Бауыржан момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасындағы қазақ халқының салт-дәстүрлері



бет5/12
Дата24.11.2022
өлшемі126,91 Kb.
#52425
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Бауыржан момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасындағы қазақ халқының салт-дәстүрлері (5)

Ел ішіне келетін ақындар ауыл адамдары үшін үлкен мереке іспеттес. Бұл ең сәтті, ең қызықты күн болып саналатын. Дүйім ел ақын түскен үйдің есік алдына жиналып, иін тіресіп тұратын. Үйге сыймағандары жабықтан сығалап, ал кейбіреулері ақынның үнін алыстан естігендеріне риза болып тарасатын. Адамның жан сарайын ашатын, рухани баюына жол сілтейтін осындай ғажап көріністер Баукең өзі еске алғандай: «Мен осынау халық қазыналарын алғаш рет ақындармен, көкем сияқты көзі ашық білімділерден сіңіргенмін. Солардан дәм татып солардан сусындағанмын».

Повесте Зәпира, Зәуре, Үбиан тағдыры да қазақ аулына ене бастаған жаңалық тынысын танытқандай әсерге толы. Үш әйелдің үш түрлі тағдыры, салт - санадағы, әдет - ғұрыптағы еніп жатқан өзгерістер - заман ділгірлігі туғыза бастаған жаңа лепті сездіргендей. Зәпира сұлу - теңдігі үшін алысса да ескілік салттың тегеурінді шырмауынан шыға алмай, торға түсіп сүйер күш таппайды. Өйткені «қалың малдың қара күші, ескі әдет, тырнағы у болып жабысқан ру қатынасының ұзын қолы Зәпираның алқымына да бұғауын мықтап салып бұрап тастаған еді». Ал Зәуре Зәпира тағдырына ұрынса да, теңдігін қорғап, өмір бұғалығынан құтылып кетуіне жаңа заман тудырған әлеуметтік күштің лебі жатыр.

«Өз басыңнан өзің ырғи алмайсың» дейді халық. Жазушы да өзінде бардан асып ештеңе айта алмайды. Және ол шығармаларында өзінің адамгершілік, азаматтық тұлғасын бар мүмкіндігінше беруге ұмтылады. Момышұлы шығармаларында да сол Момышұлы күйінде көріне білді. Және оның шығармалары бастан - аяқ тек тамаша бір қасиетке - шындық атты ұлы сөзге тіреліп жатады. Иә, Момышұлы айтты, айтпады, бірақ оның өтірік айтып, сүрінген жері болған емес. Адамға деген қалтықсыз сүйіспеншілік оның бітім - болмысымен біте қайнасқан айрықша қасиеті болатын.

"Ұшқан ұя"шығармасындағы қазақ халқының салт–дәстүрлерінің көрінісі

  • Бала тәрбиесіне, жалпы адамның қалыптасу жолындағы тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалыры мен ережесін жасаған халық -қазақ халқы. Оның балаға дүниеге келген күннен бастап берілетін тәрбие тәсілдері мен тәжірбиелері өте көп. Халықтың ғасырлар бойы жинаған мұрасы ұлттық тәрбие ісіндегі сәбилік кезінен біліп, ер жеткенге дейінгі салт - дәстүр, әдет - ғұрпымыз шығарма барысында бала Бауыржанның өсу деңгейімен беріліп отыр.
  • Перзенттің шыр етіп дүниеге келуі тек туған ата - анасының ғана емес, бүкіл ауылдың қуанышы болып есептеледі. Дүниеге келген сәбидің әкесінен «сүйінші» қуанышты хабарды жеткізу. Жеткізуші адам «сүйінші» деп сұрай келеді немесе эмоциясы арқылы, мәселен қуанышында шек болмай, я көзінен қуаныштың жасы ағып, жылап қалғыңыз келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі қалағаныңды ал дейді, яки оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл шын қуануды, ризалықтың белгісі. Сүйінші сұрау және сүйіншіге берілетін нәрсенің дәстүр бойынша ерсілігі жоқ. Мәселен; «Аққұлдың немере інісі Дембай ұлды болғанда, іштегі әйелдің бірі, жүгіріп шығып «ұлды болдың сүйінші» дегенде Дембай әлгі әлгі әйелді қалбалақтап кеп құшақтап алыпты да мойнына асылып емірене егіліп жылапты. Көптен күткен қуанышын осылай жария еткен екен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет