Бауыржан момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасындағы қазақ халқының салт-дәстүрлері


Енді «Ұшқан ұя» шығармасындағы салт - дәстүрлердің шығарманың өн бойында кездесуі, қолдануына жеке - жеке тоқталып өтсек



бет8/12
Дата24.11.2022
өлшемі126,91 Kb.
#52425
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Енді «Ұшқан ұя» шығармасындағы салт - дәстүрлердің шығарманың өн бойында кездесуі, қолдануына жеке - жеке тоқталып өтсек.

  • Шашу - қуаныш айғағы ретінде жасалатын салтанатты дәстүр. Бала туғанда, келін түскенде, алыс сапардан көп күткен жолаушы келгенде, құда келгенде т.б.с.с. зор жақсылық, қуанышты күндерде әйелдер құрт -кәмпиттен, күміс тиыннан шашу шашады. Шашылған шашуды тойға қатысушылар теріп алып, ырым қылып, балаларына апарып береді. Шашуды қазақта тек әйелдер ғана шашады.
  • Бесікке салу. «Әлди - әлди ақ бөпем, Ақ бесікке жат бөпем» (Бесік жыры) Бесік - қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Жаңа туған баланы бесікке салу да халқымыз үшін елеулі дәстүрдің бірі. Бесікке салу жолы үлкен, елдің тәрбиелі, өнегелі әжелерге, әйелдерге тапсырылады. Ол бесікті отпен аластап, тыштырма жасап алып, баланы бесікке бөлейді. Бесік үстіне жеті түрлі қадірлі таза заттар қойылады. Бесікке салған адамға бесікке салар, яғни кәделі сый беріледі. Осындай қуаныш үстінде бесік жыры айтылады.

Наурыз күні. Наурыз - ежелгі мәдениеті дамыған елдің бірі парсының «жаңа күн» деген сөзінен шыққаны белгілі. Бұл қазіргі күн бойынша наурыздың 22 жұлдызына сәйкес келеді. Қазақтар бұл күнді жаңа жыл, ырыс, береке, мереке, жыл басы деп есептейді. Ұлыстың ұлы күні жұрт жұмыс істемейді, сапарға шықпайды, іс тікпейді, басқа бір іс бастамайды, ешкімді ренжітпейді, ренжімейді, дауыс көтермейді, құрбан шалмайды, құран оқымайды. Бұл күні барлық даланы Қызыр ата аралайды. Наурыз мерекесі біздің халық мұсылман діні енбей тұрып қалыптасқан айтулы мерекелердің бірі. Баукең бұл жайлы: «Әр үйдің алдында үлкен қара қазан асылып, наурыз көженің иісі шығады. ЬІрыс алды, кеңшілік басы, молшылық жолы осы наурыз көжеден басталатындай, бұл күні еш әйел қазанына таршылық жасаған емес... Ел жаңа жылын, жарқын кезеңін осылайша ашық пейіл, ақжарқын көңілмен қарсы алады екен ғой».

  • Наурыз күні. Наурыз - ежелгі мәдениеті дамыған елдің бірі парсының «жаңа күн» деген сөзінен шыққаны белгілі. Бұл қазіргі күн бойынша наурыздың 22 жұлдызына сәйкес келеді. Қазақтар бұл күнді жаңа жыл, ырыс, береке, мереке, жыл басы деп есептейді. Ұлыстың ұлы күні жұрт жұмыс істемейді, сапарға шықпайды, іс тікпейді, басқа бір іс бастамайды, ешкімді ренжітпейді, ренжімейді, дауыс көтермейді, құрбан шалмайды, құран оқымайды. Бұл күні барлық даланы Қызыр ата аралайды. Наурыз мерекесі біздің халық мұсылман діні енбей тұрып қалыптасқан айтулы мерекелердің бірі. Баукең бұл жайлы: «Әр үйдің алдында үлкен қара қазан асылып, наурыз көженің иісі шығады. ЬІрыс алды, кеңшілік басы, молшылық жолы осы наурыз көжеден басталатындай, бұл күні еш әйел қазанына таршылық жасаған емес... Ел жаңа жылын, жарқын кезеңін осылайша ашық пейіл, ақжарқын көңілмен қарсы алады екен ғой».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет