Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет188/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   269
 

16.4.  Дəндерге микроорганизмдердің  

əсер етуі жəне астық сапасының төмендеуі 

 

Микроорганизмдердің  мөлшері  мен  түр  құрамының  өзгеруі 

астық  сақтау  жағдайына  байланысты.  Микроорганизмдердің 

көбеюіне қолайсыз жағдайда Ps.herbicola жəне басқа да спорасыз 

түрлерінің  жойылуы  жəне  зең  саңырауқұлақтары  мен  спора 

тудырғыш  бактериялардың  сақталып  қалуы  нəтижесінде 

микроорганизмдердің  саны  мен  пайыздық  шамасы  кемиді. 

Дəндерді  осындай  жағдайда  ұзақ  сақтағанмен  микробтар 

толығымен  өлмейді.  Тек  олардың  сапалық  құрамында  ғана 

өзгеріс болады, кейде қоршаған ортаның əсерімен үйіндінің əлде 

бір  жері  ылғал  тарта  қалса,  онда  микроорганизмдердің  жаппай 

қаулап кететіні де байқалады. 

Егер  астық  топтамасында  микроорганизмдердің  дамуына 

əлдеқандай жағдай туа қалса, онда ең алдымен, зең пайда болады. 

Олар  дəндер  ылғалдылығы  мен  ауаның  салыстырмалы 

ылғалдылығы  төмен  уақытта  да  өсіп-өнуге  қабілетті,  қолайлы 

температурада  болып,  төмен  температура  жағдайында  да (10-

20

о



С) жетіле алады; тыныс алуының аэробты сипаты бар, ол үшін 

жаңа  жиналған  дəндерде  қажетті  жағдай  бар;  дəндерді  қаптап 

жатқан жəне оның ішкі бөліктеріне орналасқан заттарға əсері зор 

ферменттер жиыны болады. 

Сонымен,  зең  саңырауқұлақтары  бактерияларға  қарағанда, 

тіршілік  жағдайына  онша  көп  талап  қоймайды,  дəндер  сақтауға 

қойылған бастапқы кездің өзінде-ақ күшті дамып, оның сапасын 

айтарлықтай  дəрежеде  өзгеріске  ұшыратады.  Саңырауқұлақ- 

тардың  жетілуін  тоқтату  оның  алдындағы  өніп-өсуінің 

зардаптарын  жоя  алмайды,  сондықтан,  дəндер  одан  əрі  сақтауға 

төзімсіз келеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет