Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет101/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   151
 Талипов Т. Т. К истории употребления фонемы (р) в тюрских языках // Вопросы
казахской фонетики и фонологии. - Алма-Ата, 1979. - С. 158.
224


зылуы қолдан жасалынды, сондықтан айтылуда  ылай,  ылақ,
ылау  болып  айтылады.  Бұл  топтағы  лүп,   лүпіл,   лық  (толы),
лып-лып  сияқты  ү,  ы,  і  дыбыстарымен   буын   құрайтын
сөздердің  басындағы ілеспе дауыстылардың айтылу (естілу)
сапасы (күші) алдыңғы топтан төмендеу екенін жай құлақпен
де байқаймыз.
Сөздің   жазылуы   мен   айтылуына   келгенде,   қайшылығы
көрініп, біраз пікір таласын туғызып келе жатқан тұстың бірі
–  ж,  ш  дыбыстарынан   кейінгі  а,  ә  дыбыстарының   орфограм-
масы мен орфоэпиясы. Тек қазақ тілі емес, жалпы түркі тіл-дерін
зерттеген   мамандар   сөз   басындағы  ш,  ж  (дж)  мен  й
дыбыстарының   ортасында   келген  а  дыбысы   жіңішке   айты-
латындығын көрсетеді
91
. Қазақ тілінде де солай: шай, жай және
жай буынынан басталатын көп буынды жайғасу, жайдақ,
жайдарлы, жайнақы, жайнаң  т.б.  сияқты сөздер  шәй, жәй,
жәйдақ, жәйдарлы...болып айтылады, ал шай, жай деген бір
буынды сөздерге қосымша жуан жалғанады: шәй+ға кел
(шәй+ге кел емес), жәй+ы+ң+а қара (жәйіңе қара емес). Жай
дегеннен   басталатын   көп   буынды   сөздердің   барлығы   да   –
жуан   сөздер,   яғни   екінші,   үшінші...   буындары  а,  ы  жуан
дауыстыла-рымен   келеді.   Осы   зандылықты   ескеріп,   емле
сөздігінде шай, жай деген бір буынды сөздерді жуан а дыбыс
әрпімен жазу  ұсынылған. Соған қарамастан, айтылу (естілу)
заңдылығына   қарай   осы   сөздер   жеке   бір   буынды   болып
тұрғанда,   кейде   тіпті   оларға   жуан   қосымшалар   жалғанып
тұрған  күннің  өзінде  шәй,  жәй,   жәйдан-жәй,   жәйғасу  деп
жазу жиі кездеседі.  Сингар-монизм заңы бойынша, сөз тұтас
не   жуан,   не   жіңішке   айтылуға   тиіс   болса,   қазақ   тілінде
мұндай үндестік қатардың көрнекті түрде бұзылатын тұсы –
осы   жерде   тәрізді.   Мысалы,  жайдақ  шам  деп   жазылғанды
жәйдақ шам деп айтамыз, ал үндестік заңы бойынша, бұл сөз
не жайдақ, не жәйдек болып дыбыста-луы қажет қой.
Қазақ   сөздерінде   сөз   басында   немесе   ішінде   келген  ж
дыбысының айтылуында да ескеретін жайт бар. Эксперимент-тік
байқау қазақ әдеби тіл нормасында ж дыбысының таза аффрикат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет