Бауыржан момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасындағы қазақ халқының салт-дәстүрлері

бет4/12
Дата24.11.2022
өлшемі126,91 Kb.
#52425
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Бауыржан момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасындағы қазақ халқының салт-дәстүрлері (5)

Қазақтың шешендік өнерін жоғары бағалаған Б.Момышұлы ұлттық мінезді бойына сіңірген ұлы адам, ұлы тұлға. Өркен жайған ортасы туралы: «Менің бірінші ұстазым, ненің жақсы, ненің жаман екендігін үйреткен профессорым, ақылшым - әжем. Әкем - дала интелегенті этнограф, тарихшы еді. Осы бірінші мектебім, бірінші университетім маған өшпес өнеге қалдырды» деуі өмірге жол сілтеген алғашқы құс жолы әкесі мен әжесі екендігін мойындағандық еді.

Қазақтың халық дәстүрін бойына сіңіріп батыр алған тәрбие мектебі міне осындай еді. Тәрбие ошағының өнегесі, берген тәлімі ұлттық салт-дәстүрге сай әже мен әке ықпалының әсері қазақ халқына Бауыржан сынды қаһарман, батыр ұлын әкелді.

Зейнеп Ахметова өз естелігінде былай дейді: «Ағыны жойқын тасқынды алақанмен сипап тоқтатуға бола ма?... Менің атам әділдік пен шындықтан сығылған алмас семсер болатын. Сезімтал жанды, өткір ойлы, табиғаты тәкаппар жаратылған өзгеше адам».

Б.Момышұлы шығармада ауылдың нәрлі кештерін, ондағы ақыл-кеңестің ордасы болған жиылыс әңгімелерді сыр қып шертеді: «Ауылда бас қосып байыпты әңгіме айтар кештер көп болушы еді. Мал өрістен қайтқан соң, ымырт үйірілгенше бір төбенің басына шығып алып үлкендер шүйіркелесер еді. Ел жаңалығы, күнделікті тірлік қамы, ертеңгі күннің еншісі - бәрі-бәрі бас қосуда ортаға салынатын. Егер әңгіме арқауы созылмаса қариялар балуан күрес, жаяу жарыс, тартыспақ сияқты ойындар ұйымдастырылып, қызығына мәз болып отырар еді. Қараңғы қоюланып көз байланарда бәрі үйді - үйіне тарасатын» Бауыржан ауыл өмірінің кешкі тыныс - тіршілігін, қозғалысын еске алады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет