Перзенттің дүниеге келуі үлкен қуаныш, баланы халық артта қалған із дейді, баласыз үйді қу молаға теңеуі де сондықтан болса керек.
Перзенттің дүниеге келуі үлкен қуаныш, баланы халық артта қалған із дейді, баласыз үйді қу молаға теңеуі де сондықтан болса керек.
1910 жылдың, жиырма төртінші желтоқсанында Бауыржан сәби болып дүние есігін ашқанда, әкесі Әулие ата (қазіргі Тараз қаласы) шаһарында болса керек. Сәби жаңа өмірдің есігін ашып жатқанда арнайы сол ауылдың тұрғыны Байтоқ деген кісі сүйінші сұрап барған. Бауыржан ол туралы: «...әкем жатқан үйге кіріп келіп, бір ауыз сөз айтпастан жылай беріпті» дейді. Бір жаманат болған екен деп бәрі үрпиісіп қалғанда, жеңешесінің ұл тапқанын жеткізгенге ұқсайды. Қалай жеткізсе де Байтоққа сүйіншісін беріп аттандырады. Тегінде халқымыз жақсы хабар әкелген адамға сыйлық ұсынған. Онысы бұл жақсылық «ұзағынан сүйіндірсін» деген асыл ойдан туындаса керек.
Әкесі Әулие атадан оралған соң, ауыл аймақ құтты болсынға жиналып, шілдехана тойға ұласады. Кей жерлерде шілдехананы шілделік деп те атайды. Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын - сауық той. Мұндай шілдеханаларға шақырумен де, шақырусыз да келе береді. Осында дүниеге келген сәбиге құтты болсын айтылады. Ол повесте былайша суреттелген:
- Баланың бауы берік болсын!
- Батыр бабасындай рухты болсын!
- Бәйдібектің әруағы қолдасын!
Құтты болсынның арты ұласып, жастар ойын - сауық құрап, той соңында қариялар нәрестеге бата берген.Ақ тілеудің белгісі - бата. Ол кез - келген жерде айтыла бермейтін, адамның рухани дүниесіне әсер ететін қасиетті ұғым. Мұның бірнеше түрі бар.