол табиғаттың төл туындысы деп түсіндіреді .



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет