Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет186/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   269
Дəндер  қабығының  күйі.  Дəндерді  микроорганизмдерден 

қорғайтын – оны  қаптап  тұратын  қабыршақтары.  Кейбір 

сапрофиттер  клетчатканы  бұзып,  дəндер  ішіне  өте  алмайды. 

Мықты,  күшті  дəндердің  қорғағыштық  қабілеті  (иммунитеті)  де 

жоғары  болады,  ол  паразиттің  организмге  тереңдеп  енуіне  жол 

бермейді.  Сондықтан,  микроорганизмдер  жарылған,  зақым- 

данған, əлсіз дəндерге түседі. 

Микроорганизмдердің 

өніп-өсуі 

дəндердің 

зақымдану 

сипатына  байланысты:  эндосперм  қабығының  жарақаттануы; 

ұрық  маңайындағы  қабықтың  жарақаттануы;  тіпті,  шамалы 

сызат-жарықтар  түскен  дəндер;  жарықтары  көп,  шытынаған, 

жарылған дəндердер. 

Микроорганизмдер  шабуылына  ең  осал  жерлер  бүтін,  сау 

дəндердің  ұрығы  болып  келеді,  өйткені  дəндердің  өзге  бөлігіне 

қарағанда, оның қабықпен қорғалуы тым нашар. Өйткені ұрықты 

жалғыз  ғана  тұқым  қабығы  мен  жұп-жұқа  клетчатка  қабыршағы 

ғана қаптап жатады. Оған қоса ол, əртүрлі қоректік заттарға бай 

əрі  микробтар  түсу  үшін  қолайлы  түрде  болады.  Ұрықты  зең 

басуы  оның  тіршілік  қабілетін  жоғалтып,  одан  əрі  бұзылуына 

əкеп соқтырады. Мұндай дəндер микроорганизмдер тарату ошағы 

болып табылады. 

Микроорганизмдермен  зақымданған  немесе  толығымен 

бұзылған  дəндердің  сау,  тіршілік  қабілеті  жоғары  дəндерге 

қарағанда, тыныс алуы күштірек. Соған сəйкес астық құрамында 

жарақаттанған,  зақымданған  жəне  бұзылған  дəндердің  болуы 

олардың  сақтау  кезіндегі  төзімділігін  төмендетеді,  өйткені  олар 

зиянды  микробиологиялық  ошақ  болып  табылады.  Сондықтан 

мұндай дəндер сақтауға қояр алдында бөліп алынуға тиіс. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет