Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы


СӨЗ САЗЫНЬІҢ КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ ПЕН



Pdf көрінісі
бет105/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   151
Байланысты:
5d21b037778db5f4e2d6b8a379180dda

СӨЗ САЗЫНЬІҢ КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ ПЕН
ӨНЕРДЕГІ МАҢЫЗЫ
Сөз сазы дегеніміз – сөйлеу актісінде сөз ішіндегі немесе сөз
аралығындағы   дыбыстардың   бір-біріне   әсер   етіп,   бірін-бірі   өз
ыңғайына   иіп   айтылуы   болса,   ол,   бір   жағынан,   сөйлеу
мүшелерінің жұмысын жеңілдетуге, әр алуан кедергіні кемітуге
ұмтылуын көздейді, екінші жағынан, сөз сазы айтылған сөздің
тыңдаушы құлағына жұмсақ тиіп, сөзге әуенді үн береді.
Тілдің   мұндай  үйлесімді  үндестігін  және құлаққа жағымды
әуенділігін   өлең   тілі   шебер   пайдаланады.   Мысалы,   өлең
жолдарындағы   сөздердің   буындарын   жеке-жеке   санағанда,   сол
өлеңге  тиісті   өлшемнен   артық   шығуы   мүмкін,   бірақ   айтылуда
дыбыстар   үндестігіне   сай,   өлеңнің   әр   жолының   (тармағының)
дәл 7-8 немесе 11 буын болып шығатыны еске алынады, я бол-
маса,  керісінше, кейбір сөздерге артық буын  қосылып айтыла-
тыны   ескеріледі.   Айталық,   Біржан   салдың   «Жанбота»   деген
өлеңі 11 буынды өлшеммен құрылған. Оның:
Жанбота, осы ма еді өлген жерім, 
Көкшетау боқтығына көмген жерің –
деген жолдарындағы сөздерді жеке-жеке алып
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
буындап санасақ: Жан-бо-та о-сы ма е-ді өл-ген же-рім бо-
лып 12 буын шығады. Ал айтылуда ортадағы сөздер осымеді
болып  ма  деген буынның соңғы дауыстысы мен одан кейін
келген еді сөзінің басқы дауыстысы кірігіп, ма-е-ді деген үш
буынның орнына ме-ді болып, екі буын айтылғандықтан, осы
өлеңнің өлшеміне сай 11 буын шығады. Бір ырғақпен айтыла-
тын   сөздердің   аралығындағы   екі   дауыстының   бірі
«жұтылып», өлең өлшемі дәл шығатын мұндай мысалдарды
көптеп келтіру-ге болады. Мысалы, Абайдың:
Аласы аз, қара көзі айнадайын, 
Жүрекке ыстық тиіп салған сайын, –
деген өлең жолдарының алғашқысы жазуда 12 буын болғанмен,
алдыңғы   сөздің   соңғы  ы  дыбысы   мен   келесі   сөздің   басқы  а
дыбысы кірігіп,  аласаз  болып айтылады да өлең өлшемі  дұрыс
шығады, Өлең жолдарындағы бір ырғақты сөздердің
229


арасындағы екі дауыстының бірі әрдайым «жұтыла» бермей-
ді:  егер  буын  саны  дәл  келсе,   мұндай  екі  сөз  бірінің соңы,
екіншісінің басындағы дауыстыны кіріктірмей, олар сақталып
айтылады. Мысалы, Абайдың:
Жаздың көркі енеді жыл құсымен 
Жайраңдасып жас күлер құрбысымен, –
деген   өлең   жолдарындағы  көркі   енеді  деген   сөздер   қатар
тұрғанмен бірінші (көркі) сөздің соңғы дауыстысы да, екін-ші
(енеді)   сөздің   басқы   дауыстысы   да   жеке-жеке   айтылады,
өйткені өлеңнің бұл тармағы осы тұрысында 11 буынды, олар-
ды   кіріктіріп   айтса,   10   буын   болып,   өлеңнің   өлшемі   де,
ырғағы да бұзылады.
Кейде   өлшемге   қажет   буын   саны   жетпей   тұрса,   «жедел
жәрдемге» ы, і дыбыстары «шақырылады». Мысалы:
Баянауыл басынан бұлт кетпес, 
Қиядағы түлкіге құсым жетпес, –
деген өлеңдегі бірінші тармақтың жолдарын жазылуы бойын-
ша санасақ – 10 буын, сондықтан бұл өлең айтылуда: ба-йа-
на-уыл ба-сы- нан бұ-лыт кет-пес болып, бұлт сөзі бұлыт бо-
лып дыбысталады. Бұл – алдыңғы екі дауыстының біреуінің
«жұтылып» кетуіне қатысты құбылысқа қарағанда, әлдеқайда
сиректеу   кездеседі,   дегенмен   қазақ   өлеңінің   сазында   орын
ала-тынын айтуға болады.
Қазақ   поэзиясы   ассонанс   пен   аллитерация   деп   аталатын
дыбыстар   біркелкілігінен   туатын   құбылысты   да   стильдік
мақсатпен   кеңінен   пайдаланады.   Өлең   жолдарында   немесе
қатар   келген   сөздердің   басында,   мақал-мәтелдерде,   тұрақты
тіркестерде,   монологтерде,   мақала,   кітап   т.б.   аттарында,   га-
зет-журналдардың айдарларында немесе тақырып аттарында,
қысқасы,   текст   ішіндегі   сөздер   біркелкі   немесе   бір-біріне
жуық   (мысалы:
 т-д, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет