л, р әріптерінен басталып жазылып жүрген сөздердегі сөз
басындағы ілеспе (немесе қосамжар) ы, і дыбыстары да на-
зар аударады. Бұл күнде лақ, рет, рас, ру, лас, лек деп жазып
жүрген сөздеріміз бір кездерде ылақ, ірет, ырыс, ұру, ылас, ілек түрінде жазылып жүрді.Бұлайша жазудың,шынында да,
қисыны бар еді, өйткені осы сөздердің алдында айтылуда ілес-
пе ы, і дыбыстарының бары – даусыз.
Мамандардың зерттеулеріне қарағанда, р дыбысы түркі
сөздерінің басында келмейді. Көне түркі ескерткіштері тілінде
кездесетін р-дан басталатын 50 шақты сөздің бәрі араб, пар-сы,
санскрит тілдерінен енген кірме сөздер екендігі көрінеді
81
. Қазақ
тілінің орфографиялық сөздігінде (3-басылым, 1988) және
«Анықтағышта» ұсынылған орфографиялық сөздікте р әрпінен
басталып жазылып берілген сөздердің барлығы дерлік
– кірме тұлғалар, басым көпшілігі – радар, радио, ракета, ре- визор, рельс сияқты орыс тілі арқылы енген сөздер,қалғандары
– разы, рақым, рақат, рәсуа, рия сияқты араб, парсы сөздері,
тек ру, рет, рас, рай тәрізді 5-6 тұлға ғана – ұру, ірет, ырас, ырай деген төл сөздердің жоғарғы топқа қолдан жетелеп әкеп
қосылғандары.
Бұлардың барлығында, тіпті орыс тілі арқылы енген радио, рельс, роман сияқты сөздердің өзін қазақша сөйлеу актісінде
айтуда сөз басындағы р дыбысының алдында ілеспе ы, і ды-
быстары орын алады. л -дан бастап жазып жүрген сөздеріміз
де – осы сияқты: көбі – кірме сөздер (лаборант, лазер, лек- сика), ал араб,парсы тілдерінен еніп, «қазақыланып кеткен»
немесе қазақтың төл сөзі деп табылатын тұлғалардың да жа-
8